Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Қиын балалардың мінез – құлқын түзетудің психологиялық мәселелері

29 шілде 2019, Дүйсенбі
Категориясы: Бастауыш сынып
«Қиын» балалардың мінез – құлқын түзетудің психологиялық мәселелері
Қоғамның мораьдық нормалары мен талаптарына сәйкес келмейтін мінез - құлықтың әдетте әлеуметтік жат деген терминдермен белгілеу қабылданған. Ми потологиясына байланысты болатын балалардың аномал (кемісті) мінез - құлқынан айырмашылығы, әлеуметтік жат мінез – құлық әлеуметтік жағынан негізделген, жағымсыз шағын ортаның теріс ықпалымен, семьядағы дұрыс емес, өзара қарым қатынастарымен, семья мен мектеп тәрбиесінің олқылықтарымен, қателіктерімен сабақтас.

«Қиын» деген термин қазіргі практикада жеке басын тәртіпке салу қажет балалардың кең ортасын білдіреді. Бұған ересектердің талабына, кеңесіне қарсылық көрсететін тілазар, ерке, қоңыр балалар да жатады. Мұндай ауытқудың іс жөнінде себебін анықтау оларға қатаң талап қоя және іс әрекеттің коллективтік формасына енгізе отырып, балалардың қажеттілігі мен ынтасына назар аудару – еркелік, қыңырлық, тілазарлықты болдырмау мен оны жеңудің негізгі жолы.

Балалардың белгілі бір бөлігі сотқарлығымен, тәртіпсіздігімен, дөрекілігімен ерекшеленеді. Мұндай оқушыларға жеке жол табу әсіресе қажет, алдымен олардың тәртіпсіздігінің түп - тамырын анықтау керек. Бұл балалармен жұмыс істеу олардың белсенділігін, инициативасын мақсатқа сәйкес ұйымдастыруды, олардың адамгершілігін, белгілі дербестігін құрметтеуді көздейді.

Балалардың ерекше тобын мінез - құлқында еңбекке құштар ықыласы мен әдеті жоқ, жалқау балалар құрады. Тәрбиешілерге мұндай баланың ұмтылысын, күш – жігер көрсетуін аңғарту және мадақтау, оның, бойында еңбекке деген қажетсінуін ояту, сан алуан іс - әрекеттен қуаныш табуды үйрету өте қажет.

Ең теріс қасиеті жалған айту болып табылатын балаларда бар. Мұндай кемшілікпен күресе отырып, қиялдау (мектепке дейінгі кіші шәкірттік шақтағыларға тән) мен шындықты әдейі бұрмалауды ажырату қажет. Жалған айту жаза алудан қорқудың да, жағымсыз қылықтарын жасыруға ұмтылудың да, өзін таныту, айналасындағылардың назарын өзіне аудару тілегінің де салдары болуы мүмкін. Балалардың жолдастықты өзінше бір түсінуі, жолдастарының теріс қылығын жасыру амалы ретінде де өтірік айту жиі кездеседі. Біріншіден, бала өтірігінің нақты себебін анықтау, екіншіден өтіріктің барлық жағымсыз көріністерін, оның қорқақтықпен, екі жүзділікпен өзара байланысын сыпайы көрсете отырып, шыншылдық сенім, өзара құрмет және талап қоюшылық жағдайын туғызу үшін тәрбиешіге көп тер төгу қажет.

Қиын балалармен жұмыс істеу:
1) балаға ілтипатпен, ізгі тілектестікпен қарау;
2) oның жағымды қасиеттеріне сүйену;
3) оның адамгершілік күшіне, потенциалды мүмкіндіктеріне сену сияқты өте биязылықпен жеке - дара қатынасты қажет етеді.
Педагогикалық жағынанан алғанда, бетімен жіберілген балалармен – тәртіп бұзушы жетекшілермен тәрбие жұмысын жүргізу мейлінше күрделі. Бұл жетекшілерге көбіне ырықсыз мінез – құлық, жеке бас құрылымының бұзылуы, айқын көрінген әлеуметтік жат, оның ішінде жасына лайық есем қажеттіліктердің болуы, немденуге бағдарланған қалыптан тыс, «тікелей» тілектердің болуы, достық, жолдастық, парыз, ар - намыс туралы теріс түсінікке алып келетін қарым – қатынастағы қажеттіліліктің бұрмаланған бағыттылығы тән. Тәртіп бұзушы жеткіншектерде рухани, танымдық, эстетикалық қажеттіліктер деформацияланған. Атап айтқанда, оқуға деген ынта жойылған. Сонымен бірге тәртіп бұзушы жеткіншектер, зерттеулер көрсеткеніндей, қалыпты интеллектуалдық мүмкіндіктерді игереді, сондықтан көп салалы іс - әрекеттің берілген жүйесіне оларды мақсатты түрде тартып отыру интеллектуалдық жүгенсіздік пен енжарлықты жоюға көмектеседі.

