Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Fruits

29 қаңтар 2017, Жексенбі
Категориясы: Ағылшын тілі
Пән мұғалімі: Сарбасова Ж.
Білім беру саласы: «Қатынас»
Бөлімі Ағылшын тілі
Тақырыбы: "Fruits"
Мақсаты:
- Балаларды жемістердің атауларын үш тілде айта білуге үйрету, жемістердің түстерін ажырата білу.
- талғампаздыққа тәрбиелеу
- ағылшын тілін үйренуге деген қызығушылықтарын арттыру.
Қажетті құрал жабдықтар, көрнекіліктер ағылшын - орыс - қазақ сөздіктері, кубик, түсқағаздар, плакат, суреттер, видео.
Сөздік жұмыс Алма - яблоко - apple, банан - банан - banana, алмұрт - груша - pear, апельсин - апельсин - orangeІс - әрекет кезеңдері
Шаттық шеңбері
Good morning, Good morning
Good morning to you.
Good morning, Good morning
We are glad to see you!

- Қазір жылдың қай мезгілі?
- Күз мезгілінде қандай ерекшеліктер болады?
Мұғаліммен амандасады.

Балалар ынтымақтастық, достық қарым - қатынаста болады.

Мұғалімнің сұрақтарына жауап береді.
Күз – осень – autumn
Күзде жапырақтар сарғаяды т. б.
Ұйымдастыру - іздестіру Өткен оқу - қызметін қайталау
Count from 1 to 10 with help of block

Ғажайып сәт
- Есікті біреу тоқылдатып жатқан сияқты, көрейікші кім екенін.
- Балалар бізге қонаққа кім келіпті?
- Қызыл телпек бізге қандай себеппен келдің?
Қызылтелпек:
- Мен әжеме жеміс - жидектер алып бара жатырмын. Әжем Англия елінде тұрады. Менде бір қиындық бар. Мен жемістердің атауын ағылшын тілінде білмейді екенмін. Маған көмектесе аласыңдар ма?

Жаңа тақырып
Жеміс – фрукты – fruits
алма – яблоко – apple
банан – банан – banana
алмұрт – груша – pear
апельсин – апельсин – orange
Алманың түсі қандай?
Бананның түсі қандай?
Алмұрттың түсі қандай?
Апельсиннің түсі қандай?

Көз жұмбақ
Балалар көздерін жұмып кәрзеңкедегі жемістерді қолымен ұстап, атауларын атайды

Сергіту сәті
One, two, three,
Clap, clap, clap,
One, two, three,
Jump, jump, jump,
One, two, three,
Sleep, sleep, sleep,
One, two, three,
Sit down, sit down, sit down!

Балалар, қараңдаршы, қызыл телпек бізге сыйлық тастап кетіпті, қызыл телпекке не дейміз?
Суреттер арқылы топқа бөлу.

Орталықпен жұмыс
1) Өнер тобы
2) Әдеби тобы
3) Құрылысшы тобы
4) Шығармашылық тобы
Өнер тобы видеоға қарап отырып өлең жаттайды.
Apple is red
Banana is yellow
Orange is orange
Pear is green.
Two big apples
Under the tree
One is for you
One is for me
Әдеби тобы жемістердің суреттерін сәйкестендіріп, бояйды.
Құрылысшы тобы суреттерді құрастырады.
Шығармашылық тобы майда қағаздармен түстерді ажырата отырып апельсин мен бананды жабыстырады. Балалар кубик арқылы 1 ден 10 ға дейін санауды қайталайды.

Балалар қызыл телпекпен бірге жемістердің атауларын бірге айтып үйренеді,

Балалар мұғалімнің сұрақтарына жауап береді.
Алманың түсі қызыл
Қызыл – red
Бананның түсі сары
Сары – yellow
Алмұрттың түсі жасыл
Жасыл – green
Апельсиннің түсі қызғылт - сары
Қызғылт сары – orange

Мұғаліммен бірге қимыл - қозғалысты жасайды.
Орталыққа отырып әр топ берілген тапсырмаларын орындайды.
Қандай жұмыс жасағандарын түсіндіреді.
Рефлексивтік - түзетушілік Балалар мына ағаштар солып жеміс салмай жатыр екен, суаруға көмектесеміз бе?
Енді жеміс салуға көмектесеміз. Ол үшін столдың үстінде тұрған суреттерді алып әр қайсысын өз талына сәйкес жабыстырамыз.
Glue apples to apple’s tree
Glue pears to pear’s tree
Glue oranges to orange’s tree
Glue bananas to banana’s tree
Столдың үстінде тұрған жемістердің суреттерін алып әр қайсысын өз талына сәйкес жабыстырады. Жабыстыра отырып қандай ағаш талы екенін және қандай жеміс жабыстырып жатқанын ағылшын тілінде айтады.

Күтілетін нәтиже:
Нені білу керек: Ағылшын тілінде сөйлемді толық айтуды.
Нені игереді: Жемістердің түсін ажырата алады.
Нені біледі: Жемістердің атауларын ағылшын тілінде айтып түсінуді.
6 266
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Journey to history - Тарихқа саяхат
Journey to history - Тарихқа саяхат
Мақсаты - Aim: 1. тәрбиелік: Балаларды Отанды сүюге, туған жерді аялауға, қорғауға тәрбиелеу.
Astana is the heart of the country
Astana is the heart of the country
Мақсаты: балаларға Астана қаласының әсем ғимараттарымен таныстыру. Елорда туралы түсініктерін кеңейту, балалардың сөйлеу дағдыларын арттыру.
Жемістер - фрукты - fruits
Жемістер - фрукты - fruits
«Жемістер» тақырыбына байланысты білімдерін кеңейту, оларды дұрыс атай және ажырата алуға үйрету. Осы тақырып бойынша алған білімдерін сараптау. Жеміс - жидектердің адам денсаулығына пайдасы жөнінде түсіндіру. Олардың құрамы дәруменге бай екендігін,
Fruits and vegetables. Жемістер мен көкөністер
Fruits and vegetables. Жемістер мен көкөністер
Қарнақ ауылы, «Айша-Биби» бөбекжай балабақшасында ағылшын тілі мұғалімі Ш.Ташметова
Fruits and vegetables, Жемістер мен көкөністер
Fruits and vegetables, Жемістер мен көкөністер
Балалар бүгінгі біздің оқу іс – әрекетіміз жемістер мен көкөністер туралы болады. Сонымен қатар «What is this? Мынау не?», «What colour is it? Түсі қандай?» сұрақтарына жауап бере білуді үйренеміз.
Sport
Sport
Солтүстік Қазақстан облысы, Айыртау ауданы, Лобанов орта мектебінің ағылшын тілі пәні мұғалімі Сыйлыгул Захайқызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×