Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Отаным десем ойыма...

16 қаңтар 2016, Сенбі
Категориясы: Бала-бақша
Қарағанды облысы, Сәтбаев қаласы,
«№19 жалпы орта білім беретін мектебі» КММ
Шағын орталық тәрбиешісі Оразбаева Акбаян Муханбетовна

Тақырыбы: «Отаным десем ойыма...»
Мақсаты: Балаларды Отанды сүюге, Қазақстан Республикасының рәміздерінің қастерлеуге, туған жерге деген сүйіспеншіліктерін арттыруға тәрбиелеу мақсатында олардың сөздік қорларын көбейтіп, еңбекке, адамгершілікке, парасаттылыққа тәрбиелеу. Туған елінің болашағына үлес қосып, елі, жері үшін қызмет етуге тәрбиелеу. Ұлттық тілді жақсы меңгеруге, ұлтжандылық сезімді қалыптастыруға ойлау, танымдылық қабілеттерін арттыра отырып, өнерге баулу.

Барысы:
Ұйымдастыру кезеңі:
Армысыздар, құрметті ұстаздар, қадірменді қонақтар! Шағын орталық тәрбиеленушілерінің «Отаным десем ойыма..» атты ертеңгілігіне қош келдіңіздер! «Күншуақ» тобының ертеңгілігін бастауға рұқсат етіңіздер.

Көрініс: Ағасы ойланып отырады. Қасына кішкентай қарындасы келіп,
- аға сен не ойлап отырсың?
- бүгін мұғалім бізге мынадай сұрақ қойды, «Отаным десем ойыма...» дегенде ойларыңа не келеді?
Сол кезде қоңыраудың соғылмасы бар ма? Мен енді сол жайлы ойлап отырмын.
- аға Отан деген не?
- Жамбыл атамыздың мына бір өлең жолдары есіме түсіп отыр.
Отаным десем ойыма...
Шалқыған байтақ жер келер,
Отаным десем ойыма...
Көгілдір тартқан көл келер.
Баурайы байлық, қойны құт
Отаныма еш қашан мекен де болмас тең келер.
- Ал, сен Отан жайлы не айтасың?
Отан – елдің анасы
Отан – жердің анасы
Бақытты ғой, дәл мендей
Тәуелсіз ел баласы!
Екеуі топтан шығып кетеді.
«Көк тудың желбірегені» ән ырғағымен топқа балалар кіреді. Қолдарында ту бар.

Сәлемдесу:
Біздер жақсы баламыз,
Өсті ақыл санамыз
Қонақтармен ең алғаш
Амандасып аламыз.

Тәрбиеші:
Отан - тарих, Отан - тіл,
Жасаған елің, ер халқың.
Отан - өлең, Отан - жыр,
Көтерген көкке ел даңқын...
Отан осы, достарым,
Көңілге мұны түйе біл.
«Отан» деп өс, жас қауым,
Оны ардақтап, сүйе біл.

Қазақстан Республикасының гимні орындалсын:
Руслан:
Аспанымдай мөлдірмін,
Жайлауымдай жазықпын.
Өзенімдей өршілмін,
Гүлдерімдей нәзікпін.
Қуат алған өзіңнен,
Туған елдің ұлымын.
Бақытты етіп өсірген
Отанымның ұлымын!

Мансұр.
Қазақтың елі – ең кең ел!
Басшысы жайсаң, кемелді ер!
Зейіні зерек, өзі алғыр,
Нұратасы кемеңгер!

Назым.
Қазақтың туың ұстаған,
Болашақ жолын нұсқаған.
Нұрата аян ғаламға
Беделі биік, күшті адам!

Тәрбиеші:
Әсем әуен салдырған
Сәбилер де алғыр жан
Бал дәуреннің қызығын
Есте қалар балдырған.
Кезегімізді әнге берейік.

Ән «Балдырған»

Осы кезде сыныпқа білімділер қаласынан Білгішбек қонаққа келеді.
Ол балалармен амандасады. Сосын өзінің сұрақтарын балаларға қояды.
Балалар Қазақстан Республикасының президенті кім?
Елбасымыз туралы кім тақпақ біледі?
Жазира:
Шықты тарап ой данадан
Бер қарады жұлдыз беті,
Өзі қалап сайлап алған,
Елімнің бар президенті.

2. Президент қандай болу керек?
3. Біздің елордамыз қай қала?
Риза:
Ағаштары тербелген,
Үлкен қала — Астана.
Биік - биік үйлері,
Әсем біздің Астана!
Қол соғайық қанеки,
Жаса мәңгі Астана!
Ел жүрегі Астана,
Рауана:
Жаңа қала, жас қала.
Зәулім, сәнді үйлері,
Үлгі болған басқаға.
Астана, Астана!
Ел тілегі — бас қала!
Астана, Астана!
Ел жүрегі — Астана!

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
55 660
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Отан неден басталады?
Отан неден басталады?
Отанды сүюге, Қазақстан Республикасының рәміздерін қастерлеуге, туған еліне, жеріне, отбасына деген сүйіспеншіліктерін арттыруға, ұлтжандылыққа, патриоттық сезімге тәрбиелеу.
Туған өлкем
Туған өлкем
Табиғи дауыспен әнді таза айтуға, шығарманы сезіне білуге үйрету, музыка сипатына сай жаттығу қимылдарын үйлестіре білуге баулу. ТМ: Әнді сезіне арқылы Отанды сүюге, қастерлеуге тәрбиелеу
Менің Отаным - Қазақстан
Менің Отаным - Қазақстан
Балаларды Отанды сүюге, Қазақстан Республикасының рәміздерін білуге, еліне, туған жерге деген сүйіспеншіліктерін арттыру мақсатында олардың сөздік қорларын көбейтіп, танымдық қызығушылықтарын арттыру.
Елімнің бақытын тербеткен – Тәуелсіздік
Елімнің бақытын тербеткен – Тәуелсіздік
Тәуелсіздігіміз туралы әңгімелеп, жалпы түсінік беру. Отан, туған жер, Ата-мекенімізді құрметтеп, сүюге, патриоттық тәрбие беру. Туған елінің болашағына үлес қосып, елі, жері үшін қызмет етуге тәрбиелеу.
Менің Отаным - Қазақстан
Менің Отаным - Қазақстан
Отанды сүюге, еліміздің рәміздерін қастерлеуге, туған еліне, жеріне деген сүйіспеншіліктерін арттыру. Оқушыларды достыққа, адамгершілікке, саналылыққа тәрбиелеу.
Қазақстан болашағы – білімді ұрпақ
Қазақстан болашағы – білімді ұрпақ
Атырау қаласы жалпы білім беретін №6 орта мектептің бастауыш сынып мұғалімі Ахмеджанова Гүлжан Утеуовна
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×