Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Геометриялық пішіндер

31 наурыз 2017, Жұма
Категориясы: Бала-бақша
Геометриялық пішіндер
Білім саласы: Таным
Ұйымдастырылған оқу қызметі: Қарапайым математикалық ұғымдарды қалыптастыру.
Мақсаты: Балалардың ой - өрісін кеңейту
Білімділігі: Геометриялық пішіндерді бір - бірінен ажыратып атай білуге үйрету.
Дамытушылығы: Қиял болжамдарын дамытып, қабілеттерін шыңдау, таным өнерін сөздік қарым - қатынастарын байыту.
Тәрбиелілігі: Балалардың ойлау, көріп тану, зейінін, есте сақтау қабілеттерін ойын арқылы дамыту, дербес іс - әрекетке тәрбиелеу.
Әдіс тәсілі: Шаттық шеңбері, түсіндіру, таныстыру сұрақ - жауап; ойын, сергіту сәті.
Көрнекі құралдар: Үлгі пішіндер, үлестірмелі материалдар, тақта, мультимедия.

Мотивациялық қозғаушылық
I Ұйымдастыру
Шаттық шеңбері
- Балалар, бүгін ерекше күн. Біздің оқу іс - әрекетімізге қатысу үшін қонақ апайлар келіп отыр. Олай болса апайлармен сәлемдесейік.
- Сәлеметсіздер ме апайлар
- Ал енді апайларға өзіміздің қандай балалар екенімізді көрсетейік.
Біз қандаймыз, қандаймыз
Шұғылалы таңдаймыз
Күлімдеген күндейміз
Ренжуді білмейміз
Үлкенге де «Сіз»
Кішіге де «Сіз»
Баршаңызға құрметпен
Бас иеміз «біз»

Ұйымдастырушылық
Ізденістік
- Жарайсыңдар балалар,
Қараңдаршы балалар, менің қолымдағы жай таяқша емес, бұл сиқырлы таяқша. Менің сиқырлы таяқшам сендерді «Ойнайық та, ойлайық»деген қызықты пішіндер еліне апарғысы келеді сендер барғыларың келе ме?
Балалар сендер қайда келе жатырмыз деп ойлап тұрсыңдар?
Аспанда нелер бар?
Балалар қараңдаршы қандай керемет әлем. Біз қандай пішіндер әлеміне келдік? Дөңгелектің түсі қандай?
Тобымыздан дөңгелекке ұқсас заттарды табайықшы.

Келесі әлем қараңдаршы қандай пішіндер әлемі екен!
Үшбұрыштардың түсі қандай, үшбұрышқа ұқсас заттарды табайықшы осы пішіндерді пайдаланып не құрастыруға болады:
Жарайсыңдар, балалар сендер өте керемет, әрі әдемі күн құрастыра білдіңдер.

Бүгін біз жаңа пішінмен танысамыз. Бұл пішін төртбұрыш деп аталады, бұл пішіннің бұрышы көп болғандықтан төртбұрыш деп аталады. Төртбұрыштың түсі қандай, бұл пішінге тобымыздан ұқсас заттарды табайықшы. Мен сендерге қызықты өлең оқып берейін сендер мұқият тыңдаңдар:
Қызыл, сары, жасыл көк
Алуан - алуан пішіндер
Үшбұрыш төбесі, төртбұрыш денесі,
Ұзыншақ есігі, мынау міне терезе.
Балалар қараңдаршы мен не құрастырдым?
Мен үйді қандай пішіндерден құрастырдым?

Рефлексивті коррекциялаушы
Жарайсыңдар, балалар
Алдарыңдағы үлестірмелі материалдардан менің қолымдағы пішінді тауып беріңдерші (үшбұрыш, төртбұрыш, дөңгелек)
Енді біз қызықты «өз орныңды тап»ойынын ойнайық
Сергіту сәті: Ал балалар, тұрайық,
Бойымызды жазайық,
Ағаштарша тербеліп,
Кәне, сергіп алайық,
Орнымызды табайық.
Енді алдарыңдағы пішіндерден не құрастыра алатындарыңды байқайық(жеке баламен жұмыс)
Жарайсыңдар, балалар бүгін барлықтарың да оқу іс - әрекетіне жақсы қатыстыңдар. Пішіндерді ажыратып атай білетін болдыңдар. «Ойнайық та ойлайық» елі сендерге ұнады ма?
Осындай көңілді көңіл күймен тобымызға қайтайық. Балаларды мадақтау, бағалау.

Күтілетін нәтиже:
1. Біледі: Түстерді ажыратып, атай білу
2. Түсінеді: Төртбұрыш, үшбұрыш, дөңгелек
3. Қолдана біледі: Әр түрлі заттармен материалдардан түрлі пішіндер мен ұқсас заттарды құрастыру.

Атырау қаласы
МКҚК №29 «Нұрсая» бөбекжай - балабақшасы I санатты тәрбиешісі
Қарасаева Гүлнар Жұмабайқызы

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
5 925
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Геометриялық пішіндер
Геометриялық пішіндер
Ойындар арқылы заттардың түстері мен геометриялық пішіндер туралы білімдерін пысықтап, пішіндерді бір - бірінен ажыратып атай білуге үйрету, қиял болжамдарын дамытып, қабілеттерін шыңдау.
Пішіндер
Пішіндер
Геометриялық пішіндерді тануға, ойын арқылы геометриялық пішіндерден бейне құрастыруға, тура және кері санауға, санның реттік таңбасының орнын есте сақтауға үйрету.
Пішіндер
Пішіндер
- Балалар білетін геометриялық пішіндерді естерімізге түсірейік. Қандай пішіндерді білесіңдер? - Пішіндерді кезек - кезек тақтаға іліп, оларды дұрыс атау: - Бұл геометриялық пішін қалай аталады? (дөңгелекті көрсетіп). - Дөңгелекке доп, тәрелке
Геометриялық пішіндер. Қайталау
Геометриялық пішіндер. Қайталау
Балаларды көлемді денелер (шар, текше, конус) туралы түсінікті нақтылау, геометриялық пішіндерді бір - бірінен ажыратып атай білуге, геометриялық пішіндердің өмірде қажеттілігін түсінуге үйрету. Қоршаған ортадағы сәйкес пішіндегі заттарды тауып
Геометриялық пішіндер
Геометриялық пішіндер
Ақтөбе облысы, Ойыл ауданы, «Асанәлі» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны тәрбиешісі Усенгалиева Акбота Елемесовна
Геометриялық пішіндер
Геометриялық пішіндер
Семей қаласы, №38 мектеп - лицей Шағын орталық тәрбиешісі Нугуманова Айшолпан Ел – Амановна
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×