Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Мамандығым-мақтанышым

06 желтоқсан 2014, Сенбі
Категориясы: Бала-бақша
Білім беру саласы: «Қатынас», «Әлеуметтік орта»
Тақырыбы: Мамандығым - мақтанышым.
Бөлімі: Тіл дамыту, Қоршаған орта.
Мақсаты:
1. Балалардың әртүрлі мамандықтар туралы білімдерін толықтыру.
2. Сурет бойынша қойылған сұрақтарға толық жауап беруге дағдыландыру арқылы зейіндерін, сөздік қорын дамыту.
3. Үлкендердің еңбегін бағалауға тәрбиелеу және мамандық таңдауға қызығушылығын тудыру.
Көрнекіліктер: Түрлі мамандық иелері туралы суреттер, құралдар.

Тәрбиешінің іс - әрекеті
«Қайырлы таң!»
Армысыз, Жер ана
Армысыз, аспан ата
Армысыз, Алтын күн
Қайырлы таң, қайырлы күн!
Балалар зейін қоя
қызықтай қарайды. Балалар шеңберге тұрып, амандасу рәсіміне белсене қатысты
Мотивациялық - қозғаушылық
Балалар мен сендерге жұмбақ жасырғым келіп отыр, бүгінгі оқу іс - әрекеттің тақырыбы осы жұмбақтың шешуіне байланысты.
1. Кірпіштен сарай, үй салады,
Ол адам кім болады?
2. Өскен шашты жаратпайтын
Қайшысы бар жалақтайтын
3. Қалпағына қарасаң
Дәрігер емес бірақ ол
Ас мәзірін қаласаң
Алға ұсынып тұрады ол
Жарайсыңдар балалар бұның бәрін не дейміз?
Дұрыс айтасыңдар.
Ұйымдастыру - іздестіру

Айтыңдаршы сендердің ата - аналарың қандай мамандық иесі?
Өскенде кім болғыларың келеді?
Олай болса балалар біз сюжеттік рөлдік ойын ойнайықшы. Кім қай мамандықты таңдайды барып орналасайық. Тілші, Аспазшы, шаштараз, дәрігер, құрылысшы мамандығы.
Тілші: Сәлеметсіздер ме көрермендер. Арнамызда «Мамандығым мақтанышым» тақырыбында әр мамандық иелерімен тілдесеміз.
Шаштараз мамандығына келеді.
Сәлеметсіз бе сіз қандай қызмет жасайсыз.
Шаштараз: Сән үлгісін қиятын
Шаштараз болам жолына
Түрлі - түсті шаш қиып
Қызмет етем халқыма.
Тілші: сізге мамандығыңыз ұнай ма?
Шаштараз: Әрине ұнайды, қыздардың шашын сәндегенім өте қуаныштымын себебі, мен өз мамандығымды жақсы көрем.
Тілші: Рахмет сізге сәттілік тілеймін.
Аспазшыға келеді
Сәлеметсіз бе?
Даяшы: Сәлеметсіз бе қош келдіңіз.
Сіз не қалайсыз?
Тілші: Мен аспазшымен сөйлесе аламын ба?
Аспазшы әрине шақырайын.
Сәлеметсіз бе сіз қандай қызмет атқарасыз?
Аспаз: Дәмді тамақ пісіріп
Өнерлі бала боламын
Халқым сүйген ардақты
Мен аспазшы боламын.
Тілші: Көп ас пісіру қиын емес пе?
Аспаз: Жоқ мен өз мамандығымды жақсы көремін сондықтан қиын емес.
Тілші: Рахмет асыңыз дәмді болсын! Сау болыңыз.
Дәрігерге келеді
Тілші: Сәлеметсіз бе кіруге болама?
Дәрігер: Рұқсат келіңіз, қай жеріңіз аурады.
Тілші: жоқ мен тілшімін сізбен сөйлескім келеді. Сізге өзіңіздің мамандығыңыз ұнай ма?
Ақ желеңді киемін,
Аппақ болып жүремін.
Аппақ болып жүргенді
Өзім жақсы сүйемін.
Дәрігермін мен деймін,
Кәрі әжемді емдеймін.
Кәрілікті жең, деймін.
Әрине ұнайды. Барлық адамдардың дені сау, ауырмағанын тілеймін.
Тілші: Рахмет сізге сізде ауырмаңыз. Сау болыңыз!
Құрылысшыға келеді.
Сәлеметсіз бе сіз не істеп отырсыз?
Құрылысшы:
Қолда темір қалағым
Саздан сарай саламын.
Астанадан аумайтын
Әсем қала саламын.
Мен құрылысшымын.
Тілші: Бұл жұмыс қауіпті емес пе?
Құрылысшы: мен қауіпсіздік ережесін сақтаймын, жұмысымды жақсы көремін, сондықтан қауіпті емес.
Тілші: Сізге көп рахмет сәттілік тілеймін.
Міне көрдіңіздер ме құрметті көрермендер, әр мамандық иелері өз мамандықтарын жақсы көреді, мақтан тұтады. Менде өз мамандығымды жақсы көремін, маған тілші болған ұнайды. Сау болыңыздар.
Тәрбиеші: Мінекей балалар біз әр мамандықпен танысып рөлдерін ойнадық енді орнымызға жайғасамыз. Сендерге ұнады ма?
Адамдар бірден дәрігер, Мұғалім, Әнші, Биші болмайды ол үшін көп еңбектену керек, жақсы оқу керек сонда ғана жақсы маман иесі боламыз.
(құрылысшы)
(шаштараз)
(аспазшы)
Мамандықтар
Дәрігер, ұстаз, т. с. с
................... бала жауабы
Балалар сендерге көп - көп рахмет.
Үлкен болып өсіп ел мақтайтын маман иесі болыңдар.
Күтілетін нәтиже:
Нені біледі: Мамандықтардың атауын.
Қандай түсініктерді игереді: Әр мамандықтардың өзіндік міндеттерін.
Меңгерген дағдылары мен іскерліктері: Сюжетті - рөлдік ойындарды ойнайды.
22 238
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Мамандықтар
Мамандықтар
Әртүрлі мамандық иелері туралы түсінік беру; Барлық мамандық иелерінің жұмыстарын қадірлеуге үйрету;
Жұмыс әлемі: Қандай мамандар сұраныста?
Жұмыс әлемі: Қандай мамандар сұраныста?
Тақырыпқа байланысаты сөйлеседі және өз ойын жеткізеді. Әр түрлі тақырыптар бойынша өз пікірін өзгелердің пікірімен салыстыра отырып бағалайды.
Мамандықтың бәрі жақсы
Мамандықтың бәрі жақсы
Мамандық түрлері туралы түсініктерін кеңейту. Мамандық иелері және олардың құралдарымен таныстыру. Балалардың ойлау қабілеттерін дамыта отырып, болашақ мамандыққа байланысты ұғымын тереңдетіп, қызығушылықтарын арттыру. Сөздік қорларын молайту,
Мамандықтар еліне саяхат
Мамандықтар еліне саяхат
Бастауыш сынып мұғалімі Акбаян Сыздыкбаева
Мамандықтың бәрі жақсы
Мамандықтың бәрі жақсы
Ақтөбе облысы, Шалқар қаласы Ә. Жангелдин атындағы орта мектебінің «Айгөлек» шағын орталық тобының тәрбиешісі Айекешова Гүлмира
Кім болам. Мамандық. (Қоршаған орта)
Кім болам. Мамандық. (Қоршаған орта)
Қарағанды қаласының № 42 «Тілек» балабақша тәрбиеші –педагогы Сакенова Калкен Сериковна
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×