Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Ана - біздің гүліміз

14 қаңтар 2015, Сәрсенбі
Категориясы: Бастауыш сынып
Сабақтың тақырыбы: Ана - біздің гүліміз
Сабақтың мақсаты:
1. Балалардың анаға деген құрметін ояту. Балалық сезімдерін сөз арқылы жеткізе білуді дамыту;
2. Сөйлеу мәдениетін қалыптастыру, шығармашылық қабілеттерін дамыту;
3. Ананы құрметтеуге, ана еңбегін қадірлеуге тәрбиелеу.
Сабақтың көрнекілігі: Интерактивті тақта, слайдты суреттер.

Сабақтың барысы:
I. Ұйымдастыру бөлімі:
а) сабаққа бейімдеу

II. Өткен сабақты пысықтау:
Киіз үй жабдықтарын еске түсірейік? (Шаңырақ, уық, кереге, сықырлауық, баулар т. б.)

III. Жаңа сабақ:
а) Тақырыппен таныстыру
Балалар, жыл мезгілдерін атайықшы?
- Қыс, көктем, жаз, күз.
- Қазір қай мезгіл?
- Көктем мезгілі.
- Көктемгі табиғатта қандай өзгерістер болады?
- Күн жылынады, ағаштар көгеріп, гүлдей бастайды, табиғатта көптеген өзгерістер болады.
- Көктем айларын білеміз бе?
- Наурыз, сәуір, мамыр айлары.
- Қазір қай ай?
- Көктемнің алғашқы айы - Наурыз айы.
Наурыз айында көп мерекелер бар. Көктемнің алғашқы мерекесі – аналар мерекесі. Олай болса, бүгінгі сабағымыз ардақты аналарға арналмақ.

ә) Суретпен жұмыс.
Сурет бойынша әңгіме құра. (Сурет интерактивті тақтадан көрсетіледі)
Әже туралы тақпақ білеміз бе? Бірге айтайық.
Әжем келді ауылдан,
Алақай – ау, алақай.
Әже бары жақсы ғой,
Қуанышты балақай.

б) Әліппе – дәптермен жұмыс.
Анамызға арнап құттықтау хат дайындау. (Үлгі интерактивті тақтада көрсетіледі)

в) Сергіту сәті.
Орнымыздан тұрайық,
Қарлығаш болып ұшайық.
Ұшып – ұшып алайық,
Орнымызға қонайық.
г) Біз білімді баламыз. (Сұрақ – жауап)
* Аяулы жан? (ана)
* Бағдаршамның көздері нешеу? (3)
* Бір аптада неше күн бар? (7 күн)
* Дауысты дыбыс қандай түспен белгіленеді? (қызыл)
* Еліміздің бас қаласы? (Астана)
* Еліміздің президенті? (Н. Назарбаев)
* Көктемгі жапырақтың түсі? (жасыл)
* Үшбұрышта неше бұрыш бар? (3)
* «Ана» сөзінде неше буын бар? (2)
* «Бала» сөзінде неше буын бар? (2)

д) Өлеңді бірге жаттайық.
Үлкенмін ғой мен енді,
Жудым бүгін еденді.
Аналарға арналған,
Жаттап алдым өлеңді.
С. Оспанов.

е) Топтық жұмыс.
Топтасып көктемге, аналарға байланысты сурет саламыз.
Балалар ненің суретін бейнелегенін әңгімелеп, түсіндіреді.

IV. Қорытындылау
Мадақтау.
7 539
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Ардақтысың сен – ана! мерекесі
Ардақтысың сен – ана! мерекесі
Музыкалық тақырыптық шығармаларды сауатты орындау арқылы балалардың рухани мәдениетін қалыптастыру. Анаға, әжеге деген сүйіспеншілікті ән құдіретімен жеткізу. аналарымызды сыйлауға тәрбиелеу.
Бәйшешек. Жауқазын
Бәйшешек. Жауқазын
Оқушыларда заттың атын білдіретін сөздер туралы ұғымды меңгерту. Гүлдердің қасиеті, мәні туралы әңгімелеп, балалардың эстетикалық сезімдерін қалыптастыру.
Жыл мезгілдері
Жыл мезгілдері
Астана қаласы, «№3 мектеп - гимназиясы» КММ қазақ тілі мұғалімі Сокпакбаева Замзагүл Абылмашевна
Уақытты бағдарлау
Уақытты бағдарлау
Сабақтың тақырыбы: Уақытты бағдарлау
Көктем
Көктем
Қызылорда қаласының №267 орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Арихова Ләйлә Жәкебайқызы
Көктем
Көктем
Байқоңыр қаласы, К.Э.Циолковский атындағы №2 жалпы білім беретін орта мектебінің 7 «Б» сынып оқушысы Жамбылова Гүлсая Ұстазы: Жакупова Алмагуль Байдуллаевна
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×