Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Алтын күз

08 қаңтар 2016, Жұма
Категориясы: Бала-бақша
Балабақша тәрбиешісі Ибрагим Дана Тургуновна

«Алтын күз»
Орта топқа арналған мереке.

Балалар безендірілген залға вальс әуенімен кіреді.

Жүргізуші: Құрметті ата - аналар және қонақтар! Біздің балабақшадағы «Алтын күз» мерекесіне қош келдіңіздер! Алдарыңызда «..............................» тобы! Әдемілеп бастарын иеді
1 бала:
Алақай – алақай
Шаттанды балақай
Береке – салтымыз
Мереке – Алтын күз.
2 бала:
Қанша бала, қанша қыз
Бір шоқ гүлміз баршамыз
Ойын, күлкі ордасы
Біздің балабақшамыз.
3 бала:
Көбейді құт - береке
Астық толы қамбамыз.
Құтты болсын мереке
Алтын күзді тойлаймыз.
4 бала:
Берекесін сыйлауға
Өлкемізге күз келді.
Жемістерін жинауға
Шақырады біздерді.........(топтың жартысы осы кезде тақпақтарын айтып береді)
Жүргізуші: Тамаша, балалар! Күз туралы көп тақпақ біледі екенбіз. Ал, достар, енді біздің мерекемізге Күз ханшайымын шақырайық.
Балалар жарты шеңберге қосарлана тұрады
Ән: «Алтын күз келіңіз» әннің соңында бастарын иіп орындарына отырады.
Күз ханшайымы вальс музыкасымен әдемі және баяу билеп кіріп келеді.
Күз ханшайымы: Сәлеметсіңдер ме, балалар! Менің атым Күз ханшайымы. Сендердің әсем әндеріңді естіп қалып келіп тұрмын. Мерекелерің құтты болсын!
Бұлттар төніп,
Жаңбыр төгіп,
Жапырақтар сарғайды.
Өні тайып,
сұры қашып,
денең мұздап тоңады.
Айтыңдаршы бөбектерім,
Бұл қай кезде болады?
Балалар: Күзде!
Күз ханшайымы: Дұрыс айтасыңдар. Мен сендерге құр қол келген жоқпын, би, ойын алып келдім. Күзгі күндер тек қана жаңбырлы емес, сонымен қатар жылы және жайдарлы, шуақты болады.
«Көңілді күн» биі
Жүргізуші: Өте тамаша би! Ал енді екі топқа бөлініп ойын ойнаймыз. Күзде бақшадан қандай көкөністі қазып жинап аламыз?
Балалар: Картоп.
Жүргізуші: Дұрыс, айтасыңдар. Ойынның аты «Картоп жинау». Қатардағы бірінші бала өзінің себетіне картопты жинап әкеліп екінші балағы береді, ал екінші бала жүгіріп барып қайтадан орнына салады. Солай - солай кезектесіп картопты жинаймыз. Қай топ бірінші болып аяқтайды, сол топ жеңімпаз болады.
Ойын «Картоп жинау». Көңілді әуен ойналады
Күз ханшайымы: Барлықтарыңда жүйрік екенсіңдер! Жарайсыңдар, бөбектерім! Қанеки, орындарымызға отырып дем алайық.
Қараңдаршы, жел біздің айналамызға қаншама жапырақтарды әкелген. Сендер жапырақтарды көлемі жағынан ажырата аласыңдар ма?
Қандай жапырақтарды көріп тұрсыңдар?
Балалар: Үлкен, кіші.
Күз ханшайымы: Жапырақтар қанша?
Балалар: көп.
Күз ханшайымы: Жапырақтардың түсі қандай?
Балалар: сары, қызыл, жасыл.

