Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Қош келдің, Наурыз!

30 сәуір 2013, Сейсенбі
Категориясы: Бәйге
Тақырыбы: Қош келдің, Наурыз!

Сабақтың тақырыбы: Қош келдің, наурыз!
Сабақтың мақсаты:
1. Наурыз мерекесі туралы білімдерін бекіту. Қазақтың ұлттық салт - дәстүрі: ат қою, бесікке салу, тұсау кесу ұлттық дәстүрімен таныстыру.
2. Шығармашылық қабілеттерін жетілдіру, байланыстыра сөйлеуге үйрету. Шығармашылық белсенділігін, көркемдік талғамын арттыру.
3. Ұжымда достық карым - қатынасты тәрбиелеу.
Өтілетін орны: Мультимедиалық кабинет.
Сабақтың түрі: дәстүрлі емес
Сабақтың типі: Бекіту сабағы.
Сабақтың тәсілдері: баяндау, сұрақ - жауап, топпен жұмыс.
Сабақтың көрнекілігі: интерактивті тақта, слайд шоу, бесік, қамшы.

Сабақтың барысы
Ұйымдастыру кезеңі. Сабақ басталды. Түп - түзу тұрамыз. Сәлеметсіңдер ме балалар, отырыңдар!
Психологиялық дайындық. Балалар бәріміз тұрып шеңбер құрайық. Көз алдарына елестетіңдер.
Мәтін: « Көктем мезгілі. Жер әлемі бәрі жап - жасыл. Күн шуағын төгіп тұр. Сылдырлап су ағып жатыр. Алыстан таулар көрінеді. Алма - ағаштар аппақ гүл ашқан, айнала түгел әсем. Бұл суреттен туған ел табиғатының әсемдігін көреміз»
- Балалар, көздеріңді ашып, жаңа оқыған мәтіннен сендер қандай әсер алдыңдар? (Осы жерде бір - біріне бәйшешек гүлін сыйлайды.) Орнымызға отырайық.
- Ал балалар, көктем айларын атайықшы?
- Жақсы.
- Көктем айларында қандай мерекелер бар?
- Жақсы балалар.
- Наурыз мейрамына тоқталайық.
- Сендерге үй жұмысына шығармашылық тапсырмалар берілген.
1 - топ. «Көктемгі табиғат» шығарма.
2 - топ. «Наурыз мерекесі нені сипаттайды?» шығарма
3 - топ. «Наурыз көже қандай тағамнан жасалады?» шығарма
4 - топ. «Наурыз мейрамына байланысты өлең құрастыру» шығарма
- Жақсы балалар, үй тапсырмасына жақсы даярланып келіпсіңдер.
- Енді тақтаға назар аударайық.
- Санжар, қандай сөздер жазылып тұр?
Сендерге тапсырма дәптерлеріңді ашып, бүгінгі күнді жазып қойыңдар. Және осы сөздерді (Достық, береке, ынтымақ, татулық, бірлік, ерлік, батырлық, жақсылық) пайдаланып мақал - мәтел құрастырамыз.
(Осы жерде әр топтың мақалдарын оқыту)
- Жақсы балалар.
Үй тапсырмасын қорытындылау.
- Ұлттық салт дәстүрлердің қандай түрлері бар?

Мұғалімнің сөзі. Наурыз мерекесі бұл – достық, бір - біріне құрмет көрсету, татулық мерекесі. Ендеше осы наурыз мейрамы туралы 1 - топ өз дайындықтарын көрсетеді.(Слайдқа сүйене отырып наурыз мейрамы туралы айтып береді.)
- Жақсы.
- Балалар осы наурыз мейрамында туған балалардың аттарын ата - бабаларымыз есімдерін қалай қойған?
- Наурызбай, Наурызгүл т. б.
- Дұрыс айтасыңдар. Ендеше 2 - топтың Балаға ат қою салтын бізге айтып береді.
- Жақсы балалар.
- Әжелеріміз үйде немерелерін бесікке бөлегендерін көрдіңдер ме?
- 3 - топ «Бесікке салу» дәстүрі туралы айтып береді.
- Жақсы балалар.
- Балалар осы тұсау кесу рәсімі неге құрметті, беделді қонақтардың біріне ырымдалып тапсырылады екен? Осы сұрақтың жауабы төңірегінде 4 - топ жауап береді.
- Жақсы балалар.
- Осы жауаптардың қорытындысы ретінде сөзжұмбақ шешейік.
1. Баланың алғаш аяқ басуы қалай аталады?
2. Бала дүниеге келгенде тойланатын той.
3. Наурыз қай тілден алынған сөз?
4. Бала дүниеге келгенде неге жатқызады?
5. Наурыз мерекесі жылдың қай мезгілінде тойланады?
6. Бесік жабдықтарының ішінде ең қасиетті зат қалай аталады?

Қорытындылау.
- Ұлттық мерекелерді ата?
- Қандай ұлттық салт - дәстүрлер бар?
- Наурыз мейрамында қандай тілектер айтылады?
- Балалар, бүгінгі сабақта біз не білдік?
Хормен айту: Наурыз - достық, ынтымақ, татулық, бірлік мейрамы.

Бағалау.
Оқушылардың көңіл - күйін тексеру. (Рефлексия)
8 518
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Наурыз
Наурыз
Халқымыздың салт - дәстүрін, әдет - ғұрпын үйрете отырып Наурыз қазақтың ұлттық мейрамын ашып көрсетіп, балалардың көңіл күйін көтеру. Көктем мезгіліндегі табиғат сұлулығын байқай білуге тәрбиелеу. Наурыз — қазақ халқының жаңа жыл екенін түсіндіру.
Қош келдің, Наурыз!
Қош келдің, Наурыз!
Балаларға ұлыстың ұлы күні туралы мағлұмат беру; Балаларды елін, Отанын сүюге, ұлттық салт - дәстүрін дәріптеуге тәрбиелеу;
М. Дулатов «Қош келдің, Наурыз!»
М. Дулатов «Қош келдің, Наурыз!»
Оқушыларға наурыз мерекесі туралы түсінік беру Диалог жүргізе отырып, сөздік қорын дамыту
Құт береке мейрамы, Наурыз жасасын!
Құт береке мейрамы, Наурыз жасасын!
Наурыз өте көнеден келе жатқан мейрам. Халқымыз аса үлкен дайындықпен қарсы алатын Ұлыстың ұлы күнінің ерекшелігін балаларға айтып түсіндіру. Қазақтың салт - дәстүрін, ұлттық дүниетанымын, ұлттық ойынын, ұлттық киімін насихаттап көрсету.
Қош келдің, әз - Наурыз!
Қош келдің, әз - Наурыз!
Балабақша тәрбиешісі: Шыңғысбекова Қундызай Сейтқадырқызы
Қош келдің , Наурыз
Қош келдің , Наурыз
Маңғыстау облысы, Маңғыстау ауданы, Онды ауылы, «Құлыншақ» балабақша директоры Өтесінова Алтынай Ізімбергенқызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×