Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Саңырауқұлақтар

05 мам 2019, Жексенбі
Білім аласы: Таным
Ұйымдастырылған оқу іс - әрекет түрі: Құрастыру
Тақырыбы: Саңырауқұлақтар
Мақсаты: Саңырауқұлақ жайлы білімдерін бекіту, саңырауқұлақты табиғи материалдардан жасай білуге және оны жасауда пішіндерді дұрыс қолдана білуге үйрету, табиғи материалдармен ұқыпты жұмыс жасай білуге тәрбиелеу.
Қажетті құрал - жабдықтар: жасыл түсті қағаз, ақ түсті ермексаз, грек жаңғағы.
Сөздік жұмыс: грек жаңғағы, көк шалған.

Мотивациялық - қозғаушылық
Шаттық шеңберін ұйымдастыру.
Арайлап таң атты,
Алтын шапақ таратты,
Жарқырайды ауылымыз,
Жарқырайды даламыз
Қайырлы таң апайлар!
Қайырлы таң балалар!
- Балалар, қазір жылдың қай мезгілі?
- Жылдың неше мезгілі бар?
- Күз мезгілінде неше ай бар? Атап көрейікші.
- Күз мезгілі екенің қайдан білеміз?
- Ауа - райы қандай болады?
Балалардың қызығушылығын ояту.
Таңдандыру сәті:
- Балалар, біреу есікті қағатын сияқты, кім болды екен!
Ортаға саңырауқұлақ кіреді.
- Балалар, саңырауқұлақ бізге орманнан келген ол адасып қалған, сол себепті ол біздерден көмек сұрайды.
Ол сендердің еңбекқор екендеріңді бұрыннан біледі екен. Саңырауқұлаққа қалған саңырауқұлақтарды табуға көмектесеміз бе!
- Саңырауқұлақ, бізге құр өзі келген жоқ
Ол өзімен бірге бірнеше тапсырма ала келген екен соны орындауға дайынбыз ба?

Ұйымдастырушылық - ізденістік
1 - тапсырма:
«жұмбақтарды шеш»
Өз қалпағын жасынан
Тастамайды басынан.
Ол не? (саңырауқұлақ)

Дәу қара құс көрінеді,
Көзінің жасы төгіледі
(бұлт)
Үстінде орманы, суы бар
Сені де, мені де,
Көтерген алыпты тауып ал?!
(жер)
Саңырауқұлақтың түрлері жайында, тағамға пайдаланатын түрлерін болатынын айтып, суреттерін көрсетемін (слайд арқылы балалар көреді).

2 - тапсырма:
Дидактикалық ойын:
«саңырауқұлақтарды себетке жина»
Шарты: Балалар табиғатқа саяхаттай отырып саңырауқұлақтарды теріп себетке жинайды.- Балалар, ормандағы саңырауқұлақтарды біз бүгін табиғи материалдардан жасап үйренеміз, жасау жолдарын мен сендерге түсіндіремін.
Алдымен барлығымыз орнымыздан тұрып бой сергіту жаттығуын орындайық:
Күзім - ау, күзім - ау,
Мінезің бұзық - ау
Жаңбырың сіркіреп
Келгенің қызық - ау. (2 - 3 рет орындайды)
Ол үшін алдымен үлгіге қарап алыңдар, саңырауқұлақтың қалпағы грек жаңғағынан, сабағы ақ түсті ермексаздан жасалған. Алдымен ермексазды алақанымыздың арасына салып тегістеп, есіп аламыз, сопақша пішінге келтіреміз. Одан кейін грек жаңғағының жарты бөлігін оның жоғарғы жағына кигіземіз, сонда саңырауқұлақ дайын болады. Енді оны жасыл түсті қағазға орналастырамыз.
Балаларға көмектесемін, жұмысты соңына дейін аяқтап шығуына бағыт беріледі.
Саңырауқұлақтар жүктеу
5 676
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Көгалдағы балапан
Көгалдағы балапан
Балаларды коллаж жанрымен таныстыруды жалғастыру үй құстарының тіршіліктері туралы түсініктерін кеңейту.
Сиқырлы қар
Сиқырлы қар
Балаларға қыс мезгілі туралы түсінік беру. Қардың қасиеттерімен таныстыру, ақ ұлпа қар туралы түсініктерін кеңейту. Тіл байлықтарын, есте сақтау, сөздік қорын молайту, саусақ маторикасын дамыту. Қауіпсіздік ережелерін айта отырып, ұқыпты таза жұмыс
Шырша бейнесі
Шырша бейнесі
Балалардың мүсіндеуге деген іскерлігін арттыру. Табиғатты сүйе білуге, аялауға, қорғай білуге, ұқыптылыққа, әдемілікке тәрбиелеу. Шығармашылық қабілеттерін дамыту.
Алаңқайдағы саңырауқұлақтар
Алаңқайдағы саңырауқұлақтар
Тақырыбы: Алаңқайдағы саңырауқұлақтар
Қыс кереметі
Қыс кереметі
Қызылорда облысы, Қазалы ауданы Әйтеке би кенті, №11 «»Балапан балабақшасының тәрбиешісі Кемалова Маржан
Саңырауқұлақтар әлемі
Саңырауқұлақтар әлемі
Қызылорда облысы, Қазалы ауданы, Әйтеке би кенті №11 «Балапан» балабақшасының тәрбиешісі Кемалова Маржан
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×