Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Ағылшын тілінен 5 сыныпқа арналған «ENGLISH BY HEART» таңдау курсы

27 қыркүйек 2019, Жұма
Категориясы: Ағылшын тілі
Ағылшын тілінен 5 сыныпқа арналған «ENGLISH BY HEART» таңдау курсы
Кіріспе сөз
«Қазақстан бүкіл әлемдегі халқы үш тілді пайдаланатын, мәдениетті елі ретінде танылуға тиіс.
Бұлар: қазақ тілі - мемлекеттік тіл, орыс тілі - ұлтаралық қатынас тілі, ағылшын тілі - жаhандық экономикаға ойдағыдай кіру тілі».
Н. Ә. Назарбаев

Ағылшын тілі – XXI ғасырдың тілі. Бұл тіл қазақты дүниеге танытатын, әлемдік деңгейге шығаратын тіл. Еліміздің шет елдермен қарым - қатынасымыз күшейіп отырған қазіргі заманда оқушылардың шет тіліне қызығуын, білімге құштарлығын ояту, танымдық белсенділігін арттыру басты міндет. Демек, оқушыларымыздың ағылшын тілін білуі – уақыт талабы. Шетел тілі қазіргі кезде заман талабына сай көптеген мектептерде 1 сыныптан бастап жүргізілуде. Бұл оқушы бойында ерте кезеңнен бастап ұлтаралық, мәдениет аралық бірлестікке дайындықтың қалыптасуына тікелей ықпал етеді. Шетел тілін бастауыш мектептен бастап оқытудың артықшылығы әрбір балаға психологиялық ойлауына, шет тілі сөзіне көңіл аударуына, түсінуіне оң әсер ететіндігі, содан соң негізгі мектепте білімін берік нығайтуын, білім сапасын арттыруға мүмкіндік беретіндігінде.

Ағылшын тілінен
«English by heart» таңдау курсының бағдарламасы
5 сынып
Түсінік хат
Ұрпағы білімді халықтың болашағы бұлыңғыр болмайды дегендей, жас ұрпаққа саналы, мән мағыналы, өнегелі тәрбие мен білім беру бүгінгі күннің талабы. Қазақстан Республикасының тәуелсіз елге айналып, әлемдік өркениеттің даму жолына түсу жолында, мектептерде ағылшын тілін оқыту жолға қойылды. Осыған байланысты ұлттық білім жүйесіндегі өзгерістер мен талаптарға арналған “Ағылшын тілін оқыту ” таңдау курсы 5 сыныпта сабақтан тыс, аптасына 1 сағат, барлығы 34 сағат жүргізіледі. 5 сыныпта ағылшын тілін оқытудың маңызы мен ерекшелігі – оқушыда оқу мен жазу дағдысының негізін қалау, оқушыларды сөйлемді түсінікті, мәтінді мәнерлі оқуға үйрету, сөйлеу тілін дамыту. Ағылшын тілін оқыту оқушылардың коммуникативтік даму біліктілігін, оқушылардың қызығушылығын ұйымдастыруға мүмкіндік береді. «Шетел тілі» пәнінің мектептегі басқа пәндерге ерекшелігі сол, ол тек тілдік білім жүйесін (фонетикалық, лексикалық, грамматикалық) оқытумен шектелмейді, ең бастысы шетел тіліндегі сөз әрекетін мәдиниетаралық қарым - қатынас құралы ретінде меңгертіп, нәтижесінде көптілдік және көп түрлі мәдениетті түсінетін тұлғаны қалыптастырудағы рөлімен ерекшеленеді.
Бұл бағдармала бойынша бағасыз оқу тәсілі қолданылады да, жарты жылдық сайын сынақ алынады. Ағылшын тілін оқыту оқушылардың коммуникативтік даму біліктілігін, оқушылардың қызығушылығын ұйымдастыруға мүмкіндік береді.

Мақсаты: Оқушыларға ағылшын тілін үйрету арқылы, оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттыру.

Міндеті:
• Бүгінгі заман талабына сай оқушыларды өз тілімен қатар, өзге тілді меңгеріп, игеруге баулу;
• Оқушыларға ағылшын тілі мен толық мәлімет бере отырып, сөйлеу, ойлау қабілеттерін арттыру;
• Тілді үйрету арқылы сол тілде өз ойын ашық жеткізе білуге машықтандыру;
Күтілетін нәтиже:
• Оқушылар өз тілін құрметтеуге үйренеді;
• Шетел тілінде сөйлеу қабілеттері қалыптасады;
• Өз білімін жетілдіреді;

Оқу пәнінің жалпы мақсаттары.
Оқушының жеке тұлға болып қалыптасуына және оның тұтастай дамуына ықпал ету, сөйлеу қызметінің негізгі түрлеріндегі қарапайым шеттілдік коммуникативтік құзыреттің қалыптасуы, оқушылардың эмоционалдық, шығармашылық, әлеуметтік, когнитивтік және тілдік қабілеттерін дамуы, ағылшын тілінде қарым - қатынас жасай алу негіздерін меңгеруі.

