Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


XXI ғасыр көшбасшысы

26 сәуір 2013, Жұма
Категориясы: Бәйге
Тақырыбы: «XXI ғасыр көшбасшысы»
Мақсаты: Білімділік: Оқушыларды әр түрлі пәндерге деген қызығушылығын арттыру, батылдығын шыңдау, танымдық қабілеті мен білім деңгейлерін тексеру.
Дамытушылық: Жылдамдыққа тәрбиелей отырып, сөйлеу қабілетін, мәдениетін, логикалық ой - өрісін дамыту, интеллектуалдық қабілетінің дамуына ықпал ету.
Тәрбиелік: Туған еліне, жеріне деген сүйіспеншілігін арттыру, халықтың әдет - ғұрпын, салт - дәстүрін сақтап, оны әрі қарай жалғастыруға тәрбиелеу.

Тәрбие сағатының түрі: Сайыс
Көрнекілігі: Интерактивті тақта, презентация
Пәнаралық байланыс: қазақ тілі, математика, ана тілі, музыка, дене шынықтыру
Тәрбие сағатының жүрісі: «БӘЙГЕ», «КӨКПАР», «ЖОРҒА», «ДОДА»

Жүргізуші: – Сәлеметсіздер ме ұстаздар, ата аналар, оқушылар!
«Тәуелсіз ел тірегі – білімді ұрпақ», «Білікті бірді жығады, білімді мыңды жығады» – деп халқымыз бекер айтпаса керек. Бүгінгі біздің мектебімізде 3, 4 сынып оқушылары арасында өткелі отырған «XXI ғасыр көшбасшысы» зияткерлік сайысына қош келдіңіздер! Ендеше оқушыларымызбен танысып өтейік.
1. 3 - сынып оқушысы
2. 4 - сынып оқушысы
3.
4.
5.
6.
7.
8.
9.
Сайысымызды бастамас бұрын алдымен ұпайларды компьютерге түсіріп отыратын әділқазы алқасы Қамзин Сабыржан Жақсылықұлы болатынын ескертіп өтейін.

Енді сайысымызды бастаймыз. Сайысымыз 4 турдан тұрады: БӘЙГЕ, КӨКПАР, ЖОРҒА, ДОДА,
«Мыңнан тұлпар, жүзден жүйрік» демекші баршаңызға сәттілік тілеймін!

I – тур «БӘЙГЕ»
Білім деген биік шың,
Бақытқа сені жеткізер.
Білім деген ақылшың,
Қиындықтан өткізер –
деп білімді сарапқа салар сәтті бастайық.

Шарты:
1. Мұнда барлық сайыскерлерге ортақ мектеп бағдарламасынан және бағдарламадан тыс 13сұрақ беріледі.
2. Әр сұрақтың 3 жауап нұсқасы бар.
3. 5 секунд ішінде қойылған сұрақтың жауабын қолдарындағы параққа белгілеп, дұрыс жауапты тексеріп тұрасыңдар. Яғни тұсына «+» белгісін қойындар. Әр дұрыс жауап 1 ұпай.
4. «Бәйгенің» сұрақтары оқылып болғаннан кейін сайыскерлердің ұпайлары есептелінеді..

1. 1924 - жылға дейін Қазақстанның астанасы болған қала? Қызылорда
2. Дала жұлдызы атанған адам Ыбырай Алтынсарин
3. Әлемдегі ең үлкен мұхит Тынық мұхиты
4. Қазақстанның тұрғындары көп қала Алматы
5. 1916 - жылы ұлт азаттық көтерілісін бастаған батыр Амангелді батыр
6. Мұқағали Мақатаевтың “Үш бақытым” өлеңіндегі бірінші бақытын ата “......, Тілім, Отаным” халқым
7. Ауданы 100 м² шаршы қабырғасының ұзындығы 10 м
8. Қазақстан солтүстігінде қай елмен шектеседі? Ресей
9. Қазақстан Республикасының мемлекеттік туының авторы Ш. Ниязбеков
10. Мемлекеттік рәміздер қашан қабылданды? 1992 жылы
11. Құрлықтағы ең биік сүтқоректі Африкалық жирафтың биіктігі қанша метр? 6м
12. Бұл витамин баланың қалыпты өсіп дамуына, әсіресе көзге, теріге жағымды әсер етеді, тыныс алу, ас қорыту, зәр шығару жүйелерінің кілегейлі қабығына ықпалын тигізеді А витамин
13. Қалалықтардың сөзіне неше жалғау жалғанған? 2

