Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Қош келдің, әз - Наурыз!

03 сәуір 2015, Жұма
Категориясы: Бала-бақша
Қош келдің, әз Наурыз!
Жүргізуші: Құрметті жиналған қауым! Бүгінгі «Балауса» ортаңғы тобында өткізіліп отырған Наурыз мерекесі ертеңгілігіне қош келдіңіздер!
Береке де осында,
Мереке де осында.
Асқақтаған ән дайын,
Күмбірлеген күй дайын.
Ал, қанекей, қонақтар, ата - аналар төрге шығыңыздар.
Ән әуенімен қонақтар, балалар залға кіріп жайғасады.
Жүргізуші: Құрметті әріптестер, қадірлі қонақтар, ата - аналар, балалар!
Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мерекесі құтты болсын!
Наурыз күні қазанына ортаймасын,
Жаңа жыл шаттық әкел тойлансын.
Ендігі кезекте тақпақтарға кезек берейік.

1. Жазира
Наурыз қайта оралды,
Көп жылдар болған елге аңыз.
Сұрамаймыз алғыс та, ақы да біз.
Үй сайын мол дастархан,
Кең даламыз сахнамыз,
Дастарханға шақырамыз!

2. Абылай
Наурыз келді құт болып,
Мына бізге нұр болып.
Аққа аузымыз толады,
Бар жақсылық болады.
Жүргізуші: Балалар бүгін біз Әз - Наурыз мерекесін тойлағалы отырмыз. Наурыз қазақ халқының ұлттық мерекесі. Наурыз қазақ халқында жыл басы болып есептеледі. Наурыз айында ай мен күннің теңелетін күні. Яғни қазақша Жаңа жыл.

3. Гүлім
Хош келдің, Наурызым ардақты,
Халқым саған бар үмітін артады.
Жылда осылай келе бергін жасарып,
Гүлге бөлеп, нұрға бөлеп аймақты

Жүргізуші: Бүршік шашып, жапырақ ашып,
Даланы гүлдер басады.
Сұлу көктем есігін ашып,
Шуағын бізге шашады. Қонаққа «Көктем» келеді.
Көктем: - Сәлеметсіздер ме, Қонақтар! Сәлеметсіздер ме, Балалар! Мені көптеген күткен шығарсыңдар? Менде орталарыңа келдім, Наурыз мерекесін алып келдім. Табиғатқа жан бітіртіп, айналаны көкке бояп қойдым. Наурыз алғаш көктемнің көкек құсын ала келдім. Маған дайындаған қандай сыйларың бар?
Жүргізуші: - Сізге арнап «Көктем келді» әнін орындап береміз.
Тақпақтар: 3 бала
Жүргізуші: Наурыз тойы – елдің тойы,
Көктем тойы – төлдің тойы.
Әжеме еріп, ауылымды,
Араладым күні бойы – демекші
Қонаққа әжелер келеді.
Тақпақтар: 3 бала
Жүргізуші: Теңіздей тербетіліп жер бетінде,
Бишілер билеп кетті тербетіліп.
Аққудай қалықтаған теңіздегі,
Бишілер өнерлерін көрсетуде.
Ендігі кезекте қазақтың ұлттық биі: «Қамажай»
Жүргізуші: Келіңдер наурыз тойға бәрің бүгін,
Алмас өнерпаздар ән мен жырын.
Тойлайық халық тойы наурызымды,
Шуағын жерге төккен бақыт күнін.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
5 200
0
  • 20
1 дауыс


Жаңалықтар
Қош келдің – әз Наурыз!
Қош келдің – әз Наурыз!
Наурыз – «жаңа күн» деген сөз. Бұл күн – біздің ата – бабаларымыз, арғы тегіміз мыңдаған жылдардан бері тойлап келе жатқан жыл басы мерекесі. Наурыз тойымыз құтты болсын! Ұлыстың ұлы күні деп аталған Наурызда денсаулықтарыңыз мықты болсын,
М. Дулатов «Қош келдің, Наурыз!»
М. Дулатов «Қош келдің, Наурыз!»
Оқушыларға наурыз мерекесі туралы түсінік беру Диалог жүргізе отырып, сөздік қорын дамыту
Армысың, әз Наурыз!
Армысың, әз Наурыз!
Құрметті қонақтар, әріптестер! Қош келіпсіздер! Бүгінгі ұлыстың ұлы күні – Наурыз мейрамы құтты болсын! Наурызбенен ұласып көктем жеткен! Үлкен – кіші көңілін көкке өрлеткен! Жан – жануар, табиғатты түрлетіп, Ескі жылмен реніш, өкпең кеткен!-
Қош келдің Наурыз!
Қош келдің Наурыз!
Жамбыл облысы, Қордай ауданы. Бастауыш сынып ұстазы Серкебаева Макпал
Армысың, Әз Наурыз!
Армысың, Әз Наурыз!
Мақсаты: Оқушыларға қазақ халқының ұлы мерекесі - Наурыз мейрамы жөнінде түсінік бере отырып, халқымыздың салт - дәстүрін бойларына дарыту арқылы, шынайылыққа, адамгершілікке ұлтжандылыққа тәрбиелеу.
Қош  келдіңіз, әз - Наурызым
Қош келдіңіз, әз - Наурызым
Қызылорда облысы, Қазалы ауданы, Қазалы ауылы, №9 Балауса балабақшасының тәрбиешісі Алпысбаева Күміскүл Әбдіғаниқызы Мектепалды даярлық тобы Қош келдіңіз,әз – Наурызым!
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×