Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Саңырауқұлақтар әлемі

05 қаңтар 2015, Дүйсенбі
Категориясы: Бала-бақша
Сабақтың тақырыбы: «Саңырауқұлақтар әлемі»
Білім беру саласы: Шығармашылық
Білім беру бөлімі: Мүсіндеу
Мақсаты:
1) Балаларға саңырауқұлақ туралы түсіндіре отырып, ермексазбен саңырауқұлақты мүсіндеуге үйрету.
2) Саусақ қимылдарын, сөздік қорларын арттыру.
3) Мүсіндеу сабағына деген қызығушылықтарын арттыру.
Әдісі: Түсіндіру. Сұрақ - жауап. Ойын. Мадақтау.
Көрнекілігі: Ермексаздар, тақтайшалар, тақырыптық жылжымалы папка, саңырауқұлақтың макеті.

Тәрбиешінің іс - әрекеті
Таңғы жиын
- Қайырлы таң балалар, Бүгін күн қандай керемет, Қане барлығымыз бір - бірімізге көтеріңкі көңіл күй сыйлайық.
Біз қандаймыз қандаймыз,
Шұғылалы таңдаймыз.
Күлімдеген күндейміз,
Жабырқауды білмейміз.
- Жарайсыңдар балалар. Осындай керемет күні өтетін біздің бүгінгі ұйымдастырылған оқу іс - әрекетіміздің тақырыбы: «Саңырауқұлақтар әлемі» деп аталады. Яғни бүгін біз саңырауқұлақтар туралы кеңірек мағлұмат алатын

Суретпен жұмыс.
- Балалар, мына суретке назар аударайықшы. Не көріп отырсыңдар?
- Кірпі қайда жүреді?
- Ол не істеп жүр екен?
- Ол нені көрді?
- Балалар, бұл саңырауқұлақ.
Саңырауқұлақ - ылғалды жерде өсетін қалпақ тәрізді қалқаны бар, гүлдемейтін өсімдік.
Жаңа тақырыпты көрнекіліктерді пайдалана отырып, түсіндіремін.

Сергіту сәті.
Саңырауқұлақ, саңырауқұлақ,
Басында қалпағы бар.
Ормандағы жәндіктерге,
Жауын жауса пана болар.

Өнер орталығы
Балалардан саңырауқұлақты сипаттап, бөлшектерін атауды сұраймын.
Мүсіндеу әдісін түсіндіремін. Балаларға өздерінің саңырауқұлақ алаңын жасауды ұсынамын.

Дидактикалық ойын «Тез құрастыр»
Балаларға 2 бөлікке бөлінген саңырауқұлақты тез әрі дұрыс құрастыруды ұсынамын
Саңырауқұлақтың қалпағын және сабағын өз орнына қойып, саңырауқұлақты құрастырады.
Мадақтау, тамашалау.
Күтілетін нәтиже:
Жаңғырту: Ұжымдық мүсіндеуге қызығушылығын арттыру.
Түсінуші: Саңырауқұлақ туралы түсінік алды.
Қолдануы: Саңырауқұлақты екі бөлікке бөліп мүсіндей білу.
47 822
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Ыдыстар мен жиһаздар
Ыдыстар мен жиһаздар
Ыдыстар мен жиһаздар не үшін қажет екені туралы түсінік беру. Сөздік қорларын кеңейту, ойлау қабілеттерін, әртістік қабілеттерін дамыту. Ұқыптылыққа, әдептілікке тәрбиелеу.
Саңырауқұлақтар
Саңырауқұлақтар
Саңырауқұлақ жайлы білімдерін бекіту, саңырауқұлақты табиғи материалдардан жасай білуге және оны жасауда пішіндерді дұрыс қолдана білуге үйрету, табиғи материалдармен ұқыпты жұмыс жасай білуге тәрбиелеу.
Ғарыш кемесі
Ғарыш кемесі
Ғарыш кемесін есу, жалпайту, біріктіру арқылы мүсіндеуге үйрету. Ұсақ қол моторикасын дамыту. Ғарышкерлерге деген қызығушылыққа, сыйластыққа тәрбиелеу.
Геометриялық пішіндер
Геометриялық пішіндер
Қиял болжамдарын дамытып, қабілеттерін шыңдау, таным өнерін сөздік қарым - қатынастарын байыту. Балалардың ойлау, көріп тану, зейінін, есте сақтау қабілеттерін ойын арқылы дамыту, дербес іс - әрекетке тәрбиелеу.
Жемістер мен саңырауқұлақтар теруге орманға барамыз
Жемістер мен саңырауқұлақтар теруге орманға барамыз
Батыс Қазақстан облысы, Жаңақала ауданы, Жаңақала ауылы «Жаңақала аудандық балалар бақшасы» МКҚ кәсіпорын тәрбиеші: Нуржанова Жадыра Жанболатқызы
Табиғат - анамыз
Табиғат - анамыз
Атырау облысы, Исатай ауданы, Аққыстау селосы №15 «Балдырған» балабақшасының тәрбиешісі Изтелеуова Ардақ Оразбекқызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×