ІІ тур «КӨКПАР»
Шарты:
Бұл турда алдынғы жинаған ұпайларын сақталады. (Ескерту: Мектеп шағын жинақталған болғандықтан екі сынып, яғни 3 - 4 сынып қатысады.) Турдың ерекшелігі әр сынып өз сыныбының бағдарламасы бойынша пәндерден сұрақтар келеді. Таңдаған киіз үйдің артында төрт сұрақ болады. Әр дұрыс сұраққа 1 ұпайдан беріледі.
Алайда ұпайы аз төрт оқушы сайыстан шығып қалады
4 - класс
10
Бұл кім?
(І. Жансүгіров)
Сөйлемде бір ғана сұраққа жауап беріп, бірдей тұлғада тұратын сөйлем мүшелерін не дейміз?
Көкжиектің неше тұсы бар?
Қорап тәрізді жәшіктің көлемін қалай табамыз?
20
Бұл кім? (Б. Майлин)
Мектебім сөзіне қандай жалғау жалғанған?
Тянь Шянь атауы қытай тілінде не деген мағынаны береді?
1 жылда неше күн?
30
Бұл кім? (А. Пушкин)
Табыс септігінің сұрақтарын ата
Ауа қабаты жерді неден сақтайды?
Көбейтудің қасиеттерін ата
40
Бұл кім? (С. Сейфуллин)
Жүрек жалғау тіркесі нені білдіреді?
Қазақстан дүние жүзі елдері ішінде жер көлемі жөнінен нешінші орын алады?
Ұшақ 800 км/сағ жылдамдықпен ұшса, 4 сағатта қанша км ұшады?
50
Бұл кім? (Ш. Құдайбердиев)
Қандай? Қай? сұрағына жауап беретін сөз табы
Мынау қандай пайдалы қазбаның шартты белгісі?
Көпбұрыш қабырғаларының қосындысы?

3 класс
10
Бұл кім? (М. Жұмабаев)
Дауыссыз дыбыс түрлерін ата
Жер қыртысын толтырып жатқан денелер
Тік төртбұрыштың ауданын қалай табады?
20
Бұл кім? (Ш. Қалдаяқов)
Тұрлаулы мүшелерді ата
12 жұп қаңқа атауы
Қай санға бөлуге болмайды?
30
Бұл кім? (Д. Нұрпейісова)
Түбір сөзге жұрнақ қосылу арқылы жасалған сөзді қалай атайды?
Мынау қандай пайдалы қазбаның шартты белгісі
Санды өзіне - өзін бөлсе, неше шығады?
40
Бұл кім? (Қ. Сәтпаев)
Заттың қимылын білдіретін сөз табы
Балқашқа құятын өзен
1 тоннада неше центнер?
Ұпайы аз 4 оқушы сайыстан шығады. Қалған 5 оқушы сайысты одан әрі жалғастырады.

III – тур «ЖОРҒА»
«Білгенін бір тоғыз, білмегенін тоқсан тоғыз» Осы турда сайыскерлеріміздің білімін, таным қабілетінің жан-жақтылығын сынайтын кез жетті.
Шарты:
1. Экраннан бес ұяшық. көрсетіледі.
2. Әр ұяшықта бес сұрақтан болады. Ол сұрақтар әр түрлі тақырыптан алынған.
3. Ұяшықтағы сұраққа жауап берсе ойыншы (он) 10 ұпайды иеленеді.
4. Алдынғы турда жинаған ұпайларын жойылады. Бұл турда ұпайды жаңадан жинайсыңдар.

