Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Ұлттық киім: Шапан

18 қараша 2018, Жексенбі
Категориясы: Бастауыш сынып
Топ: 2 - кіші топ
Білім беру саласы Қатынас
Бөлімі Тіл дамтыу
Тақырып: Ұлттық киімдер
▪ а) Балаларға қазақтың ұлттық киімдері туралы мағлұмат беру.
ә) Балалардың сөздік қорын молайту, ұлттық сана - сезімін ояту, ойлау және есте сақтау қабілеттерін дамыту.
б) Ұқыптылыққа, ептілікке тәрбиелеу.
▪ түсіндіру, көрсету, сұрақ - жауап
Технология: «Тәй - тәй» технологиясы
Қажетті құралдар: шапан, қоржын, ұлттық киімдер үлгісі және суреттері, желім.

Сабақ барысы
Ұйымдастыру - оятушылық
Амандасу шеңберін ұйымдастырады.
▪ Сәлеметсіңдер ме, балалар! Бәріміз бір - бірлеріміздің қолымыздан ұстап, үлкен шеңбер жасап тұрайық.
▪ Балалар, біз таңертеңгісін ұйқыдан тұрғанда алдымен қай жаққа қараймыз?
▪ Онда нені көреміз?
▪ Дұрыс айтасыңдар.
▪ Егер олар жарқырап нұрын шашып тұрса, қалай қуанамыз?
▪ Олай болса, балалар, бәріміз қуанып, жаңа күнді қарсы алып, шеңбер жасап отыра қалайықшы.
▪ Қыз бала қалай отырады, ұл бала қалай отырады?
▪ Қане, балалар, қолдарымызды бір - бірімізге түйістіріп көрейікші.
▪ Не сезіп тұрсыңдар?
▪ Осы алақан жылулары арқылы бір - бірімізге игі тілектер мен жылы лебіздер білдірейік.
▪ Көп жасаңдар. Айтқан тілек сөздерің қабыл болсын, ниеттеріңе жетіңдер!
▪ Ал қоржынның қалтасында не бар екен, оны да алып көрейікші. Қане, балалар, кім айтады, мынау қандай зат?
▪ Дұрыс біз бүгін қазақтың ұлттық киімі – шапанмен таныс боламыз. Балалар жыл мезгіліне байланысты шапанның бірнеше түрі болады.
Шолақ жеңді, ұзын жеңді шапан, ал қыс кезінде киетін қалыңдау түрін – шекпен деп атайды. Шапанның ұзын да, қысқа да түрлері болады.
▪ Балалар, шапанды ұстап көріңдер, неден жасалады екен?
▪ Шапанның түсі қандай екен?
▪ Шапанның шеті немен безендірілген?
▪ Шапанды кімдер киеді?
▪ Балалар, шапанды біз қандай мерекеде киеміз?

Көктөбе ауылы, «Балдаурен» балабақшасы
Тәрбиеші: Гульмира Калидоллаевна Жагипарова
Ұлттық киім: Шапан жүктеу
2 592
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Ұлттық киімдер
Ұлттық киімдер
Ізденімпаздыққа, шығармашылық қабілетін дамытып сабаққа қызығушылығын және ойлау қабілетін арттыру. Үнемділікке, ұқыптылыққа, талғампаздыққа, халықтың ұлттық киімдерін қастерлей білуге тәрбиелеу.
Ұлттық киімдер
Ұлттық киімдер
Тапсырмалар жазу арқылы ойлау қабілеттерін дамыту. Оқушылардың тіл белсенділігін, жазу мәдениетін дамыту. Ой - өрістерін, есте сақтау қабілеттерін дамыту. Сөздерді меңгерту арқылы сөздік қорларын, тіл байлықтарын байыту.
Шапан (ұлттық киім)
Шапан (ұлттық киім)
[right]Иксангалиева Жұмабике Өтегенқызы Атырау облысы, Жылыой ауданы, Құлсары қаласы № 21 жалпы негізгі білім беретін мектеп
«Қазақтың ұлттық киімдер» тақырыбын бекіту сабағы
«Қазақтың ұлттық киімдер» тақырыбын бекіту сабағы
Мұсалимова Гүлнар Рақымқызы Қазақ тілі мен әдебиет пәні Астана қаласындағы халықаралық үздіксіз білім беру колледжі
Ұлттық киімдер
Ұлттық киімдер
Қызылорда облысы, Қазалы ауданы, Бекарыстан би ауылы, № 24 орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі: Шамуратова Куралай
Ұлттық ойындар
Ұлттық ойындар
Атырау қаласы №2 орта мектебінің даярлық тобы мұғалімі Құдайбергенова Ақырыс Нұрдаулетқызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×