Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Балаларға патриоттық тәрбие беру мәселесі

16 желтоқсан 2014, Сейсенбі
Категориясы: Бала-бақша
Балаларға патриоттық тәрбие беру мәселесі
Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаев: "Қазақстанның отаншылдық сезімін тәрбиелеу білім берудің мектепке дейінгі жүйесінен жоғарғы оқу орындарына дейінгі орталықтарда барлық ұйымдарда көкейкесті болып табылады. Балаларды Отанды, туған жерді, өзінің халқын сүюге тәрбиелеу – мұғалімнің аса маңызды, аса жауапты да қадірменді парызы" - деген еді.

Әр дәуірдің тарихи кезеңдерінде Отансүйгіштікке тәрбиелеудің өзіндік мүдделері болады. Ол ең алдымен, "ұлтжандылық", отансүйгіштік", " патриотизм", ұғымдары сол заманның ақиқаты – наным – сенімінен туындайды.

«Ұлтын сүю - ұлтшылдық емес, ұлтжандылық» деп Бауыржан Момышұлы атамыз айтқандай, ұлттық болмысты нығайту – өзін басқалардан жоғары қою болып саналып, ұлтшылдық ретінде қаралмауы тиіс. Патриоттық сезім – Отанға, туған өлкеңе, өскен ортаңа деген сүйіспеншілік. Өз ұлтыңды құрмет тұту, туған тарихтан, ана тілден ажырамау, міне, бұл – ел ертеңі - жас ұрпақтың бойына сіңіретін қағидаттар.

Қасиетті сезім ананың сүтімен бірге өзінен – өзі келмейтін баланың бойында біртіндеп қалыптасатын құдіретті сезім. Ол адамның саналы өмірімен қабаттас қалыптасатын психологиялық, саяси – әлеуметтік құбылыс. Патриоттық сезім жалпы адам баласының еліне, жеріне, өз тілі мен мәдениетіне, ұлттық құндылықтарына жеке қатынасын, өзіндік бағасын түйсінуін, қуаттап қолдауын пайымдайтын сезім көрсеткіші болып табылады. Осыған орай Н. Ә. Назарбаев, – патриотизмді "әр этностың ұлттық сезімін сыйлап, бірде – бір ұлтпен қарама – қайшылық туғызбау" – деп белгілеген. Одан, "ұлттық патриотизм", "қазақстандық патриотизм" – деген екі ұғымның туындағаны белгілі.

Еліміз егемендік алғаннан бері жас ұрпақ тәрбиесінің темірқазығы – қазақстандық патриотизм болды. "Қазақстандық патриотизм" ұғымы біздің тәуелсіздігімізбен қоса туған жаңа сөз болып, еліміздегі саяси – әлеуметтік ахуалдың ерекшелігін көрсетеді. Елімізде жүзден аса ұлттар мен ұлыстардың өкілі өмір сүруде. Қазақстан олардың көпшілігінің туған Отаны және бұдан былай да мәңгі тұрақтап қалар мекені болмақ. Сондықтан олардың әрқайсысы Қазақстанды ата – жұртым деп танып, оның тәуелсіздігін қорғауға және материалдық байлығын арттыруға еңбек етуі тиіс. Сол себепті қазақстандық патриотизм ұғымы күнделікті өмірде жиі қолданылып, кеңінен қалыптасып келеді. Бұл ұғымның педагогикалық жүгіне келер болсақ, ол болашақ Қазақстан азаматтарын тәрбиелеумен тығыз байланысты. Қазақстандық патриотизм – Отан – анаға деген сүйіспеншілік пен азаматтық ерлік, өнеге көрсетушілік, бойдағы білім мен білікті, ақыл – парасатты ел игілігіне жұмсау, атамекен мүддесіне арнау болмақ. Өз елінің өткенін, тілін, әдет – ғұрпын, салт – дәстүрін құрметтей білу де осы қазақстандық патриотизм құрамына кірсе керек.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
11 631
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Білім беруді жаңғырту жағдайында АӘД сабақтарында патриоттық тәрбие беру
Білім беруді жаңғырту жағдайында АӘД сабақтарында патриоттық тәрбие беру
Білім беруді жаңғырту жағдайында АӘД сабақтарында патриоттық тәрбие беру
Патриоттық тәрбиенің маңызы
Патриоттық тәрбиенің маңызы
Ембі қаласы, «Достық» балабақшасы МКҚК тәрбиешілері Қожамұратова Гүлбақыт Нұрғалиқызы
Қазақстан болашағы – білімді ұрпақ
Қазақстан болашағы – білімді ұрпақ
Атырау қаласы жалпы білім беретін №6 орта мектептің бастауыш сынып мұғалімі Ахмеджанова Гүлжан Утеуовна
Білім беруде қазақстандық патриотизмнің құндылықтарын қалыптастыру
Білім беруде қазақстандық патриотизмнің құндылықтарын қалыптастыру
Атырау қаласы, Еркінқала орта мектебі Өтепова Тойған Қуанышқызы
Жастарды отансүйгіштікке тәрбиелеу
Жастарды отансүйгіштікке тәрбиелеу
Қазтұтынуодағы Қарағанды экономикалық университетінің Экономика, бизнес және құқық колледжінің А.Ә.Д. пәнінің оқытушысы Жумабеков Бейбіт Кайыржанович
Білім алушыларды әскери - патриоттық рухта тәрбиелеудің маңызы
Білім алушыларды әскери - патриоттық рухта тәрбиелеудің маңызы
Жас ұрпақты Отанына, халқына, еліне, жеріне деген сүйіспеншілікке тәрбиелеп, олардың бойына сіңіріп қалыптастыру халық тәрбиесінде жетекші орын алады.
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×