Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Қиын оқушылармен жүргізілетін жұмыстардың психологиялық ерекшеліктері

21 мам 2013, Сейсенбі
Категориясы: Бәйге
Қиын оқушылармен жүргізілетін жұмыстардың психологиялық ерекшеліктері

«Қиын оқушы» деген термин қазіргі практикада жеке басын тәртіпке салу қажет балалардың ортасын білдіреді.
Бұған ересектердің талабына, кеңесіне қарсылық көрсететін тілазар, ерке, қыңыр балалар да жатады. Мұндай ауытқудың іс жүзіндегі себебін анықтау оларға қатаң талап қоя және іс - әрекеттің ұжымдық формасына енгізе отырып, балалардың қажеттілігі мен ынтасына назар аудару - еркелік, қыңырлық, тілазарлықты болдырмау мен оны жеңудің негізгі жолы.

Мінез құлқы қиын оқушылар арасында жүргізілген көптеген зерттеулер қорытындысы бойынша үлгермеушілер қатарын бастауыш сынып оқушылары толықтырып отыратын көрінеді. Мінез - құлықтың мұндай белгілерінің пайда болуының өзі болашақта әлеуметтік - психологиялық дезадаптацияның тұрақты түрлерінің қалыптасуына, мінез - құлық бұзылуының клиникалық және криминологиялық белгілерінің пайда болуына әкеп соқтырады.
Қиын балалардың психологиялық ерекшеліктері теориялық тұрғыда талқыланды. Бұл мәселенің ары қарай талқылануына үлес қосқан зерттеушілер қатары да біршама.

Бастауыш мектеп кезеңі баланың жеке басының ары қарай қалыптасуы үшін аса маңызды рөл атқарады. Оның өмірінде мектеп табалдырығын аттаған күннен бастап айтарлықтай өзгерістер пайда болады, бала үшін жетекші орын алатын оқу әрекеті қалыптасады.
Баланың жеке қасиеттерінің, психикасының дұрыс дамып жетілуі үшін педагогтік ұжымдардың кәсіптік білгірлігі, ата - аналардың саналы көзқарасы және осы принциптерге негізделген мектеп пен отбасы арасындағы тығыз одақ, нәтижелі жұмыс қажет.

Оқушының жеке басына тән қасиеттерді тек «мен» деген қасиет тұрғысынан ғана бағалап қоймай, тиісті мөлшерлерге қалайша бағынады, мінезі, ерік - жігері қандай, ашуланғыш, не сабырлы келе ме, әсемдікті ажыратудан талғамы және өзгелермен қатынасы қандай - осы жөнінен алып қарауға болады.

Мінезі қиын балаларды мектеп мотивациясы төменгі деңгеймен сипатталады.
Мінез - құлқы төмен балалармен жұмыс істеу барысында олардың психологиялық ерекшеліктерін есепке алып отыру керек. Өзін - өзі бағалау, ең алдымен, жеке тұлғаның әрекеті арқылы қалыптасады. Бірақ бағаны әрдайым айналадағы адамдары береді. Өзіне деген сенімі өзгелердің пікірі арқылы қалыптасады. Егер айналадағы адамдар балаға үнемі дұрыс қарым - қатынас жасаса, онда ол өзін осы сыйластыққа лайық екнмін деп санайды, ал егер керісінше, оның жасаған істерінің кемшіліктерін бетіне басып, ұрсып, жаратпай жатса, оған өзім лайық емеспін дегеннен басқа ештеңе қалмайды. Және бұл жағдайда баланың реакциясы әр түрлі болады.
Қазіргі зерттеулерге қарағанда, тәртіп бұзуға ең бірінші түрткі болған оқиға баланы тікелей тәртіпсіздікке әкелмейді, әуелі қайғыға баланы ашуланшақтыққа әкеліп соқтырады.

