Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Өлең патша - жүрегімнің айнасы

23 тамыз 2014, Сенбі
Категориясы: Бастауыш сынып
Өлең патша - жүрегімнің айнасы

Ел ағасы – Омар ағаға
(50 – жасқа толғанына арнау)


Елім деп күнді – түнді алмастырып
Бала қамын ойлаумен таппай тыным
Халықтың салт – дәстүрін жалғастырып
Жарқылдап көрсетесің алмас қылық

Ұрпағым азамат боп өссін - десең
Әке бол бар қазақтың баласына
Жаныңды жайып қалған қазақ үшін
Ұқсаттым дархан қазақ даласына

Елуің ерттеп мінген құтты болсын!
Әрдайым жаз көңілің нұрға толсын
Жар болып «Бекет ата» әруағы
Жорытқанда Омар аға жолың болсын

Ағатай арта берсін бақ мерейің
Шаттанған жүзіңізден бақ көрейін
Көңілің көктемдей боп құлпыра бергей
Тағы да Жамбыл жасын мен тілеймін

Мектебіме
(20 - жыл мерей тойға)


Еңселі алтын ұям шұғылалы
Білімнің сенде барлық шыры нәрі
Ақ ордам сен баулыған барша ұстаз
Тынысын шәкіртінің шын ұғады
Ұмсынған ұланың көп жүректерін
Жоқ саған бағыштаған тілектемін
Жыл сайын сен ұшырып бұл күндері
Сан жетпес қол ұрады түлектерің
Айдынын уақыттың жарқын кешін
Көргенде келе жатқан қалпыңды өсіп
Мақтаныш жанды иітіп қуантады
Ақ ордам әлдиі ерек - алтын бесік
Дәл сендей саналыға асыл бар ма?
Күш - қуат берген барша асуларда
Ұстазбен шәкірттердің бар тілегі
Ұлассын жиырма жылың ғасырларға

Жыр шашу
(Айсұлу апайға арнау)

Осы емес пе Қыдыр қону Бақ дарып
Құрметтелу Ұстаз деген атты алып
Шәкірттердің жүрегінде жүздеген
Есімің жүр қастерленіп жатталып
Көңіл иіп жетегінде ырықтың
Бала сырын Анасымен бір ұқтың
О, апатай. Сол жүріспен бүгінде
Шығып қапсың қырқасына қырықтың
Жоғалмайтын сыр - сипаттың көрігі
Басылмайтын той - думанның желігі
Қырық деген толысқан шақ емес пе?
Жастық шақтың ажырамас бөлігі
Қадірлі ұстаз, жүрегінде жолың боп
Оң солыңда ізің басқан қолың көп
Ұлы жолда әлі талай еңбек бар
Апай саған, қартаюға орын жоқ
Осы күйде сақталсын деп гүл өңі
Алға саптан көрінсін деп үнемі
Апатайым, саған айтар шәкірттің
Асып – тасып ойда жатыр тілегі
7 517
0
  • 100
1 дауыс


Жаңалықтар
Қош келдің, Наурыз!
Қош келдің, Наурыз!
Балаларға ұлыстың ұлы күні туралы мағлұмат беру; Балаларды елін, Отанын сүюге, ұлттық салт - дәстүрін дәріптеуге тәрбиелеу;
Нұр себеле – Әз Наурыз!
Нұр себеле – Әз Наурыз!
Балаларға ұлыстың ұлы күні туралы түсінік беру. Балаларды елін, Отанын сүюге, ұлттық салт – дәстүрін дәріптеуге тәрбиелеу.
Ұмытпайық ата - баба дәстүрін
Ұмытпайық ата - баба дәстүрін
Ақтөбе облысы, Ойыл ауданы, Сапаққөл орта мектебі. тәлімгер: Нуржанова Жанат Құмарқызы
Өз Астанам – өз ордам
Өз Астанам – өз ордам
Несіпбек Айтов Бастауыш сынып мұғалімі Ана тілі 1 сынып Сабақтың тақырыбы: Өз Астанам – өз ордам
Омар Хайям
Омар Хайям
Омар Хайям Ойшыл ақын, терең философ, асқан математик
Омар Шораяқов
Омар Шораяқов
Омар Шораяқов бұрынғы Түркістан өлкесіне қараған Сырдария облысының Қазалы уезінде, сол уездегі Аққыр болысының 12-ауылында (қазіргі Қызылорда облысының Қармақшы селолық ауданы) 1878 жылдың 22 қазанда туып, 1924 жылдың 14 маусымда қайтыс болды.
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×