Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Мемлекеттік білім беру гранттарының иегерлері 2025-2026 оқу жылы

07 тамыз 2025, Бейсенбі
Категориясы: Оқушыларға
Мемлекеттік білім беру гранттарының иегерлері белгілі болды

Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі 2025 – 2026 оқу жылына арналған мемлекеттік білім беру гранттарының иегерлері тізімін жариялады.

Қазақстан Республикасы Президенті Қасым - Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы бойынша экономиканың басым салалары үшін жоғары білікті кадрлар даярлау мақсатында білім беру гранттарының жалпы санының 60%- ы инженерлік және техникалық бағыттар бойынша бөлінді.

Конкурс қорытындысы бойынша мемлекеттік білім беру тапсырысы 99%- ға игерілді.

Биыл «Серпін» жобасы халық тығыз орналасқан өңірлердің жастары арасында үлкен қызығушылық тудырды. Конкурс нәтижесі бойынша 2 мыңнан астам грант иегері солтүстік, шығыс және орталық Қазақстанның жетекші жоғары оқу орындарына оқуға аттанады.

«Жалпы, «AMANAT» партиясының Сайлауалды бағдарламасын іске асыру жөніндегі Жол картасы аясында биыл 77 мыңнан астам білім беру гранты бөлінді. Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша шетелдің алдыңғы қатарлы университеттерімен әріптестік орнатқан шамамен 20 жоғары оқу орны студенттерді қабылдай бастады. Бұл — Қазақстанды өңірлік білім хабы ретінде қалыптастыру жолындағы маңызды қадам», – деді министр Саясат Нұрбек.

2025 жылғы мемлекеттік білім беру гранттарын тағайындау конкурсына шамамен 113 мың өтініш түсті. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 9 мыңға көп.

Сондай - ақ, гранттарды бөлу кезінде заңнамада белгіленген әлеуметтік осал санаттағы балаларға арналған квоталар сақталады.

Дарынды жастарды қолдау мақсатында халықаралық олимпиадалар мен спорттық жарыстардың жеңімпаздарына конкурссыз гранттар көзделген.

2025-2026 оқу жылы грант тізімін жүктеп алу бірінші сілтеме
2025-2026 оқу жылы грант тізімін жүктеп алу екінші сілтеме
2025-2026 оқу жылы грант тізімін жүктеп алу
5 847
0
  • 0
0 дауыс

Жаңалықтар
Әдістемелік нұсқау хат 2024-2025 оқу жылына арналған балабақшаға
Әдістемелік нұсқау хат 2024-2025 оқу жылына арналған балабақшаға
Жаңа оқу жылында Қазақстан Республикасының заңнамасына, Мемлекет басшысының және Үкіметтің тапсырмаларына, сондай - ақ Қазақстан Республикасында мектепке дейінгі, орта, техникалық және кәсіптік білім беруді дамытудың 2023 - 2029 жылдарға арналған
Әдістемелік нұсқау хат 2024-2025 оқу жылы
Әдістемелік нұсқау хат 2024-2025 оқу жылы
Оқу - тәрбие процесін ұйымдастыру бойынша нормативтік құқықтық актілер 2024 - 2025 оқу жылында білім беру ұйымдары білім беру процесін іске асыру кезінде Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңын, Қазақстан Республикасында мектепке дейінгі,
Білім гранты 2024-2025 жыл толық тізім
Білім гранты 2024-2025 жыл толық тізім
ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігінің ресми сайтында және әлеуметтік желілерінде 2024-2025 оқу жылына арналған білім гранты иегерлерінің тізімі жарияланды.
2022-2023 оқу жылының білім гранттарының толық тізімі жарияланды
2022-2023 оқу жылының білім гранттарының толық тізімі жарияланды
Ата-аналар мен жас талапкерлер асыға күтіп отырған жаңалық - бүгін 2022-2023 жылғы білім гранттарының тізімі жария болды. Барлығыңызға сәттілік тілейміз!
2015-2016 жылғы білім гранттарын алған түлектердің тізімі
2015-2016 жылғы білім гранттарын алған түлектердің тізімі
2015-2016 жылғы білім гранттарын алған түлектердің тізімі белгілі болды! Кіріңіздер, көшіріп алып өз фамилияңызды қарасаңыз болады. Барлық түлектерге тек сәттілік тілейміз! 2015-2016 оқу жылына 32 168 грант бөлінді. Гранттың 500-і жоғары оқу
2011 ж. Білім гранттарының толық нәтижелері
2011 ж. Білім гранттарының толық нәтижелері
2011 ж. Білім гранттарының толық нәтижелері Құрметті талапкер! Сіздерге 2011 жылғы білім гранттарының нәтижелерін ұсынып отырмыз. Тізім толық емес. Сондықтан тізімнен өз аты-жөніңізді таппасаңыздар, абыржымаңыздар. Толық тізім газет бетіне шығады.
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×