Міне тәртіп бұзу содан пайда бюолады. Тәртіп бұзушылықтың салдарының негізгі – сабаққа үлгере алмаушылық. Кейбір оқушы құрбыларынан сабақта арта қалып қойып, тәртіп бұзуын өзінше батырлық деп санайды. Мұны өзгелердің көзінше көрсеткісі келеді. Бұл көбіне менменсіген, бала мінезінің дұрыс тәрбиеленуінен болады. Бірақ осылай болған жағдайда да, тәртіпсіздікті баланың бойына біржолата сіңіп кетке әдеттен деп, барлық себептен содан іздестіруге болмайды. Өйткені, тәртіп бұзу тек өзіне ғана байланысты емес, оның үй ішіндегі жағдайларға да, айталық, ата - ана бірлігінің жоқтығына және баласына қойған тала,ың әр түрлі болып келуіне байланысты. Бала үнемі жақсы психологиялық жағдайда тәрбиелену, оқуы, өсуі қажет. Сонда балада жағымды «мен» бейнесі қалыптасады, өзіне деген сенімділігі туады. Мұндай «мен» бейнесі кез - келген баланың жақсы жағдайда, нәтижеге жетуіне, дұрыс дамуына мүмкіндік береді.

Тәрбиесі қиын балаларды тудыратын себептердің бірі - балаларын оқытуда, тәрбиелеуде ата - аналардың жауапкершілік сезімінің жоқтығы бала мінезінде мейрімсіздікті, яғни қатыгездікті, дөрекілікті, өзімшілдікті туғызады.

Екінші себеп - бұл үйдегі сәтсіздік, маскүнемдік, ұрыс - төбелес, ұрлық, ата - аналардың және басқа отбасы мүшелерінің жеңілтек мінез - құлқы, ал бәрінен жаманы – ажырасу, неке бұзу.
Отбасы тәрбиесінде ата – аналардың мінез - құлқы шешуші фактор. «Сіз өз балаңыздың тәрбиесін бастамас бұрын өзіңіздің мінез-құлқыңызды тексеріңіз» деген болатын А. С. Макаренко. Оның сөзін жалғастыра келіп,... егер сіз дөрекі және мақтаншақ немесе маскүнем болсаңыз... ал, онда сізге тәрбие туралы ойланудың қажеті жоқ.

Егер әке маскүнем болса, мектеп жасына дейінгі балалар жүйке ауруынан (невроз), жиі қояншық ұстамадан (эпилепсия) азап шегеді, олардың ақыл - ойы баяу дамиды. Мұндай балалар енжар, тынымсыз, ашушаң келеді. Әрбір ата - ана азғындыққа түспеу үшін күш қабілетін пайдаланып, балаларға мейірімді өнеге мен әсер ету керек.

Үшінші себеп - ұл балаға үнемі жеткіліксіз көңіл аударылады. Кейбір отбасы баланың ішкі дүниесін, тілектерін, ойларын, қайғысын қоршаған ортаға қатынасын жете біле бермейді.
Тату отбасында ата - аналар балалардың күнделікті өмірі мен іс - әрекетіне басшылық жасайды. Балалардың өздерінің қуанышын, қайғыларын, ойларын, уайымдарын бөлісуге үйретеді, саяси мәселелерді, жаңа фильмдер мен кітаптарды бірлесе отырып талдайды, өздерінің сүйікті әндерін орындайды.
Отбасы бала үшін өмір мектебі, онда мейірбандық, шындық, адалдық, қайрымдылық, еңбексүйгіштік, т. б. тәртіп пен мінез - құлық қасиеттері дамиды және қалыптасады. Отбасында қоғамның келешек азаматы өседі.
Басқаша айтқанда, отбасы жеке адамның тәртібі және мінез - құлық негізін қалайтын микро - ұжым.
В. Г. степанов, В. А. Крутецкий мінез құлықтағы қиындық мәселесін қарастыра келе оқушыларды екі қатарға бөлнді:

Бірінші қатарға адамгершілік дамуында және мінез - құлқында, шамамен алғанда өте үлкен емес ауытқушылықтары бар оқушылрды жатқызады, олар – тәртіпсіз, жалқау, қыңыр, дөрекі, өтірікші балалар. Тәртіптілік өзіне және басқаларға деген жоғарғы талап қоюшылық, киіміндегі тазалық және жинақтылық сияқты және т. б. көрсеткіштерден айқындалады. Тәртіпті емес мінез - құлықты осыған қарама - қарсы көрсеткіштерден: жұмыстан жалтарып кетуге тырысу, берілген тапсырманы орындамау, адал еместік, өзінің жеке қызығушылықтарын достарының арасында жүзеге асыруға тырысу, үнемі тәртіпті бұзуынан және т. б. байқалады.
Екінші қатарға жеке акцентуациясында және мінез - құлқында қиындығы бар балаларды жатқызады.

