Омар Шораяқов
Омар Шораяқов (1878 - 1924 жж.)
Революцияға дейінгі Қазақстанның Сырдария төңірегіндегі аты көбірек аталатын халық құрметтеген ақынның бірі Омар Шораяқов. Омар бұрынғы Түркістан өлкесіне қараған Сырдария облысының Қазалы уезінде, сол уездегі Аққыр болысының 12 - ауылында (қазіргі Қызылорда облысының Қармақшы селолық ауданы) 1878 жылдың 22 қазанда туып, 1924 жылдың 14 маусымда қайтыс болды. Ақынның әкесі Шораяқ Балжанұлы байдың малын бағып, жалшы болып, күнін көрген кедей шаруа.
Омар он жеті жасқа дейін өз ауылындағы Алдашбай деген молдадан оқып, мұсылманша білім алады. Одан әрі білімін молықтыруға қанша талпынса да кедейлік тұрмыс аяғына тұсай болады. Бірақ өз бетімен көп ізденеді, әсіресе Шығыс әдебиетімен жақсы танысады. Күн көру үшін өскен ортасын тастап, кәсіп іздеп 1896 жылы Қазалы қаласына келеді. Осы қаладағы Болташев деген саудагерге жалданып, тоғыз жыл жұмысын істейді. Жалшылықта жүріп ауруға шалдыққан Омар одан әрі еңбек етуге жарамаған соң 1905 жылы туған аулына келеді. Отбасын асырарлық аздаған малы болған өз туысқандарымен бірге бірлесіп, олардың шаруашылық жұмыстарына қолқабыс көмегін тигізеді.
Социалистік Ұлы Октябрь революциясы орнағаннан кейін Омар 3 - 4 жыл совет атқару комитетінің председателі, кейін судья болып қызмет атқарады.
Омар өлең жазуды оны алты жасынан бастайды. Шығармаларының ішінде көптеген толғау, терме, тақпақ, өсиет, мысалдармен қатар он бестен аса дастаны ( Қара шекпен, Жарлы тәліп, Кедей, Тау елі т. б.) және Қарасақал Ерімбет ақынмен жазып айтысқан айтыс өлеңі бар. Совет тақырыбына арнап та шығарма жазған. Газет - журнал бетінде, жинақтарда ақынның бір қатар шығармалары жарияланды. Оның творчествосына байланысты әр кезде айтылған пікірлер мен жазылған мақала, зерттеу еңбектері аз да болса бар. Бұл жинаққа омар ақынның таңдамалы шығармалары беріліп отыр.

Жаңалықтар
Байбосын Тамабаевтың қайтыс болғанына 100 жыл
Алматы облысы, Қарасай ауданы, Қаратөбе ауылы, "Б.Тамабаев атындағы орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі, бастауыш сынып мұғалімі Жалгасова Лаура Сайлаубаевна
Ортақ етіс
БҚО, Казталов ауданы, Қараөзен мектеп - лицейі Тасқалиева Альбина Ерболатқызы
Өлең патша - жүрегімнің айнасы
Маңғыстау облысы, Мұнайлы ауданы, №7 орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Бекова Жамила Асанқызының шығармашылық өлеңдері
Сұлтанмахмұт Торайғыров (1893 - 1920)
Сұлтанмахмұт Торайғыров 1893 жылы 23 октябрь күні қазіргі Павлодар облысының Баянауыл ауданында туған.
Мұсабек Байзақұлы
Молда Мұса (шын аты Мұсабек) Байзақов қазіргі Шымкент облысының Түркістан ауданындағы Шоқтас деген жерде, 1849 жылы туған. Әкесі Байзақ сөзге шешен, елге беделді, ауқатты адам болған.
Пікірлер (0)