Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


КТЖ 2 сынып, қазақ тілінде

03 қазан 2019, Бейсенбі
Категориясы: Әдістемелік көмек
«Қазақ тілі» пәні бойынша 2 - сыныпқа арналған күнтізбелік - тақырыптық жоспар

Қазақ тілі (оқыту қазақ тіліндегі сыныптар үшін)
«Қазақ тіл» пәні бастауыш мектепте гуманитарлық білім берудің бастапқы өзегі болып табылады. Бастауыш мектепте «Қазақ тілі» пәнін оқытудың мақсаты – сөйлеу әрекетінің түрлерін: тыңдалым, айтылым, оқылым, жазылымды дамыту арқылы тіл туралы бастапқы білімді меңгерту және оны тілдік нормаларды сақтай отырып, оқу әрекеті мен күнделікті өмірде қолдану.

Әдебиеттік оқу
«Әдебиеттік оқу» пәнінің мақсаты – бастауыш сынып білім алушыларының көркем шығарманы сезіммен қабылдауы, түсінуі, санасында қайта жаңғырта алуы және шығармадан қабылдағанын өзінің шығармашылық әрекетінде жүзеге асыруға ұмтылуы арқылы функционалдық сауаттылығын қалыптастыру.
Оқу бағдарламасында әдеби - шығармашылық қабілеттерін дамыту қарастырылған.

«Математика» оқу курсының негізгі мақсаты – білім алушылардың математикалық таным негіздерін меңгеруіне және тиісті дағдыларын қалыптастыруына мүмкіндік жасау. Бұл оқу пәні қоршаған ортаны бейнелеу мен түсіну тәсілі ретінде қабылдауды дамытуға бағытталған және білім алушылардың қабылдауы мен танымын кеңейтуді, математика ғылымына қызығушылығын талап етеді.

«Дүниетану» оқу пәнінің мазмұны адам, табиғат және қоғам, оның ішінде отбасы, мәдениет, денсаулық, қарым - қатынас, ұлт, қауымдастық, мемлекет, қоршаған табиғи орта сияқты оқыту нысандарына тоғыстырылған.
Бұл оқу пәні негізгі және жоғары мектепте қоғамдық - гуманитарлық ғылымдар цикл пәндерінің негізін қалай отырып, олардың өзара байланысы мен тәуелділігі жөніндегі білім жүйесін құрайтын кіріктірілген пропедевтикалық пән.

«Жаратылыстану» пәнінің маңыздылығы жаратылыстану ғылымы бойынша білім беру бастауыш мектеп жасындағы білім алушылардың табиғи білімқұмарлығының дамуына, әлем туралы ой - өрісінің кеңеюіне, ғылымды түсінудің және қоршаған ортаны тұтастай қабылдауының дамуына, қоршаған ортаны қорғау және бағалай білу біліктерінің дамуына ықпал етуімен анықталады.

Бастауыш сыныптардағы жаңартылған оқу бағдарламасының ерекшелігі «Бейнелеу өнері» және «Еңбекке баулу» оқу пәндерін біріктіретін «Көркем еңбек» кіріктірілген пәнін енгізу болып табылады.
«Көркем еңбек» пәні бойынша жартыжылдық соңында және оқу жылының соңында «есептелінді»/«есептелінген жоқ» бағасы сынып журналына қойылады.

Жүктеп алу
6 692
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Функционалды сауаттылықты дамыту таңдау курсының күнтізбелік жоспары
Функционалды сауаттылықты дамыту таңдау курсының күнтізбелік жоспары
Ұсынылып отырған таңдау курсы Қазақстан Республикасы мемлекеттік стандарты және бастауыш сынып бағдарламасына сәйкес, жалпы білім беретін мектептің 4 - сыныптарына арнайы құрастырылған.
Тақырыптық – күнтізбелік жоспарлау 4 сынып
Тақырыптық – күнтізбелік жоспарлау 4 сынып
Тақырыптық – күнтізбелік жоспарлау Әдебиеттік оқу 4 сынып, Қазақ тілі 4 - сынып, Дүниетану 4 - сынып,
КТЖ 1 класс қазақ тілінде
КТЖ 1 класс қазақ тілінде
Күнтізбелік тақырыптық жоспар Пәні: Сауат ашу Математика Дүниетану 1 класс Жаратылыстану 1 класс Көркем еңбек 1 класс
Қазақ тілі пәні бойынша күнтізбелік - тақырыптық жоспар жаңартылған білім беру мазмұнына сәйкес
Қазақ тілі пәні бойынша күнтізбелік - тақырыптық жоспар жаңартылған білім беру мазмұнына сәйкес
Жаңартылған білім беру мазмұнына сәйкес қазақ тілі пәні бойынша күнтізбелік-тақырыптық жоспар
Күнтізбелік - тақырыптық жоспары
Күнтізбелік - тақырыптық жоспары
Күнтізбелік - тақырыптық жоспар 3 сыныптарға арналған
Қазақ тілінен 6 сыныпқа орта мерзімді жұмыс жоспары
Қазақ тілінен 6 сыныпқа орта мерзімді жұмыс жоспары
Қызылорда облысы, Қазалы ауданы Әйтеке би кенті, №165 С. Сейфуллин атындағы орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі. Жанпейсов Қуаныш Сейтқұлұлы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×