Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Құстар біздің досымыз

14 мам 2015, Бейсенбі
Категориясы: Бала-бақша
Балабақша тәрбиешісі Жолдаева Жанаргул

Білім саласы: Таным
Қоршаған ортамен таныстыру
Тақырыбы: «Құстар біздің досымыз»
Мақсаты: Көктем мезгілінің ерекшелігін түсіндіру. Жұмбақ шешу,
көктем туралы тақпақтарын еске түсіру.
Құстар ішінен көкек, қарлығаш, тоқылдақ, құстарымен, ұяларымен таныстыру, Құстарды суреттен танып дене бөліктерін табуға үйрету. Құстың ұшатынын білу, заттың ұшпайтынын ажырату.
Ойлау қабілетін, зейінін, дүниетанымын дамыту.
Құстарға қамқорлықпен қарауға тәрбиелеу.
Көрнекілігі: Көктем суреті, құстардың суреті, үлестірмелі суреттер, қиылған құстар суреті.

Іс – әрекет кезеңдері
Тәрбишінің іс - әрекеті
Мотивациялық қозғаушы күш
«Көктем» қуанып топқа кіреді.
Алақай мен келдім, сендерге жылы шуағымды ала келдім. Сәлеметсіздер ме! құс достарым.
Мен сендермен бір самғап ұшқым келіп тұр.

Шаттық шеңбер
Жарқырайды күніміз,
Біз ерекше құстармыз,
Самғап ұшып шарықтап,
Айтқан тілді аламыз.
Орнымызды табамыз.

Жұмбақ жасыру.
Қар еріп, күн жылынып,
Күндер келді шуақты.
Жырғалардан су ақты.
Қай мезгіл?
Сурет бойынша көктем мезгілін түсіндіру.
Балалардан көктемнің ерекшелігін сұрау.
Көктем кім тақпақ біледі?

Іздену ұйымдастырушы
Көктем мезгілінде нелер жылы жақтан ұшып келеді?
Құстардың ішінен біздер көкек, қарлығаш, тоқылдықпен танысамыз. Әр құстың ұясын таныту.
Көкек ұшып келгенде көктем мезгілінің ауылға келгенін білдіреді. Көкек ұя салмайды. Қарлығаш адамдардың досы, ол ұясын балшықты ауызымен шымшып ұясын жасайды, адамдар бар жерге салады. Тоқылдақ ағаштардың құрттарын тазалап, ағаштардың өсуіне көмек береді.
Тоқылдақ ормандағы ағаштар дәрігері.
Көкек, қарлығаш, тоқылдақ суретін әр балаға тарату,

Сергіту сәті: «Ұшты – ұшты»
Ойын шарты: Құстың ұшатынын, заттың ұшпайтынын ажырату.
Көкек, қарлығаш, тоқылдақтың суретін балаларға тарату.
Суреттегі құсты тануға, ажыратуға үйрету.
Жеке – жеке балардан қандай құс екенін сұрау.

Толық нұсқасын жүктеу
4 950
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Құстар – біздің досымыз!
Құстар – біздің досымыз!
Құстар туралы жұмбақтар шешу арқылы қызығушылығын арттыру, құстар бағына саяхаттауды техникалық құрылғылардың көмегімен тамашалай отырып құстарды қорғауға деген сезімін арттыруға жетелеу.
Құстар біздің досымыз
Құстар біздің досымыз
Балалардың құстар туралы түсініктерін қалыптастыру, құстарды ажыратып, атап білуге үйрету. Құстар туралы ой - өрістерін, сұраққа жауап беруін, сөздік қорын танымдық қабілетін дамыту.
Құстар - қанатты достар
Құстар - қанатты достар
Құстар туралы білімдерін жетілдіру, ойлау, есте сақтау қабілетін дамыту. Тыйым сөздер үйрету арқылы балаларды адамгершілікке тәрбиелеу. Құстарға қамқорлықпен қарауға баули отырып экологиялық тәрбие беру.
Құстар - біздің досымыз
Құстар - біздің досымыз
Балаларға құстар туралы түсінік беріп, білімдерін жетілдіру, құстарға қамқорлықпен қарауға баулу.
Құстар - біздің досымыз
Құстар - біздің досымыз
Қостанай облысы, Меңдіқара ауданы, Төлеңгүт негізгі мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Тюлекова Раушан Андрейқызы
Құстар біздің досымыз
Құстар біздің досымыз
Ақтөбе облысы, Хромтау қаласы, №7 «Еркетай» МДҰ тәрбиешісі Курманбаева Гульнур Тастановна
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×