Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Шапан (ұлттық киім)

18 мам 2013, Сенбі
Категориясы: Бәйге
Тақырыбы: Шапан
Мақсаты: Ұлттық киімдер туралы білімдерін кеңейту.
Шапанның суретін салуға, оны әшекейлеуге жаттықтыру. Ою - өрнек түрлерінің ерекшеліктерін көріп, бағалауға баулу. Көркемдік талғамдарын арттыру.
Көрнекіліктер: Шапанның суреті, ақ қағаз, субояқ, желім, плакат, техникалық құрал.

Сабақтың барысы:
* Жылулық шеңбері:
Қуан, шаттан, алақай,
Қуанатын келді күн.
Қайырлы таң, қайырлы күн,
Құрметті біздің қонақтар!

* Балалардан жауап алу:
- Қазір жылдың қай мезгілі?
- Көктемгі табиғатта қандай өзгерістер болады?
- Көктем айында қандай мерекелер бар?
*Сурет бойынша әңгіме.
Наурыз мерекесі жөнінде сурет бойынша әңгімелесіп, қазақ халқының ұлттық бұйымдарына, киімдеріне тоқталу. Буклеттегі суретті көрсете отырып, сұрақтарға жауап алу.

* «Түстерді ата!» ойыны.
Ойынды ойната отырып, шапанның суретін шығарып алу.
- Ендеше, балалар, бүгінгі сабақта біздер шапанның суретін саламыз. Қазақ халқы шапанды «жағалы киім» ретінде бағалайды. Үлкен жиындарда, тойларда адамға «шапан кигізу», «иығына шапан жабу» - үлкен құрметтің белгісі болып саналады. Сондықтан да шапанды төрлеріне іліп қойған. Шапан түсі, ою - өрнегі жағынан әр түрлі болып келеді.

* Жұмыс барысы:
- ақ қағаздың бетіне қалыпты қойып бастыру;
- шапанның жиегіне ою орналастырып бастыру;
- өздеріне ұнаған түсті таңдап, бояп шығу

* Сергіту сәті
Бір, екі, үш,
Жинап бойға күш.
Күнде бестік аламыз,
Қуанып үйге қайтамыз.
Балалардың жұмыстарын қадағалап қарап шығу.

* Сабақты қорытындылау.
«Шапан жайылған керме» ойыны. Балалардың жұмыстарын кермеге жаю. Жақсы, ұқыпты жасалынған жұмыстарды балалармен бірге талдап, мадақтау.
10 369
0
  • 100
9 дауыс


Жаңалықтар
Ұлттық киім: Шапан
Ұлттық киім: Шапан
Балалардың сөздік қорын молайту, ұлттық сана - сезімін ояту, ойлау және есте сақтау қабілеттерін дамыту.
Бір уыс мақта
Бір уыс мақта
Әңгіменің мазмұнын ашып түсіндіру, әңгімелеу арқылы ойын, қиялын дамыту, әңгіме жанрларын ажырату, еңбекті сүйе білуге тәрбиелеу. Шапанға ою - өрнектің суретін салуға жаттықтыру, сурет салу іскерлік дағдыларын меңгерту. Жұмыстың нәтижесіне жете
Бояулар әлемі
Бояулар әлемі
Маңғыстау облысы, Бейнеу ауданы, "Болашақ балабақшасы" МКҚК тәрбиешісі Джубанова Жазира
Ана - біздің гүліміз
Ана - біздің гүліміз
Маңғыстау облысы, Маңғыстау ауданы Нұн Жұбаев атындағы орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Амирова Асемгүл
Ұлттық киімдер
Ұлттық киімдер
Қызылорда облысы, Қазалы ауданы, Бекарыстан би ауылы, № 24 орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі: Шамуратова Куралай
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×