«Қиын» балалардың көпшілігінде теріс қылықтар ересектікке бой ұрудан, өзінің правосын жете түсінбеуден, ересектердің олaрды мойындауына жетуге ұмтылуының салдары болып табылады.

Жеке адамның адамгершілік жағынан бұзылуға әкеп соқтыратын қақтығысты ситуацияның түп тамыры семья тәрбиесінің кемшіліктерінде жатыр.
«Қиын» балаларды осылай типке бөлу тәрбие ықпалы жүйесін тұтасымен түзетуге мүмкіндік беріп қоймай, сонымен бірге, қиын қақтығыс жағдайында тұрған әрбір балаға жеке дара қатынас жасауда жүзеге асыруға жол ашады. Мұнда «қиын» мектеп оқушыларын жан - жақты қоғамдық пайдалы іске тарту жұмысының жүйесі өте маңызды. Бұл қызметті ұйымдастырғанда олардың ерекшеліктерін ескереді, оны көп салалалы коллективтің тарам - тарам жүйесі арқылы іске асырады.

«Қиын» оқушыны зерттеу және қайта тәрбиелеу жолдары
Жасөспірімнің мінез - құлқы – жанұядағы қарым - қатынас қалыптастыруының нәтижесі. Сондықтан тәрбиені жанұядан бастаған жөн. Жанұядағы өзара қарым - қатынасты түзету керек. Сынып жетекшісі әрбір жанұя ерекшелігіне байланысты өзінше жол таба білуі қажет. Ол үшін сәтсіз жанұяның пайда болуы себебіне анықтау керек ол әр жанұяда әр түрлі болуы мүмкін. Ондай жанұяны бес түрге бөлуге болады.

Дайындаған: педагог – психолог Жаңабаева Г. М.
Қиын балалардың мінез – құлқын түзетудің психологиялық мәселелері. жүктеу
1 807
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Әлеуметтенудің әлеуметтік - психологиялық аспектісі
Әлеуметтенудің әлеуметтік - психологиялық аспектісі
Адам баласы материалдық және рухани өмірдің ортасында тіршілік етеді де, өзі өмір сүріп отырған қоғамның мүшесі ретінде өзіндік ақыл - парасатымен, жеке бастың өзіне тән ақыл - ой, ерік - жігер, мінез - құлық ерекшелігімен көрінуге тырысып бағады.
Адам мінезімен танылады
Адам мінезімен танылады
Адам өзін - өзі тәрбиелеу үшін өзінің мінез - құлқын танып, өзіне сыни көзбен қарай алатындай қабілетке ие болуы керектігін біледі.
Қиын балалардың мінез – құлқын түзетудің психологиялық мәселелері
Қиын балалардың мінез – құлқын түзетудің психологиялық мәселелері
Қоғамның моральдық нормалары мен талаптарына сәйкес келмейтін мінез - құлықтың әдетте әлеуметтік жат деген терминдермен белгілеу қабылданған.
Қиын балалардың психологиясы және тәрбиелеу жолдары
Қиын балалардың психологиясы және тәрбиелеу жолдары
Қостанай облысы, Арқалық қаласы, №6 А.Құнанбаев атындағы орта мектептің Әлеуметтік педагогы Балдаева К.Р.
Девинатты мінез-құлықтың психологиялық ерекшеліктері
Девинатты мінез-құлықтың психологиялық ерекшеліктері
Девиантты мінез - құлықтың психологиялық ерекшеліктері
Қиын оқушылармен жүргізілетін жұмыстардың психологиялық ерекшеліктері
Қиын оқушылармен жүргізілетін жұмыстардың психологиялық ерекшеліктері
Павлодар облысы, Екібастұз қаласы, №11 жалпы орта білім беретін мектебінің педагог-психологы Базарбаева Гулбарам Кунашевна "Үздік психолог" номинациясы бойынша
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×