Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Емдік шөптер

28 наурыз 2014, Жұма
Категориясы: Бала-бақша
Білім саласы: «Таным», «Денсаулық»,«Қатынас»
Ұйымдастырылған оқу іс - әрекетінің Тақырыбы: «Емдік шөптер»
Сабақтың мақсаттары:
Білімділік: Балаларға емдік шөптердің, шипалық қасиеттері туралы түсініктерін кеңейтіп, тани білуге, әрқайсысын дұрыс атауға және пайдалану жолдарын үйрету.
Дамытушылық: Дидактикалық материалдар, танымдық тапсырмалар арқылы балалардың дүниетанымын шығармашылық ойлау қабілеттерін, қиялын дамыту.
Тәрбиелік: Балаларды адамгершілікке, ұқыптылыққа, туған жердің табиғатына деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу.
Құралдар: Слайд, тірек сызбалар, бұлшық еттерге арналған жаттығулар, емдік шөптердің суреттері, дидактикалық ойындар, тәжірибе жасауға керекті құралдар.

Балалар мен сендерді серуенге шақырамын. Біз пайдалы іспен айналысамыз.
Табиғат анаға көмектесуді үйренеміз жан - жаққа қараңдаршы табиғат қандай керемет! Табиғат анаға ризашылығымызды білдірейік.
Күн, сәуле шашып, жарқырағаның үшін рақмет!
Жер, дем беріп, күш қосқаның үшін рақмет!
Аспан, таза ауа бергенің үшін рақмет!
Су, өмірдің нәрі болғаның үшін рақмет!

Балалар табиғатты қорғау үшін не істеуіміз керек?
Иә, табиғат айналамызда қоршаған әлем, ал адамдар өмірдегі ең керемет, ең ақылды жаратылыс.
Сондықтан адамдар табиғатқа жауапты.
Біз табиғатты ластамай оны күтіп, баптауымыз сүйіспеншілікпен қарауымыз керек.
Балалар біз жасыл әлем студиясына келдік.

Тілші: сәлеметсіздер ме, құрметті телекөремендер.? Бізде бүгін қонақта «Табиғат барлаушылары»
Сәлеметсіздер ме? «жасыл әлем» студиясына хош келдіңіздер!
Табиғат барлаушылары өз жұмыстарыңызбен бөлісе кетсеңіздер!
Біз табиғат барлаушыларымыз табиғат анаға көмектесеміз және адамдарға пайдалы емдік шөптерді дәрумендерді зерттейміз.
Тілші: солар туралы айтып өтсеңіздер.

Түймедағы: ангина ауыз қуысының ауруларының қабынуға қарсы антисептикалық зат ретінде. сондай ақ гастритте, асқазан, ішек ауруларына қарсы қолданылды.

Бақ - бақ: шөптің жапырағы, тамыры дәрі - дәрмек жасау үшін қолданылады. Оның тамырынан жасалған тұнба адамның тәбетін ашады.
Емен: жас ағаштарының қабығы мен бұтақтарының қайнатылған сүзбесін тыныс жолдарын тазартуға, ауыз және тамақ шаюға қолданады.

Жарнама: Сергіту сәті.
Сарымсақ: Ерте уақыттан бері тыныс жолдары ауруларының алдын алу, ішек және асқазан бұзылудан сақтайтын емдік құрал ретінде пайдаланылып келеді.

Жолжелкен: көп жылдық өсімдік.
Жапырақтары сынбау үшін жерге өте жақын өседі. Қайнатпасы асқазанды тазартады, жөтелді қойғызады. Орта Азияда жолжелкенді қан тоқтатуға, Украинада араның, жыланның шағып алғанына қарсы қолданады.

Алоэ: Бұл Оңтүстік Африкадан тараған, сондықтан ол бөлмелерде ғана өсіріледі. Оны жараланған, күйген, үсіген жағдайларда денеге тартады және суық тиген кезде балмен араластырып, мұрынға тамызады.
Жарнама: Дидактикалық ойын: «Дұрыс ажырата біл»

Итмұрын: Жемісінің құрамында емдік заттар, С, К, Р, Е, В тобындағы дәрумендер, каротин, қант, лимон, алма қышқылдары, аздаған мөлшерде белок, май, гликозидтер бар. Итмұрын жемісі, тұнбасы малға да, адамға да өте пайдалы.

