Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Пішіндер

03 сәуір 2016, Жексенбі
Категориясы: Бала-бақша
Жамбыл облысы, Т. Рысқұлов ауданы, Құлан ауылы
«Балауса» балабақшасының тәрбиешісі
Даулеталиева Зоя Мырзахановна

«Құлпынай» орта тобы бойынша ұйымдастырылған оқу іс - әрекетінің технологиялық картасы.
Білім саласы: «Таным»
Бөлім: математика
Тақырыбы: «Пішіндер»
Мақсаты: Балалардың қарапайым математикалық дағдыларын қалыптастыра отырып, сандар жайлы түсініктерін тереңдете түсу.
Геометриялық пішіндерді тануға, ойын арқылы геометриялық пішіндерден бейне құрастыруға, тура және кері санауға, санның реттік таңбасының орнын есте сақтауға үйрету.
Шығармашылық ойлау қабілетін одан әрі дамыту.
Көрнекі құралдар: Сандар, геометриялық пішіндер.
Құрал жабдық: Шилар, үлестірмелі пішіндер, қалам, ермексаз, субояқ.
Билингвистикалық ком: Шеңбер - круг, төртбұрыш - квадрат, үшбұрыш - триугольник.
Инклюзивтік әлеумет: Балаларды сұрақтар қою арқылы оқу іс - әрекетіне

Мотивациялық қозғаушы.
Психологиялық дайындық. Балалар, бүгін ерекше күн. Біздің оқу іс - әрекетімізге қатысу үшін қонақтар келіп отыр. Олай болса қонақтар мен сәлемдесейік.

Балалар, енді бір - бірімізге жақсы тілектер айтайық.
Еліміз аман болсын!
Аспанымыз ашық болсын!
Мейірімді болайық!
Деніміз сау болсын.

Іздену ұйымдастырушы
Міне, балалар, сендер тату - тәтті дос екендеріңді білдіріп, бір - біріне жақсы тілектер айттыңдар. Тілектерің қабыл болсын!
- Балалар бізге ғажайыптар әлемінен хат келіпті.
Хат ашылады: Қымбатты балалар! Сендердің ақылды, әдепті, тәрбиелі екендеріңді білеміз. Енді сендердің ойларыңнан қаншалықты ұшқыр екендігін білгіміз келеді. Геометриялық пішіндерде тапсырмалар жазылыпты.
Балалар мынау қандай бұрыш:
Төрт бұрышта мынандай тапсырма жазылыпты:
1. Адасқан сандарды ретімен қой.
Балалар мынау қандай бұрыш?
Үш бұрышта мынандай тапсырма жазылыпты.
2. 5 - ке дейін және кері сана.

Балалар мынау қандай бұрыш?
Шеңбер
Санамақ білесіңдер ме деп жазылыпты.
- Тамаша, өте жақсы балалар, енді «Тап және ата» деген ойын ойнаймыз.
Ойын шарты: Үстел үстінде үлкен, кіші, әр түстегі пішіндер жатыр, солардың ішінен мен атаған пішінді тауып бер.
- Тамаша, өте жақсы ойнадыңдар
Келесі ойынымыз «Өз үйіңді тап»
Ойын шарты: Әр бала үстел үстінен өзіне ұнаған пішінді алып, өз үшін тауып отырады.
Сергіту сәті.
Оң қолымда бес саусақ
Сол қолымда бес саусақ
Алақанды ашамыз
Бесті - беске қосамыз.

Балалар ойын арқылы үш орталыққа бөлінеді. Саусақ жаттығу жасайды.
Төртбұрыш - Жапсыру орталығы. Үй жапсырады
үшбұрыш - Бейнелеу орталығы. Шыршаның суретін салады.
дөңгелек - Мүсіндеу орталығы, доп мүсіндейді.

Күтілетін нәтижелер:
Не алды: 5 - ке дейін ретімен және кері санай алды.
Не білді: Геометриялық пішіндер туралы білді.
Не істей алды: Пішіндерден үй жапсырып, шыршаның суретін салып, доп мүсіндей алды.

Толық нұсқасын жүктеу
4 515
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Қызықты пішіндер (Геометриялық пішіндер)
Қызықты пішіндер (Геометриялық пішіндер)
Қарапайым математикалық ұғымдарын қалыптастыру
Геометриялық пішіндер: дөңгелек, үшбұрыш, төртбұрыш
Геометриялық пішіндер: дөңгелек, үшбұрыш, төртбұрыш
Геометриялық пішіндерді ажырата білуге, оларға ұқсас заттарды таба білуге, пішіні ұқсас заттарды білуге, пішіндерден бейне құрастыра білуге, түстерін айта білуге үйрету.
Геометриялық пішіндер
Геометриялық пішіндер
Жапырақтардың түсі қандай? Осы түстерді ажырата отырып, бүгінгі оқу іс - әрекетінде бүгін біздер геометриялық пішіндермен танысамыз. Үшбұрыш, төртбұрыш, дөңгелек.
Геометриялық пішіндер
Геометриялық пішіндер
Ақтөбе облысы, Ойыл ауданы, «Асанәлі» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны тәрбиешісі Усенгалиева Акбота Елемесовна
Математика әлеміне саяхат
Математика әлеміне саяхат
Білім саласы: Таным Бөлім: Матеметика Математика әлеміне саяхат
Геометриялық пішіндер
Геометриялық пішіндер
Семей қаласы, №38 мектеп - лицей Шағын орталық тәрбиешісі Нугуманова Айшолпан Ел – Амановна
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×