Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Геометриялық пішіндердің ғажайып әлемі

11 мам 2013, Сенбі
Категориясы: Бәйге
Білім беру саласы: Таным
Бөлімі: Қарапайым математикалық түсініктер
Тобы: «Балапан» ортаңғы тобы

Тақырыбы: «Геометриялық пішіндердің ғажайып әлемі».
Мақсаты: Таным саласы бойынша алған Білімдерін тиянақтау.
Білімділік: Баланың қарапайым математикалық түсініктер бөлімі бойынша геометриялық пішіндер, сан мен санау, апта күндерін, алған білімдерін анықтау
Тәрбиелік: Ойынның шартын сақтап ойнауға, ұйымшыл, көпшіл, шыдамды, сабырлы, шапшаң болуға тәрбиелеу.
Дамытушылық: Сандарды тура, кері санауға үйрету, логикалық ойын арқылы баланың қиялын, ой - өрісін, есте сақтау қабілетін дамыту.
Көрнекіліктер
*Геометриялық пішіндер
Тура, кері санауға арналған сандар жиынтығы
санауға арналған қонжық маскалары,
алма ағашының макеті, шығармашылық ойынға арналған пішіндер салынған кілемшелер,
Киюге арналған күлдіргі сандар пішіні, сандар салынған қалташалар.
Балалармен шаттық шеңберін құрамыз

Күннің көзі ашылып,
Көкте шуақ шашылып,
Құтты қонақ келіпті
Төрімізге еніпті.
Амандасу үлкенге
Тәрбиенің басы ғой
Ал, қанекей бәріміз,
Сәлем дейік үлкенге
Сәлеметсіздер ме, апайлар?!

Тәрбиеші: Балалар, бүгінгі ұйымдасқан оқу іс - әрекетімізде ғажайып пішіндермен таныспақпыз. Ерте, ерте, ертеде математик атты патшалықта Есепбике деген ханша өмір сүріпті, оның әдемі сарайы болыпты. Сол сарайда жалғыз тұрыпты. Жалғыз тұрып іші пысқан ханша былай деп армандайды:
- О, шіркін? Менің мынадай сарайымда көп достарым болса ғой! Мен олармен бірге есеп шығарып, ойнап, көңіл көтерер едім.
Үшбұрыш

1 - тапсырма. Бір аптада неше күн бар?
Жауабы: Бір аптада жеті күн бар
Дүйсенбіде доп ойнадым далада
Сейсенбіде серуен құрдым қалада
Сәрсенбіде сурет салдым сәндетіп
Бейсенбіде би биледім әндетіп
Жұма күні жидек тердім ағаштан
Сенбі күні кино көрдім клубтан
Жексенбіде үйде болдым дем алдым
Осылайша өте шықты бір апта.
Кім бар мына әсем сарайда? Рұқсат болса кірейін. Ханша: Мен Есепбикемін. Сен кімсің?
Үшбұрыш: Мен үшбұрышпын. Менің үш бұрышым, үш қабырғам, үш төбем бар. Мен үйдің төбесіне ұқсаймын.
Ханша: Кіру үшін менің тапсырмамды орында.

Төртбұрыш
Бұл сарайда кім тұрады?
Ханша: Мен Есепбикемін, сен кімсің?
Мен төртбұрышпын.
Менің төрт бұрышым, төрт қабырғам бар.
Мен теледидарға ұқсаймын.
Ханша: Үйге кіру үшін менің тапсырмамды орында.
1 - ден 5 - ке дейін тура, кері сана
0 1 2 3 4 5 5 4 3 2 1 0

Дөңгелек
Бұл әсем сарайда кім тұрады?
Ханша: Мен Есепбикемін, сен кімсің?
Мен дөңгелекпін, менің бұрышым жоқ.
Мен допқа, күнге ұқсаймын.
Ханша: Үйге кіру үшін мына тапсырманы орындайсың

3 - тапсырма
Алма ағашта бес алма Қандай тәтті жесе алма.
Бесеуінде жеп қойсаң,
Қалады онда неше алма?

САНАМАҚ
Төрт қонжық орманда
Келе жатты қорбандап
Біреуі шаршады
Әрмен қарай бармады.

Шаршы
Шаршы: Мына әсем сарайда кім тұрады?
Ханша: Мен Есепбикемін, сен кімсің?
Шаршы: Мен шаршымын. Менің төрт бұрышым, төрт қабырғам тең.
Ханша: Онда сен менің тапсырмамды орында.

4 - тапсырма. 1 - ден 5 - ке дейін санамақ айтып бер.
Бір дегенің - бесігіңді түзедің,
Екі дегенің - егеменді ел едің
Үш дегенің - ана тілің асылың
Басқа тілден мәртебесін асырдың
Төртіншіңіз - төреліктен таймаған
Нұрсұлтанды хан тағына сайлаған
Бес дегенің - берекелі болғаны.

“Көршісін тап” ойыны

Шығармашылық жұмыс
«Кілемшені толтыр»
Балалар кілемшедегі пішіндерге қиық пішіндерді өз орнымен орналастырады
Пішіндерден не Құрастырамыз?
Үй, күн, шырша, үйдің терезесі, есігі.
Сергіту сәті

Бес кәмпитім көп еді,
Сараңдығым жоқ еді.
Бір кәмпитім атаға,
Бір кәмпитім әжеге,
Бір кәмпитім мамаға,
Бір кәмпитім папаға.
Өзіме де жете ме?

Рефлексивті түзету
Балаларды мадақтау

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
10 275
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Тапқырларға тапсырма
Тапқырларға тапсырма
Білімділік: Баланың қарапайым математикалық түсініктерден алған білімін молайту, геометриялық пішіндерді танып, ажырата білуін жетілдіру, қарапайым сан мен санау түсініктерін қалыптастыру, апта күндерін ажырата білуге үйрету.
1-ден - 20-ға дейінгі сандар және олардың таңбалануы.
1-ден - 20-ға дейінгі сандар және олардың таңбалануы.
20 - ға дейінгі сандар қатарымен таныстыру, 20 көлемінде реттік санауға үйрету /тура және кері тәртіппен/.
Пішіндер
Пішіндер
Геометриялық пішіндерді тануға, ойын арқылы геометриялық пішіндерден бейне құрастыруға, тура және кері санауға, санның реттік таңбасының орнын есте сақтауға үйрету.
Геометриялық пішіндер
Геометриялық пішіндер
Жапырақтардың түсі қандай? Осы түстерді ажырата отырып, бүгінгі оқу іс - әрекетінде бүгін біздер геометриялық пішіндермен танысамыз. Үшбұрыш, төртбұрыш, дөңгелек.
Қызықты математика
Қызықты математика
Павлодар облысы, Екібастұз қаласы, №14 "Малышок" балабақшасының тәрбиешісі Жапарова Әйгерім Муслимқызы
Математика әлеміне саяхат
Математика әлеміне саяхат
Білім саласы: Таным Бөлім: Матеметика Математика әлеміне саяхат
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×