Өгейшөп: Қазақстанда көп кездесетін жабайы өсімдік. Тұнбасы мен қайнаған суы қақырық түсіретін және терлететін дәрі ретінде қолданылады.
Жарнама: « сөз жұмбақ»
Өртесен де өшірмейді,
Не тот басып шіріейді.
Өн бойына су сіңбейді
Ылғал тартып ірімейді.
( Тас)

Оңтүстік Африкадан тараған бөлмеде өсіріледі
( алоэ)

Көктем мен жазда басына сары қалпақ киеді. Күзге қарай қалпағы ұшып кетеді.
(бақ бақ)
Бағалы дәрумендерге бай өсімдік
(итмұрын)
Мықты шірімес,
Жасайды одан кемені.
(балқарағай)
Крапиваның қазақша аты.
(қалақай)
Шалғында тұрған қыздардың
Көзі алтын, қабағы ақ.
(түймедағы)

Тілші: табиғатқа байланысты тыйым сөздерді білесіздер ме?
Көк шөпті жұлма,
Ағашты сындырма.
Көк алманы үзбе
Өзі үзілер күзде.
Гүлді үзбе
Көкті таптама.

Табиғаттың тазалығын сақтасақ, қорғасақ өз денсаулығымызды сақтағанымыз екенін білеміз. Біз табиғаттан не үйрендік?
- Мен күннен мейірімділікті үйрендім.
- Мен құстардан ән салуды үйрендім.
- Мен көбелектен әдемілікті көріп, үйрендім.
- Мен жерден төзімділікті үйрендім.
- Мен судан тазалықты үйрендім.
«Біз мейірімділікті табиғаттан үйрендік»
Балалар күнге, жерге, суға жалпы бізді қоршаған табиғатқа адамдардың денсаулық үшін жасаған жомарт сыйлығы үшін алғыс айтайық.
Тілші: бізбен ойларыңызды бөліскендеріңізге рақмет!
Сіздермен бірге болған Айым Қайырқызы және табиғат барлаушылары.
Табиғаттың берген сыйына разы болып әрқашан дендеріңіз сау болсын, ауырмаңыздар.
Сабақты қорыту.
Табиғатқа қамқор боп,
Байлығын біз қорғайық.
Әдепті де тәртіпті боп,
Жақсылықты қолдайық.

Балалар өлең сөзімен айтып орындайды
22 431
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Зообаққа саяхат
Зообаққа саяхат
Балаларға зообақ жайлы түсінік беру, жабайы аңдар туралы білімдерін тиянақтау
Табиғат – біздің досымыз
Табиғат – біздің досымыз
Қоршаған ортаға деген көзқарасын кеңейтіп, табиғатты сүйюге, қамқор бола білуге, табиғат байлығын, сұлулығын сезіне білуге үйрету. Балаларды табиғатты аялауға баулу, экологиялық тәрбие беру.
Судың емдік қасиеттері. Сұрау есімдігі
Судың емдік қасиеттері. Сұрау есімдігі
Тақырып бойынша мәлімет беру. Оқушылардың оқу техникасын күшейту, аударма жұмыстарына көңіл бөлу. Жүйелі сөйлеуге, тақырыпты жүйелі баяндауға үйрету, төселдіру.
Бізді қоршаған орта
Бізді қоршаған орта
Шымкент қаласы, № 97 «Ақмарал» бөбекжай - балабақша тәрбиешісі: Кеутаева Жаннат Әшірәліқызы
Саут ашу мен жазуда денсаулықты сақтау технологиясы
Саут ашу мен жазуда денсаулықты сақтау технологиясы
Павлодар облысы, Екібастұз қаласының №14 "Малышок" балабақшасының тәрбиешісі Абдыкаримова Кульжазира Карипбековна
Алоэ өсімдігінің ерекшеліктері және емдік қасиеті
Алоэ өсімдігінің ерекшеліктері және емдік қасиеті
Қызылорда облысы, Қазалы ауданы, Қазалы ауылы, №100 орта мектебінің ағылшын пән мұғалімі Сисенбаева Гүлмира Әбдіқаниқызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×