Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Асты сызылған сөздердің лексикалық ерекшелігін анықта

21 қазан 2018, Жексенбі
Асты сызылған сөздердің лексикалық ерекшелігін анықта:

1. — Биыл сен осы жиырма түлкі алғыздың - ау, Ержан.
— Жиырмаға жете қойған жоқ әлі…— дейді де, Ержан қолын ақмойнаққа созады. Тағы сылқ - сылқ, тағы бүлк - бүлк… Ақмойнақ қырлы стакандарға тағы да еңкейді (Ғ. Мүсірепов).

2. Жастау жігіт қойнынан бүктелген қағазды шығарып, Қамилаға қарап күлімсіреді:
— Мынаған доңғал басыңды басып жіберші — деп.
— Жоқ, жолдас, кеңсеге бар, мөрді қалтаға салмаймын, кеңседе болады,— деп Камила жауапты қысқа қайырды (Б. Майлин).

Асты сызылған сөздердің ерекшелігін анықта:

1. Саңырау – құлағының мүкісі бар, соқыр – көзі көрмейтін адам, өсекші – қосып айтатын адам.

Асты сызылған сөздердің ерекшелігін анықта:

1. Басың қағыр – басың қалғыр, кеп отыр - келiп отыр, боп па - болып па,

Асты сызылған сөздердің ерекшелігін анықта:

1. Баланың сөзiн сөз деп, о несi - ай маған! (Б. Майлин)
2. – Атың кім? – Кімсің?
– Адаммын.

Асты сызылған сөздердің ерекшелігін анықта:

1. Меніңше, бүгін Алматыда жаңбыр жауады.
2. – Балақай, сурет сала білесің бе?

Асты сызылған сөздердің ерекшелігін анықта:

1. уау, оһо, шіркін - ай, әттең, а - а - а - а

5. Морфологиялық талдау (сөз табы бойынша)
Талдау реті:
1. Сөз табы. Жалпы мағынасы.
2. Морфологиялық белгілері
Бастапқы тұлғасы
Тұрақты белгілері
Тұрақсыз белгілері
3. Синтаксистік қызметі.

1. Зат есім
1. Жалпы мағынасы
2. Морфологиялық белгілері
Бастапқы тұлғасы (атау септігіндегі, жекеше түрі)
Тұрақты белгілері:
а) жалқы есім және жалпы есім
ә) деректі және дерексіз
б) дара және күрделі
Тұрақсыз белгілері:
а) көптелуі
ә) септелуі
б) тәуелденуі
в) жіктелуі
Синтаксистік қызметі
Талдау үлгісі:
Еңлік жанының сезім тамшылары тек ақ өлеңге ғана сияды. (Б. Кәрібаева)
Жанының – зат есім, ұғым атауы
Бастапқы тұлғасы жан (не?)
Тұрақты белгісі: жалпы есім, дерексіз
Тұрақсыз белгісі: тәуелдік жалғауының үшінші жағы, ілік септігінң жалғауы.
Синтаксистік қызметі: кімнің? ненің? деген сұрақтарға жауап беріп, анықтауыштың қызметін атқарады.
Асты сызылған сөздердің лексикалық ерекшелігін анықта. жүктеу
2 129
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Сөйлеу стилі
Сөйлеу стилі
Орта көлемді пікірталастар, сұхбаттар, дәрістерді тыңдайды, көтерілген мәселенің түйінін түсінеді;
Anger. (Ашуланшақ, ренжігіш)
Anger. (Ашуланшақ, ренжігіш)
Оқушылар өкпелеу сөзінің бірнеше синонимдерін біліп, оларды күнделікті және жұптық топтық талқылауларда қолданады және сөздік қорлары молаяды.
Қазақ тілінен 5 - сыныптарға арналған емтихан сұрақтары
Қазақ тілінен 5 - сыныптарға арналған емтихан сұрақтары
Атырау облысы, Қызылқоға ауданы, Миялы селосы Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінен жоғары санатты мұғалімі Ағрапова Рита Оңдасынқызы
Түбір мен қосымшаның жазылуы
Түбір мен қосымшаның жазылуы
Ақтөбе қаласы, №1орта мектептің бастауыш класс мұғалімі Амангалиева Акмарал Сайлауовна
Қазақ тілі пәнінен емтихан билеттері (6-сынып)
Қазақ тілі пәнінен емтихан билеттері (6-сынып)
Қызылорда қаласы, "Казрис" негізгі мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Әсем Пірімова
Дыбыстың түрлері
Дыбыстың түрлері
Ақтөбе облысы, Шалқар қаласы, № 8 жалпы орта білім беретін мектептің бастауыш сынып мұғалім Айназарова Гүлзира Данағұлқызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×