Ән: «Біз көңілді жапырақпыз» балалар шахматты түрде тұрады

Алыстан жаңбырдың дауысы естіледі. Музыкалық аспаптарды тарату. Үшбұрыштар, дауылпаздар, ксилафон.
Аспаптар ансамблі «Жаңбыр симфониясы»
Жаңбырдың дыбысымен залға айналып - ұшып Жаңбыр келеді
Жаңбыр: Сәлеметсіңдер ме, балалар! Мені таныдыңдар ма? Мен Жаңбырмын! Мен сендерге жетуге асықтым. Бау бақты, жиектерді суардым қатты шаршадым. Қараңдаршы, мен мол өнім өсірдім, оны сендерге сыйға алып келдім. (себетте көкөністер, жемістер жатады)
Жүргізуші: Біз сені көргенімізге қуаныштымыз. Өнімің қандай мол. Қазір балалар жемістер мен көкөністеріңді ажыратуға көмектеседі. Себеттен алып көк ыдысқа жемістерді саламыз. Сары ыдысқа көкөністерді саламыз.
Ойын «Көкөністер мен жемістерді ажырату»
Жүргізуші: Алтын күз, біздің бөбектер сен үшін арнайы би билегісі келеді.

«Саңырауқұлақтар» биі
Жаңбыр: Рахмет, достарым. Қандай ақылдысыңдар, менің өнімдерімді дұрыс ажыраттыңдар, жарайсыңдар! Ал енді кім күз туралы тақпақтарын айтып береді?
1 бала:
Ел егінді жинайды,
Қырманға дән сыймайды
Біздің дала – бай дала
Алтын астық айнала.
2 бала:
Құстар қайтты ән салып,
Бұлт торлады аспанды.
Қыс келеді жар салып,
Күзгі суық басталды.
3 бала:
Алтын, сары, қызыл, көк
Алуан, алуан жапырақ.
Күзгі бақта күлімдеп
Көз тартады жапырлап.

4 бала:
Берекесін сыйлауға
Өлкемізге күз келді.
Жемістерін жинауға
Шақырады біздерді........
Күз ханшайымы: Жаңбыр жауғанда біз су болып қалмау үшін әдемі қолшатырларымызды алып жүреміз. Кәне, балапандарым, Жаңбыр досымызға «Қолшатырлар» биін билеп берейікші!
Би «Қолшатырлар»

Жаңбыр: Рахмет балалар, сендер менің көңілімді өздеріңнің тақпақтарыңмен көтердіңдер! Дем алып қалдым!
Күз ханшайымы: Өте тамаша ән! Жарайсыңдар! Ал енді біз Жаңбыр екеуіміз ормандарға барамыз, әлі барлық жапырақтарды әртүрлі түстерге бояуымыз керек. Сау болыңдар!
Балалар: Сау болыңыздар!
Жүргізуші: Осымен мерекелік ертеңгілігіміз аяқталды.
Қош сау болыңыздар!
Балалар вальс әуенімен қосарланып қатарға тұрып топқа қарай шығады.
3 508
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Берекелі, Алтын күз!
Берекелі, Алтын күз!
Күз мезгілі туралы және ол мезгілде қандай мерекелер болатыны жөнінде кеңінен таныстыру.
Қош келдін алтын күз
Қош келдін алтын күз
Береке бақ дарыған, Жомарт көңіл жарқын күз. Сары алтынға малынған, Жетті міне алтын күз.
Мерейлі күз, мырза күз
Мерейлі күз, мырза күз
Жүргізуші: Қош келдіңіздер құрметті ата - аналар, қонақтар! Бүгінгі «Қарлығаштар» тобының дайындаған «Мерейлі күз, мырза күз» атты ертеңгілігін тамашалауға шақырамыз!
Берекелі Алтын күз!
Берекелі Алтын күз!
Армысыздар құрметті ата - аналар, барша қонақтар! Ортаңғы топ бүлдіршіндерінің «Берекелі Алтын күз!» атты мерекелік ертеңгілігіне қош келдіңіздер!
Алтын күз (ертеңгілік)
Алтын күз (ертеңгілік)
Құрметті қонақтар, балабақша қызметкерлері, балалар! Сіздерді «Айна» тобының «Алтын күз» мерекесін тамашалауға шақырамыз!
Алтын күз (ертеңгілік)
Алтын күз (ертеңгілік)
Жүргізуші: Тырна көкте тыраулап, Қош, қош айтты, «Кеттім» - деп Шөптің басына қыраулап, Күзде келді «жеттім» деп. Құрметті ата – аналар, балалар күз мерекесіне арналған «Алтын күз» атты ертеңгілігімізге қош келдіңіздер! Балалар хормен айтады
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×