Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Су асты әлемі

27 сәуір 2019, Сенбі
Категориясы: Ағылшын тілі
Ортаңғы тобындағы ұйымдастырылған оқу қызметінің конспектісі
Конспект организованной учебной деятельности в средней группе
Өткізу күні/Дата проведения:
Тәрбиеші/Воспитатель:
Білім беру саласы/Образовательная область: Коммуникация
Пән/Предмет: Сөйлеуді дамыту
Өтпелі тақырып/Сквозная тема: «Мұхиттар мен теңіздер әлемі»
Тақырыбы/Тема: Су асты әлемі
Мақсаттары/Цели:
1. Тәрбиелік – воспитательная: Су асты әлемінің тіршілік иелеріне сүйіспеншілік сезімдерін тәрбиелеу.
2. Дамытушылық – развивающая: Тіл байлықтарын молайту, берілген сұраққа толық жауап беру қабілеттерін арттыру. Ұсақ саусақ маторикасын дамыту.
3. Оқыту – обучающая: Балаларға су асты әлемі туралы түсінік беру. Су асты тұрғындарын дұрыс атауға үйрету, сөздік қорын толықтыру. Су асты әлемінің суретін қарап әңгіме құрастыра білуге үйрету.
Педагогикалық технологиялар/пед. технологии: денсаулық сақтау технологиясы, ойын әдісі, сұрақ – жауап, әңгімелеу.
Ресурстармен қамтамасыз ету/Ресурсное обеспечение: Су асты туралы слайд, суреттер.
Билингвалдық компонент/Билингвальный компонент: су асты әлемі - подводный мир, балық - рыба, осминог - сегіз аяқ, теңіз жұлдызы – морская звезда

Ұйымдастырылған оқу қызметінің барысы
1. Ұйымдастырушылық кезеңі/организационный момент:
Ғажайып сәт: Балалар біз бүгін қызықты саяхатқа шығамыз.
- Бәріміз көзімізді жұмайық.(Балалар көздерін жұмады)
1 - 2 - 3 қатамыз,
Теңіз әлемін аралап.
Ғажайыпқа батамыз.
Енді көзімізді ашамыз.
Балалар қараңдаршы біз қайда келдік?

2. Негізгі бөлім/оснавная часть:
Интерактивты тақтадан су асты әлемінің суреті көретіледі.
Неткен керемет, жан жағымызға зер салып қарайықшы, нені көріп тұрсыңдар?
Балалар біз бүгін су асты әлемімен және оның тұрғындарымен танысатын боламыз.
Су асты тұрғындары туралы слайд көрсете отырып, жаңа сөздердін мағынасын түсіндіру.
Медуза – ол домалақ болып келеді, шар сияқты. Жалпақ келген, олар көбінесе улы, адам сақтану керек. Кей кезде адам денесіне тисе күйдіруі мүмкін.
Теңіз жұлдызы - жыртқыш, бір орында тұратын сияқты, бірақ ол теңіз түбінде әрқашан ақырын жылжып жүреді.
Атбасты балық - орташа балық. Оның басы атқа ұқсайды. Оның денесінде өсіп тұрған талшықтары жауларынан қорғайды.
Сегізаяқ - оның денесі алмұртқа ұқсайды. Ол түсін тез өзгерте алады. Жыртқыш, ұсақ теңіз балықтарымен қоректенеді, оның атына сай сегіз аяғы бар, теңіздің ең түбінде өмір сүреді.
Тасбақа - сауытына қарап бірден тануға болады. Олардың бәрі өсімдіктермен қоректенеді. Тасбақа құмды қазып жұмыртқа салады да оны көміп тастайды.
Кит - теңіздегі ең ірі сүтқоректі.
Қане балалар су асты тұрғындарын екі тілде айтайық.
Билингвалдық компонент: су асты әлемі - подводный мир, балық - рыба, осминог - сегіз аяқ, теңіз жұлдызы – морская звезда
Сергіту жаттығуы:
Балық болып жүземіз,
Шынығамыз суда біз!
Шынықсақ біз бәріміз,
Шымыр болып өсеміз!
Дидактикалық ойын:
«Суреттерді ретіне қарай топтастыр»
Ойынның шарты: Суда тіршілік ететін жануарлар мен жерде тіршілік ететін жануарлар суреттері берілген. Осы суреттерді ретіне қарай топтастыру қажет. Ол үшін теңіздің суреті бейнеленген суретке суда тіршілік ететін жануарлар суретін, ал жердің суреті бейнеленген суретке жерде тіршілік ететін жануарлар суретін топтастыру.
Жеке жұмыс: Амира сен қандай су жануарын таңдадың?

3. Қорытынды/итоговая часть:
Балалар айтыңдаршы біз бүгін қайда саяхат жасадық?
Онда нелерді көрдік?
Ендеше бүгінгі су асты әлеміне саяхатымыз сендерге ұнады ма? Алған әсерлеріңмен бөлісіңдер. Балаларды мадақтау.
Су асты әлемі жүктеу
7 140
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Жануарлар әлемі
Жануарлар әлемі
Жабайы және үй жануарларының ерекше белгілерін анықтап білуге үйрету; жануарлар туралы сипаттама әңгіме құрастыруға үйрету.
Бізге дәрігер қонаққа келді
Бізге дәрігер қонаққа келді
Балаларды тазалыққа баулу және салауатты өмір салтын ұстануға дағдыландыру. Балаларға дәрігер мамандығының не үшін қажет екендігін түсіндіру. ойын барысында қарапайым сөйлем кұрап, оны түсіндіріп, қайталай білуге үйрету.
Асты сызылған сөздердің лексикалық ерекшелігін анықта
Асты сызылған сөздердің лексикалық ерекшелігін анықта
Жиырмаға жете қойған жоқ әлі…— дейді де, Ержан қолын ақмойнаққа созады. Тағы сылқ - сылқ, тағы бүлк - бүлк… Ақмойнақ қырлы стакандарға тағы да еңкейді.
Су асты әлемі
Су асты әлемі
Жармағанбетова Гүлмира Қаламбекқызы
Су асты әлемі
Су асты әлемі
Шығыс Қазақстан облысы, Аягөз қалалық "№1 бөбекжай балабақшасы" КМҚК Балауса тобының тәрбиешісі: Умиртаева Жанар Шаймуратовна
Жер асты суы. Құдық
Жер асты суы. Құдық
Қостанай облысы, Рудный қаласы, №19 орта мектебі ММ бастауыш сынып мұғалімі Дангилова Айгүл Бақытжанқызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×