Үлесімдік типтегі Балалар барлық жеке қасиеттері қалыптасқандығымен сипатталады, олардың қиналыс және қауіп - қатерлік сияқты психологиялық факторларды іс жүзінде қалыс қалады. Олар интеллектің жоғары деңгейіне ие болады, көпшіл, өзіне сенімді, орындалатын жұмысқа адал ниетпен кіріседі, өзінің мінез-құлқына ойдағыдай баға береді.

Әлеуметтік - болжамды типіне жататын балалар үйлесімді тип сияқты жекеліктің тұрақты құрылысына ие болады, бірақ оларда жағдайға байланысты өте күшті тәуелділік, өзін қоршаған ортамен сәйкестендіруге тырысушылық, дұрыс мінез - құлық мөлшерін сақтап, іс - әрекет жасауға деген қажеттіліктері өзгешелендіреді.
Үстемдік типіндегі балалардың айрықша ерекшелігі дербестігі, тәуелсіздік, өзін - өзі сендіруге тырысушылық. Олар өздеріне өте сенімді, тәуекел жасауға бейім тұрады және әлеуметтік батылдыққа ие болады.

Қауіп - қатерлі типтегі балаларға жоғары эмоционалдық тұрақсыздық, тым мазасыздану, қауіп - қатерлік төменгі стрестік, тұрақтылық тән.
Әсерленгіш типтегі балаларға жасқаншақтық пен ұялшақтық тән. Бұл типтегі балалар үшін өрескелдік, жылылықтың болмауы, басқалардың күлуі, психотравмды жағдай болып табылады.
Интровертивті типтегі оқушылардың тұйық, жанасымы кембалалар. Олар үшін біреулермен байланысқа түсу қиындық тудырады.
Инфантивті типтегі балалардан эмоционалды - еріктік сфералары жетілмегендіктен, өзіндік шешім қабылдаудағы сезім дәрменсіздігі, қорғансыздығы көрінеді.
Бала көп жағдайда өзін дұрыс ұстамайды, ол оның тәрбиесіздігінен, қажетті позитивті білімнің, дағдысының, ақлының қалыс қалуынан, қараусыз қалу, қоршаған ортаның теріс ықпалынан, соның нәтижесінде әлеуметтік - психологиялық дезадаптациясының дамуынан, т. б. көрінеді. Балаға мұғалімнің, ата - аналарының немқұрайлығының өршуі, құрбы-құрдастарымен өзара қарым - қатынастырының дұрыс болмауы қоғамда қиын баланың көбеюіне әкеліп соғуда.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
39 669
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Қиын балалардың мінез – құлқын түзетудің психологиялық мәселелері
Қиын балалардың мінез – құлқын түзетудің психологиялық мәселелері
Қоғамның мораьдық нормалары мен талаптарына сәйкес келмейтін мінез - құлықтың әдетте әлеуметтік жат деген терминдермен белгілеу қабылданған.
Қиын балалардың мінез – құлқын түзетудің психологиялық мәселелері
Қиын балалардың мінез – құлқын түзетудің психологиялық мәселелері
Қоғамның моральдық нормалары мен талаптарына сәйкес келмейтін мінез - құлықтың әдетте әлеуметтік жат деген терминдермен белгілеу қабылданған.
Қиын оқушылармен және ата – аналармен өткізілетін жұмыс ерекшелігі
Қиын оқушылармен және ата – аналармен өткізілетін жұмыс ерекшелігі
Оқушылармен ата-аналарға жан-жақты талдау жасай отырып, мектеп, ұстаз, ата - ана қарым-қатынасын нығайту.
Қиын балалардың психологиясы және тәрбиелеу жолдары
Қиын балалардың психологиясы және тәрбиелеу жолдары
Қостанай облысы, Арқалық қаласы, №6 А.Құнанбаев атындағы орта мектептің Әлеуметтік педагогы Балдаева К.Р.
Сынып жетекшілерге арналған психологиялық сауалнама
Сынып жетекшілерге арналған психологиялық сауалнама
Сынып жетекшілерге арналған психологиялық сауалнама
Девинатты мінез-құлықтың психологиялық ерекшеліктері
Девинатты мінез-құлықтың психологиялық ерекшеліктері
Девиантты мінез - құлықтың психологиялық ерекшеліктері
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×