Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Бояулар әлемі

05 ақпан 2015, Бейсенбі
Категориясы: Бала-бақша
Тақырыбы: "Бояулар әлемі"
Мақсаты: Бейнелеу өнеріне қызығушылықтарын арттыру, бейнелеу материалымен ойын ойнауға ынталандыру, балаларға қуаныш сыйлау, шығармашылық шабыт ахуалын қалыптастыру.
Көрнекі құралдар: Қылқалам, бояу, губка, трафарет, орамал, су құйғыш құрал.
Сөздік жұмыс: Гүл, бетперде, трафарет.
Шаттық шеңбері

Қуан, шаттан алақай!
Қуанатын күн келді!
Қайырлы таң!
Қайырлы күн!
Сәлеметсіздер ме, достарым!
Ән - күй ойнап тұрады, балалар қарындаштың суреті бар бетпердені киіп бояулар патшалығына қонаққа барады.

Бояу ханшайымы: Сәлеметсіңдер ме қарындаштар! Келгендеріңе қуаныштымын. Менің патшалығым өте үлкен оның тұрғындары сурет салады. Сендер сурет салуды ұнатасыңдар ма?
- Балалар қараңдаршы, бояу ханшайымының көйлегі өте әдемі.
Бояу ханшайымы: Иә, балалар сендер мұқият қараңдаршы, менің көйлегімде бояудың әртүрлі түстері бар. Сендер түстерді ажырата аласыңдар ма? Олай болса айтып берейікші қандай түстер бар екен.
- Мынау ненің суреті?
- Кемпірқосақ бірнеше бояу түстерінен тұрады. Қандай?
- Балалар қазір біз екі бояуды араластырып үшінші түс шығарып көрсетеміз.
Ақ + көк = көгілдір
Сары + қызыл = қызғылт сары
Сары + көк = жасыл.
Бояу ханшайымы: Жарайсыңдар.
- Бояу ханшайымы қарындаштар сізге сыйлыққа гүлдің суретін салып бермекші.
- Балалар гүлдің суретін салып береміз бе?
- Гүлдің не екенін білеміз бе? Иә, гүлдер өте әдемі болады және оның көптеген
- Гүлді біздер трафареттің көмегімен саламыз.

Сергіту сәті.
Қызыл, жасыл, қарамыз,
Қолға кезек аламыз.
Қарындашпен әртүрлі,
Алуан сурет саламыз,
Қарындаштың көмегі,
Міне қандай көп еді.
Ұстай біл де, ұстай біл,
Түрлі өрнек салу біл.
Бояу ханшайымы: Жарайсыңдар, қарындаштар сендер қандай ертегі білесіңдер? Біздің патшалығымыздағы тұрғындар ертегі кейіпкерлерді бейнелейді, қараңдаршы. Ой, мына суретті қиып тастаған кім?
- Бояу ханшайымы мұңаймаңыз қарындаштар сізге көмектеседі. Көмектесеміз бе?
- Олай болса қазір біздер ертегі кейіпкерлерін құрастырамыз.

Дидактикалық ойын: «Ертегі кейіпкерлерін құрастыр»
Бояу ханшайымы: Қандай тамаша, әдемі суреттер! Рахмет.
Бояу ханшайымы сіздерде рахмет. Біздердің кететін уақытымыз болды. Сау болыңыз!

Рефлексивті коррекциялаушы
(Балалар бетпердесін шешіп топқа оралады.)
- Балалар сендерге саяхат ұнады ма?
- Біздер қайда қонаққа бардық?
- Бояу ханшайымының көйлегінен қандай түстер көрдік?
- Бояу ханшайымына ненің суретін салып бердік?
- Жарайсыңдар, балалар белсенді қатысқандарыңа рахмет.
Күтілетін нәтиже:
Білуі керек: Бояу түстерін ажырата білуі.
Болуы керек: Бейнелеу өнеріне деген қызығушылығы
Баланың қолынан келуі: Қылқаламмен ұқыпты, таза жұмыс жасай білуі.
21 441
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Сиқырлы сурет сырлары
Сиқырлы сурет сырлары
Сурет әртүрлі бояулармен: акварельмен (қағазға немесе картон), майлы бояумен (холстқа, картонға, ағашқа), пастельмен (ерекше түрлі - түсті қарындаштармен қағазға немесе картонға) салынады.
Бояулар сыры
Бояулар сыры
Бояулардың түрлерімен таныстыру. Негізгі және қосымша түстермен жұмыс жасауға үйрету. Эстетикалық талғамдарын дамыту. Түстерді үш тілде айту. Балаларды сурет салуға үйрету
Ғажайыпстанға Саяхат
Ғажайыпстанға Саяхат
Ертеде бір ханшайым өмір сүріпті. Оның әдемі зәулім үйі бар екен, бірақ үйі сондай көңілсіз болған екен, себебі оның бақшасы болмапты. Бір күні ханшайымға бір атай келіп екі гүл сыйлапты, бір гүл – қызыл, ал екінші гүл көк түсті.
Сырлы бояу сыр шертеді
Сырлы бояу сыр шертеді
Маңғыстау облысы, Түпқараған ауданы, Баутин ауылы, "Ақбота" балабақшасының бейнелеу пәні мұғалімі Дуймбаева Райхан Аманжоловна
Бояулар патшалығына саяхат
Бояулар патшалығына саяхат
«Алақай» балабақшасы Дайындаған Қуаншалина А. А. Өткізген Абдырзақова Ж. А.
Бояулар бізде қонақта
Бояулар бізде қонақта
Балалар назарын негізгі түстерге көңіл бөлуге, түстерді ажырата білуге үйрету; Негізгі бояуларды бір-бірімен қосу арқылы әр түрлі түстердің алу жолдарын үйрету. Жылы және суық түстерді меңгеру.
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×