Жүргізуші: Міне біздің үшінші турымызда өз мәресіне жетті. Өкінішке орай бұл турда ұпайлары аз екі оқушы ойынын тоқтатады. Көңілдеріне қаяу түспесін Сіздерге болашақта сәттілік тілеймін!
(Ескерту: Ұяшықты бірден бастап ретімен ашу қажет)
1 2 3 4 5
1 ұяшық
“Ақсақ киік” өлеңінің авторы
Илья Ильин ауыр атлетикадан неше дүркін әлем чемпионы?
«Ана туралы жыр» әнінің авторы?
Қай айда 28 күн бар?
Әннің авторын табыңыз
2 ұяшық
“Абай жолы” романын жазған кім?
Олимпиада чемпиондарын марапаттайтын медаль металдарын атаңыз?
Күй атасы кім?
Суды елекпен қалай тасуға болады?
Жылқы атасы
3 ұяшық
“Күз”,”Қыс”,”Жаз”,”Жазғытұры” өлеңін жазған ақын
Бокстан Лондондағы ХХХ жазғы Олимпиада ойындарының чемпионы
Париж халқын өз өнерімен тамсандырған қазақ кім?
Ақтөбеде біреу Өскеменде жоқ, Алматыда екеу Астанада көп? Ол не?
Жер күн жүйесінде нешінші планета?
4 ұяшық
“Адамдық борышың” шығармасының авторы
Ми жұмысына арналған қазақтың ұлттық спорт түрін атаңыз
Қорқыт атаның аспабы
Бірінші төрт аяқты, кейін екі аяқты, одан кейін үш аяқты ол не?
Монументтің атауы
5 ұяшық
“Адам болам десеңіз” өлеңнің авторы
Шахмат ойынында қанша түрлі фигура болады?
«Адай» күйінің авторы кім?
Жердің ортасында не бар?
“Бәйтеректің” биіктігі қанша метр?

IV. тур «ДОДА»

Қажу барма тұлпарға,
Талу бар ма сұңқарға.
Білім күшті оларда
Салсын барын ортаға.
Шарты: Бұл шешуші тур, яғни көшбасшыны анықтайтын тур. Алдарында төрт тақырып: «Салт - дәстүр», «Еркін тақырып», «Ең, ең....», «Логика». Әр тақырып бес сұрақтан тұрады. Таңдаған ұяшық саны ұпай санын білдіреді. Сан үлкейген сайын сұрақ күрделене түседі. Сайыскерлерге сәттілік тілеймін.
(Ескерту: Әр тақырыптан таңдаған санды ашқан соң сол санды басып кері қайту керек.)
Салт - дәстүр 10 2. 30 40 50
Ең, ең...
Логика
Еркін тақырып
Сұрақтар слайдта берілген

Жүргізуші: Сайыскерлеріміздің ұпай сандары дайын болса, сөз кезеңін әділ - қазы алқасына береміз.
«XXI ғасыр көшбасшысы» атанған.................................................... осы дипломмен марапатталады. Ақшалай сыйлық ұсыну

Жүргізуші: Оқушыларымыздың білімін, санасын, оқуға деген құштарлығын оятатын зияткерлік сайысымыз көбейе берсін. Көріп тамашалағандарыңызға көп - көп рахмет.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
26 584
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Кішкентай білгірлер зияткерлік сайысы
Кішкентай білгірлер зияткерлік сайысы
Оқушылардың ойлау қабілеттерін, тапқырлығын, жылдамдығын, таным белсенділіктерін арттыру. Пәндерге қатысты сұрақтарға мәдени түрде жауап беру, қарым – қатынасты дамыту. Білімді, дарынды, озық болуға жетелеу және пәндерге деген қызығушылықтарын ояту.
ХХI ғасыр көшбасшысы
ХХI ғасыр көшбасшысы
Шалқар қаласы, № 3 мектеп. Бастауыш сынып мұғалімі Батырова Назгуль Шахматовна
XXI ғасыр көшбасшысы
XXI ғасыр көшбасшысы
Интеллектуалдық ойын «XXI ғасыр көшбасшысы»
XXI ғасыр көшбасшысы
XXI ғасыр көшбасшысы
Қызылорда облысы, Қазалы ауданы Бекарыстан би ауылы, № 24 орта мектептің география пәні мұғалімі Ысқақ Есенкелді
ХХІ ғасыр көшбасшысы
ХХІ ғасыр көшбасшысы
Қарағанды облысы, Сәтбаев қаласы бастауыш сынып мұғалімі Маденова Эльмира Кайратовна
Тәуелсіздікке тарту ( XХІ ғасыр көшбасшысы)
Тәуелсіздікке тарту ( XХІ ғасыр көшбасшысы)
Абилхайрова Толқын Бисенбіқызы. Атырау обл, Исатай ауданы , Жанбай селосы. Х. Наубетов атындағы орта мектеп. Технология пәнінің мұғалімі.
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×