Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Наурыз

13 қыркүйек 2019, Жұма
Категориясы: Тәрбие сағаты
Тақырыбы: Наурыз

Мақсаты: Халқымыздың салт - дәстүрін, әдет - ғұрпын үйрете отырып Наурыз қазақтың ұлттық мейрамын ашып көрсетіп, балалардың көңіл күйін көтеру. Көктем мезгіліндегі табиғат сұлулығын байқай білуге тәрбиелеу. Наурыз — қазақ халқының жаңа жыл екенін түсіндіру.
Көрнекіліктер: Бейнетаспадан «Наурыз» мерекесін көрсету. Тақтадағы суреттер.

Шаттық шеңбері.
Амансың ба, алтын күн!
Амансың ба, көк аспан!
Амансың ба, достарым!
Сендерді көрсем қуанам!
— Балалар қазір жылдың қай мезгілі?
— Көктем.
— Көктем мезгілінің қай айы?
— Наурыз.
— Дұрыс айтасыңдар балалар, қазір көктем мезгілінің наурыз айы. Көктем мезгілі үш айдан тұрады. Олар: Наурыз, Сәуір, Мамыр. (Ай аттарын бірге қайталайды).
Балалар бүгін үлкен мереке – Наурыз тойы. Ұлыс күні. Наурыз мерекесін біз жыл сайын айрықша өткізіп келеміз. Наурыздың 22 - ші жұлдызында күн мен түн теңеледі. Қыс өтіп, көктем келіп, мал төлдейді. Бар тіршілік жанданып, айнала құлпыра түседі. Сондықтан да Наурыз - жыл басы болып саналады. Ата - бабаларымыздың салтында ұлттық мерекені той - думан мен ойын - күлкі, ән - жыр мен атап өткен.
(Наурыз мейрамы туралы слайд).
Сергіту сәті.
Тербеледі ағаштар,
Алдымнан жел еседі.
Кіп - кішкентай ағаштар
Біп - биік боп өседі.
(Мазмұнына қарай қимыл - қозғалыс жасайды).
— Балалар, біздің ұлттық дәстүрлерімізді атап өтейікші
— Тұсау кесу, бесікке салу, сырға салу және т. б.
Қазақтың салт - дәстүрі: «Бесікке салу».
Балаларды шеңберге отырғызып, бесікке қуыршақты бөлейміз. «Әлди - әлди» жырын шырқаймыз.
— Ұлттық ойындарды атап өтейін: Алтыбақан, аударыспақ, қыз қуу, көкпар тарту, ат жарыс, теңге алу, ақсүйек, тоғызқұмалақ, арқан тартыс және т. б.
Ұлттық ойын: «Арқан тартыс».
Балалар екі топқа бөлініп, арқанды тартады. Екі топтың қай жағы орталық сызықтан қарсы топты бұрын сүйреп өткізіп әкетсе, сол жағы ұтқан болады.

№11 «Арай» балабақшасы
№3 «Алтын сақа» ПДК ортаңғы тобы
Тәрбиеші: Кекенова Айгерим Жангельдиновна
1 759
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Наурыз келді
Наурыз келді
Наурыз мерекесінің басқа мерекелерден ерекшелігін түсіндіру. Мерекелік тілектер, дәстүрлер туралы түсінік беру. Балаларды халқымыздың салт - дәстүрін қадірлей білуге тәрбиелеу.
Жігіт сұлтаны - 2023
Жігіт сұлтаны - 2023
Мұғалім: еліміз тәуелсіздік алғаннан бері Наурыз мейрамын айрықша өткізіп келеді. Наурыздың 22 - ші жұлдызында күн менен түн теңеледі. Қыс өтіп, көктем келіп, мал төлдейді. Бар тіршілік жанданып, айнала құлпыра түседі.
Қош келдің, әз - Наурыз!
Қош келдің, әз - Наурыз!
Балабақша тәрбиешісі: Шыңғысбекова Қундызай Сейтқадырқызы
Қош келдің Наурыз!
Қош келдің Наурыз!
Жамбыл облысы, Қордай ауданы. Бастауыш сынып ұстазы Серкебаева Макпал
Армысың, Әз Наурыз!
Армысың, Әз Наурыз!
Мақсаты: Оқушыларға қазақ халқының ұлы мерекесі - Наурыз мейрамы жөнінде түсінік бере отырып, халқымыздың салт - дәстүрін бойларына дарыту арқылы, шынайылыққа, адамгершілікке ұлтжандылыққа тәрбиелеу.
Наурыз тойы – дәстүрлі мереке (сыныптан тыс шара)
Наурыз тойы – дәстүрлі мереке (сыныптан тыс шара)
Наурыз қазақтың шын мағынасындағы ұлттық мейрамы, Наурыздың 22 – інде күн мен түн теңеледі, қыс өтіп көктем келеді. Тіршілік басталады. Ол тіршілік арқауы – тамақ. Малының қыстан аман шығуы. Оның өсіп - өніп төлдеуі.
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×