Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Байбосын Тамабаевтың қайтыс болғанына 100 жыл

17 желтоқсан 2016, Сенбі
Категориясы: Бастауыш сынып
Байбосын Тамабаевтың өмірден кеткеніне 100 жыл
Мақсаты:
 Қазақ халқының 1916 жылғы ұлт - азаттық көтерілісіне қатысқан Байбосын Тамабаев туралы мәлімет беру.
 Оқушылардың сабаққа деген белсенділігін, қызығушылығын арттырып, ойлау, сөйлеу, ізденімпаздық қасиеттерін арттыру.
 Қазақ халқының тарихын оқып білуге үйрете отырып, ұлтжандылық пен патриоттық тәрбие беру.
Сабақтың түрі: жаңа сабақ
Сабақтың әдісі: әңгімелеу, сұрақ - жауап

Сабақтың барысы
І. Ұйымдастыру. Сәлемдесу, Гимн орындау, түгендеу.
Шаттық шеңбері
Болайықшы осындай. ( А. Меңжанованікі)
Жақсы бала еңбекшіл,
Ер азамат болады.
Қиындықты жеңіп кіл,
Құшағы гүл толады.
Еңбекшіл осындай,
Болайықшы, досы - ай!
Таза бала мұнтаздай,
Сүйсінеді қараған,
Ұқыпты деп бұл қандай,
Жақсы көрер бар адам.

ІІ. Негізгі бөлім. Әңгімелеу.
Байбосын Тамабаев 1856 жылы бұрынғы Жетісу облысы, Верный уезі, Үлкен Алматы болысының, І ауылында (Қаратөбе) туылған. Жетісудағы ұлт - азаттық көтерілісті ұйымдастырушылар - дың бірі.
Тегі Ұлы жүздің Дулат – Ботбай – Жаңғойлық атасынан шыққан.
1898 - 1900 және 1901 - 1903 жылғы сайлауларда өзі тұрған Үлкен Алматы болысының Қаратөбедегі №1 ауылына би болып сайланады. Ал 1904 - 1906 жылдары осы болыстың болыс басқарушысы болады.
Үлкен Алматы болысының бұрынғы болыс басқарушысы Байбосын Тамабаев Ресей патшасы І Николайдың 1916 жылғы 25 маусымда жарияланған «19 бен 43 жас арасындағы бұратана халықты тыл жұмысына алу туралы» Жарлығына қарсы үндеп, топ құрады. Топ құрамында Жүсіп Бабаев, Қораласбай Шобалов, Әлсейіт Байғабатов, Жүмәділ Ақымжанов, Еспай Кереев, Омар Нартбаев т. б. болды.
Байбосын Тамабаев Верный қаласының округтік дала сотының Жетісу облыстық әскери штабының капитаны Ильинский, 1916 жылы 30 тамызда №1739 істі жүргізуші прапорщик Гавриловтың қолы қойылған өкімімен өлім жазасына келісіп, 1916 жылы 9 қыркүйекте Бекболат Әшекейұлымен бірге Боралдай жотасында дарға асылды.

ІІІ. Қорытынды: Дәйексөз
 Бүгінгі сабағымызда не туралы білдік?
 Мектебіміз кімнің атымен аталған?
 Байбосын Тамабаев кім болған?

Алматы облысы, Қарасай ауданы, Қаратөбе ауылы,
"Б. Тамабаев атындағы орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
бастауыш сынып мұғалімі
Жалгасова Лаура Сайлаубаевна
2 525
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Еңбектің наны тәтті
Еңбектің наны тәтті
Адам еңбегін бағалай білуге, нанның дастарқанға қалай келетінін, оған көптеген адамдардың еңбек сіңіретінін түсінеді, еңбек адамдарын сыйлай білуді үйренеді; оқушыларды мәнерлеп оқи білуге машықтанады.
Сыйласаң - сыйлы боласың
Сыйласаң - сыйлы боласың
Дос, туыс, жақын адамдар арасындағы өзара сыйластық туралы түсініктерін кеңейту Дос, туыс, жақын адамдарына деген сүйіспеншілігін арттыру Достық, туыстық, сыйластық қарым - қатынас жасай білуге тәрбиелеу
Тұтқыш жасау (слайд)
Тұтқыш жасау (слайд)
Маңғыстау облысы, Мұнайлы ауданы, Маңғыстау селосы №5 жалпы білім беру орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Елубаева А.Қ.
Ыбырай Алтынсарин “Қарабатыр”
Ыбырай Алтынсарин “Қарабатыр”
Қарағанды облысы, Жаңаарқа ауданы, Ю. А. Гагарин атындағы орта мектептің бастауыш сынып мұғалімі Серикова Самал Абдулхамитқызы
Адам еңбекпен шыңдалады
Адам еңбекпен шыңдалады
Атырау облысы, Исатай ауданы, Х. Наубетов атындағы орта мектептің өзін - өзі тану пәнінің мұғалімі Жанғалиева Айнагүл
Еңбек - бәрін жеңбек
Еңбек - бәрін жеңбек
Ақтөбе облысы, Мұғалжар ауданы, Бірлік ауылы Құмжарған орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Қожанова Күнсұлу Есенғалиқызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×