Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Ортақ етіс

23 қаңтар 2015, Жұма
Жас ұстаз
Қазақ тілі 6 - сынып
Сабақтың тақырыбы: Ортақ етіс
1. Білімділік: Ортақ етістің жасалу жолын меңгерту, етістерді бір - бірінен ажырата білу үшін практикалық жұмыстар жүргізу.
2. Дамытушылық: оқушылардың өзіндік ой - пікірін, көзқарасын, таным - талғамын қалыптастыру, сөз қорларын молайту, белсенділігін арттыру.
3. Тәрбиелік: тіл мәдениетін жетілдіру, өзгенің пікірін тыңдауға, қайырымды, кішіпейіл болуға тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: жаңа сабақ.
Сабақтың әдісі: СТО технологиясының элементтерін қолдану
Пәнаралық байланыс: тарих, әдебиет.
Сабақтың көрнекілігі: ребус, доп,

Сабақтың барысы:
I Ұйымдастыру кезеңі.
а/ оқушылармен сәлемдесу, түгендеу.
ә/ психологиялық даярлық.
ІІ Үй тапсырмасы.
Өткенді қайталау. «Допты қағып алу» әдісі бір - біріне сұрақтар қояды, тақырыптарды қорытындылайды.

ІІІ Жаңа сабақ.
Қызығушылықты ояту. Ребусты шешіңдер.
Шешімі: Ортақ етіс.
Мағынаны тану. Ойлан, жұптас, талқыла.
Ортақ етіс. Қимыл, іс - әрекеттің иесі, орындаушысы біреу емес, бірнешеу болып, - ыс, - іс, - с жұрнақтары арқылы жасалатын етістің түрі ортақ етіс деп аталады. Мысалы: Омар мен Оспан хат жаз - ыс - ты. Қыз бен жігіт сөйле - с - ті. Ол бізге үй сал - ыс - ты. деген сөйлемдердегі жазу, сөйлеу, салу қимылдары бір ғана субъект (іс иесі) тарапынан емес, бірнеше орындаушы (Омар мен Оспан, қыз бен жігіт, ол мен біз) арқылы іске асатынын көрсетеді.

IV Топтық жұмыс. Ортақ етістерді табу, морфологиялық талдау жасау.
№1. Енді батыр екпінмен
Жақындасып қалысты.
Шегінісіп екеуі
Еменнен найза салысты.
Итерісіп тұрысты
Ат тізесін бүгісті.

№2. Бүгісе - бүгісе тырысты
Біріне - бірі ұмтылып,
Тақымдары құрысты.
Он саусағы қарысты,
Жаннан күдер үзісті.

№3. Тайынбай найза салысты.
Біріне - бірі лағып,
Екі найза қағысты.
Осыменен екеуі,
Біраз жерге барысты.
Найзаларын тастасып
... Жақындасып қалысты

Жаттығулар орындау. 243, 244 - жаттығулар.
V Бекіту. Семантикалық карта.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
21 207
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Етіс түрлерін қайталау
Етіс түрлерін қайталау
Етіс түрлерін ажырата білуге дағдыландыру, әр түрлі тапсырмалар арқылы оқушылардың меңгеру деңгейін байқай отырып, өткен сабақтарды бекіту.
Бірлік пен ынтымақ елі. Ортақ етіс
Бірлік пен ынтымақ елі. Ортақ етіс
Өскемен қаласы. қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі Ахметова Маншук
Өзгелік етіс, ырықсыз етіс
Өзгелік етіс, ырықсыз етіс
Батыс Қазақстан облысы, Казталов ауданы, Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Альбина Ерболатқызы
Есімше
Есімше
Қарағанды облысы Жаңаарқа ауданы Ескене ауылы Талдыбұлақ орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Садықова Өрік
Өздік етіс
Өздік етіс
Қызылорда қаласы, № 267 орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Күнтуарова Ақмарал Амангельдықызы
Етістер
Етістер
Етістіктің етіс түрінің өзіне тән ерекшеліктерін түсінуге бағыт - бағдар беру, олардың түрлерімен танысу. Сөйлеу мәдениетін қалыптастыру, тіл өнерін құрметтеуге тәрбиелеу.
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×