Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Девинатты мінез-құлықтың психологиялық ерекшеліктері

31 қаңтар 2014, Жұма
Категориясы: Психология
Девиантты мінез - құлықтың психологиялық ерекшеліктері
Девиантты мінез - құлық ( лат. deviatio - ауытқу) - жалпыға ортақ ережелерден ауытқитын әлеуметтік іс - әрекет, осы ережелерді бұзатын адамдар мен әлеуметтік топтардың қылықтары; қабылданған құқықтық немесе моральдық нормаларды бұзған адамның мінез-құлқы.
Кең мағынасында девиантты мінез - құлық кез келген әлеуметтік ережелерден (мысалы, оның ішінде жағымды: батырлық, аса еңбек - қорлық, альтруизм, өзін құрбан ету, аса үлкен рөл ойнау, жетістіктермен қатар, жағымсыз: қылмыс, қоғамдық тәртіпті бұзу, адамгершілік ережелерін, дәстүрді, әдет - ғұрыптарды аттап өту, өзіне - өзі қол жұмсау және т. б.) ауытқушылықты білдіреді. Ал, тар мағынасында қалыптасқан құқықтық және өнегелік ережелерді тек белінен басып, аттап өту деп түсініледі. Мүндай девиантты мінез - құлық әлеуметтік өмірді ыдыратып, әлеуметтік аномияға әкеп соқтырады.
Әлеуметтенудегі девиантты мінез - құлық тұжырымдамасын қалыптастырған француз әлеументтанушысы Эмиль Дюркгейм. Ол әлеуметтік девиацияны түсіндіру үшін аномия тұжырымдамасын ұсынды. «Аномия» термині француз тілінен аударғанда ұжымның, заңның болмауы. Ал, Роберт Мертон мінез - құлық ауытқушылығының себебін қоғамның мәдени мақсаттары мен оған жетудің әлеуметтік мақұлданған жолдарының арасындағы үйлеспеушілік деп түсіндіреді.
Девиантты мінез - құлықтың көрсеткіштеріне: агрессия, демонстрация, оқудан, еңбектен бет бұру, үйден кету, алкоголизм, наркомания, қоғамға жат қылықтар, жыныстық жат мінез - құлық, суицид т. б. жатады.
Делинквентті мінез - құлық. Ол заң бұзушылықпен ерекшеленеді. Оның мынадай типтері бар:
1. Агрессивті - зорлаушылық мінез - құлық. Бұл жеке тұлғаға көрсетілетін дөрекілік, төбелес, күйдіріп - жандыру сияқты жағымсыз іс - әрекеттерде көрініс береді.
2. Ашкөздік мінез - құлық (корыстное поведение): майда ұрлықтар, қорқытып - үркіту, автокөлік ұрлау т. б. жалпы материалдық пайдакүнемдікке байланысты жат мінез - құлық.
3. Наша сату және тарату.
• Криминалды мінез - құлық заң бұзушылық болып табылады. Балалар сот үкімі арқылы жасаған қылмысының ауырлығына байланысты жазаланады.
Девиацияны зерттеуші көптеген ғалымдар девиантты мінез - құлықтың пайда болу факторларын түрліше түсіндіреді. Біріншілері оларды екі үлкен топқа ішкі және сыртқы факторлар деп бөлсе, екіншілері оларды бөлмей:
• жанұяда берекенің болмауы;
• ата - ананың «ерекше» қамқорлығы;
• тәрбие берудегі кемшіліктер;
• өмірде кездесетін қиыншылықтар мен күйзелістерді жеңе алмау;
• өмірлік дағдының болмауы, айналысындағы адамдармен, құрбыларымен жарасымды қатынасқа түсе алмауы;
• сырттан келген қысымға төтеп бере алмау, өз бетінше шешім қабылдай алмау, сынаушылық ойды дамыта алмау;
• психоактивті заттарды жиі пайдалануы;
• агрессиялық жарнаманың ықпалды болуы;
• мектептерде психологиялық көмек көрсету қызметінің нашар дамуы;
• балалар мен жасөспірімдердің бос уақытының проблемалары

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
9 630
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Әлеуметтенудің әлеуметтік - психологиялық аспектісі
Әлеуметтенудің әлеуметтік - психологиялық аспектісі
Адам баласы материалдық және рухани өмірдің ортасында тіршілік етеді де, өзі өмір сүріп отырған қоғамның мүшесі ретінде өзіндік ақыл - парасатымен, жеке бастың өзіне тән ақыл - ой, ерік - жігер, мінез - құлық ерекшелігімен көрінуге тырысып бағады.
Адам мінезімен танылады
Адам мінезімен танылады
Адам өзін - өзі тәрбиелеу үшін өзінің мінез - құлқын танып, өзіне сыни көзбен қарай алатындай қабілетке ие болуы керектігін біледі.
Қиын балалардың мінез – құлқын түзетудің психологиялық мәселелері
Қиын балалардың мінез – құлқын түзетудің психологиялық мәселелері
Қоғамның моральдық нормалары мен талаптарына сәйкес келмейтін мінез - құлықтың әдетте әлеуметтік жат деген терминдермен белгілеу қабылданған.
Мінез - адам көрсеткіші
Мінез - адам көрсеткіші
Оқушылардың мінез - құлық құндылығы туралы түсініктерін кеңейту.
Адам мінезімен танылады
Адам мінезімен танылады
ШҚО,"Зырян қаласы, №9 орта мектеп"КММ өзін - өзі тану пәні мұғалімі Тандыбаева Гульмира Толкуновна
Балалардың девиантты мінез құлқы
Балалардың девиантты мінез құлқы
Ермуханова Нұржамал Амирхановна Ақтөбе облысы Шалқар қаласы №5 орта мектеп психологы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×