Сөйлеу
Монолог Оқушылар көрген - білгені жайында, белгілі бір тақырып, суреттер бойынша пікірін хабарлай, суреттей білуі керек. Оқушы монолог түрінде сөйлеу кезінде әр түрлі сөз үлгілерін қолданып, 10 – 15 сөйлем құрап айтуы тиіс.
Диалог Оқушылар мынадай жұмыстарды орындай білуі керек: диалогты бастай алуы және оны аяқтай білуі, белгілі бір жағдайға байланысты ақыл - кеңес беруі, ұсынысын айтуы, өзіне айтылған ұсынысқа қалай қарайтынын (келісетінін, келіспейтінін) білдіруі, мәлімет сұрай алуы, мәлімет бере алуы, ол жайында пікір алысуы.
Жазу Оқушылар суреттердің астына жеке сөздер мен қысқа сөйлемдерді жаза алуы, ашық хаттарға берілген үлгіге қарап өздеріне таныс тілдік материалдар негізінде қысқаша құттықтау жаза алуы тиіс (мерекемен, туған күнімен, т. б. құттықтау). Берілген үлгіге ұқсатып кішігірім хат жазады, өздері дұрыс жазуға дағдыланады.
Оқу
5 сыныпты бітірген оқушылар білуі тиіс
- затты сипаттап ( оның орнын, анықтама жаза алу, мысалы
суретке қарап, сынып бөлмесін т. б) жазу;
- мәтінге немесе суретке арқылы қысқа әңгіме жазу;
- тақырыптық мәтіндерді тыңдап - түсіну және сұрақтарға
жауап жазу;
Тыңдап түсіну
Оқушылар өз мұғалімдерінің сөйлеген сөзін және сыныптастарының, әріптестерінің бұрын үйренген, өздеріне таныс материалдарға құрылған, әр сөйлемшеде 15 сөзге дейін болатын, айтылу уақыты 3 минутқа созылатын және жай қарқында айтылатын сөз, сөйлемше, мәтіндерді түсінуге дағдылануы тиіс.
Тілдік тақырыптар:
• өзім туралы
• мектеп. үй. ойын
• жанұя мүшелері
• ай аттары
• дүкен
• өзім туралы
• мектеп. үй. ойын
• жанұя мүшелері

Потанин жалпы орта жалпы білім беретін мектебінің
ағылшын тілі пәні мұғалімі Талғат Гүлназ Талғатқызы

Ағылшын тілінен 5 сыныпқа арналған «ENGLISH BY HEART» таңдау курсы. жүктеу
10 763
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Қосымша білім беру курс бағдарламасы. «Sunny English» 1 сынып
Қосымша білім беру курс бағдарламасы. «Sunny English» 1 сынып
Түсінік хат Ағылшын тілі – XXI ғасырдың тілі. Ағылшын тілі қазіргі таңда халықаралық қарым-қатынас тілі және де дүние жүзіне кең таралған тіл болып танылады. Бұл тіл қазақты дүниеге танытатын, әлемдік деңгейге шығаратын тіл.
Ересек тобында ағылшын тілінен үйірме жұмысының перспективалық жоспар және Бағдарлама
Ересек тобында ағылшын тілінен үйірме жұмысының перспективалық жоспар және Бағдарлама
Ағылшын тілі – XXI ғасырдың тілі. Еліміздің шет елдермен қарым – қатынасымыз күшейіп отырған кезде балалардың шет тіліне қызығуын, білімге құштарлығын ояту, танымдық белсенділігін арттыру әрбір шетел тілі мұғалімінің міндеті.
Focus on Britain (Ағылшын тілі пәнінен 10 - сынып факультатив сабағының бағдарламасы)
Focus on Britain (Ағылшын тілі пәнінен 10 - сынып факультатив сабағының бағдарламасы)
Ағылшын тілі пәнінен 10 - сынып факультатив сабағының бағдарламасы, тақырыптық-күнтізбелік жоспары.
Сөз таптары. Зат есім.
Сөз таптары. Зат есім.
Сөз таптары бойынша бастауыш сыныптарда меңгерген білімдеріне сүйене отырып, зат есім туралы түсініктерін дамыту; сауатты жазу, оқу дағдыларын жетілдіру; оқушылардың белсенді ойлау қызметтерін жандандыру.
Үштілділік - заман талабы
Үштілділік - заман талабы
Шығыс Қазақстан облысы, Аякөз ауданы, Ақтоғай станциясы «Ақтоғай жалпы білім беретін орта мектеп» КММ Кітапхана меңгерушісі: Садыкова Гүлбаршын Әбділқызы
Ағылшын тілі пәнінен факультатив сабағының күнтізбелік - тақырыптық жоспары
Ағылшын тілі пәнінен факультатив сабағының күнтізбелік - тақырыптық жоспары
ШҚО, Ұлан ауданы, Мамай батыр ауылы, М. Ломоносов атындағы орта мектебінің ағылшын тілі пәнінің мұғалімі Абраимова Еркежан Мураткановна
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×