Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Ауыспалы осы шақ (Present Simple Tense)

29 қыркүйек 2018, Сенбі
Категориясы: Ағылшын тілі
Ауыспалы осы шақ (Present Simple Tense)

Осы шақ — әңгіме болып жатқан шақта болып жатқан оқиғалар мен іс - әрекеттерді сипаттайтын, күнделікті өмірде істейтін әрекеттерді сипаттайтын етістіктің шағы. Ағылшын тілінде осы шақтың 4 түрі бар (қазақ тілінде осы шақтың 2 түрі бар: ауыспалы осы шақ, нақ осы шақ):
1. Present simple (ауыспалы осы шақ);
2. Present continuous немесе Present progressive (нақ осы шақ немесе созылыңқы осы шақ);
3. Present perfect simple (аяқталған осы шақ);
4. Present perfect continuous (Present perfect progressive).
Жоғарыда атағанымдай екі тілдегі осы шақтың түрлері әр түрлі болып келеді. Қазақ тілі мен ағылшын тілінде сәйкес келетіндері: ауыспалы осы шақ (Present simple) пен нақ осы шақ (Present continuous). Бұл сабағымызда ағылшын тіліндегі осы шақтың осы алғашқы түріне тоқталамыз. Алдағы сабақтарда нақ осы шақ (Present continuous) тақырыбы қарастырылады. Ал одан басқа екеуі келесі деңгейдің сабақтарына жатады.
Present simple — ауыспалы осы шақ
“Present simple” тіркесін қазақшаға сөзбе - сөз аударатын болсақ, “жай осы шақ” деген мағына шығады. Жай осы шақ дегеніміз қазақ тілі грамматикасындағы ауыспалы осы шақ. Мысалы: ойнаймын, оқимын, келеміз, жүзесің, ойланады, …

Present simple осы шақта айтылатын қалыпты, күнделікті тіршілікте қалыптасып кеткен іс - әрекеттерді сипаттайды. Іс - әрекеттерге күн сайын істейтін ұйқыдан тұру (get up), жуыну (wash up), жүру (go), т. б. секілді етістіктерді жатқызуға болады. Кесте бойынша немесе күнделікті режимге кіретін әрекеттер де Present simple арқылы сипатталады. Мысалы: I get up at seven o’clock — Мен сағат жетіде оянамын (ұйқыдан тұрамын).
Ауыспалы осы шақтағы to be етістігі:
Жекеше → Көпше
I am → We are
You are → You are
He/she/it is → They are
Ауыспалы осы шақтағы to do етістігі:
Жекеше → Көпше
I do → We do
You do → You do
He/she/it does → They do

Present simple - дың болымды (Affirmative), болымсыз (Negative) және сұраулы (Question) сөйлемдері
Болымды түрі: He plays (ол ойнайды). || We speak English (Біз ағылшынша сөйлейміз).
Болымсыз: He does not play (Ол ойнамайды). || We do not speak English (Біз ағылшынша сөйлемейміз).
Сұраулы: Does he play (Ол ойнайды ма?)? || Do we speak English (Біз ағылшынша сөйлейміз бе?)?
Ауыспалы осы шақ (Present Simple Tense). жүктеу
7 234
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Present Simple
Present Simple
Грамматика английского языка. Урок 8. Present Simple.
Present Simple. Осы шақ
Present Simple. Осы шақ
Present simple шағына арналған жаттығулар
Ағылшын тілінен арнаулы курс бағдарламасы
Ағылшын тілінен арнаулы курс бағдарламасы
ПРАКТИКАЛЫҚ ГРАММАТИКА Ағылшын тілінен арнаулы курс бағдарламасы 11 класқа арналған
Present Perfect Continuous. Or Present Perfect Tense
Present Perfect Continuous. Or Present Perfect Tense
Present Perfect Continuous дегеніміз белгілі бір уақытта басталып және әлі де жалғасып келе жатқан шақты айтамыз. Оның көмекші етістіктері have / has been v+ ing. “Have” – I жақта қолданылады, ал “has” – III жақта қолданылады.
Ағылшын тілі пәнінің факультатив жоспары
Ағылшын тілі пәнінің факультатив жоспары
Ағылшын тілі пәнінің факультатив жоспары
Present Simple (осы шақ)
Present Simple (осы шақ)
Present Simple – аты айтып тұрғандай іс – әрекеттің дәл қазір болып жатқандығын білдіреді. Осы шақтың көмекші етістігі do/ does
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×