Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Отан неден басталады?

03 желтоқсан 2017, Жексенбі
Категориясы: Бастауыш сынып
Тақырыбы: «Отан неден басталады?
Мақсаты: Балаларды Отанды сүюге, Қазақстан Республикасының рәміздерінің қастерлеуге, туған жерге деген сүйіспеншіліктерін арттыруға адамгершілікке, парасаттылыққа тәрбиелеу. Туған елінің болашағына үлес қосып, елі, жері үшін қызмет етуге тәрбиелеу.
Көрнекілігі: Менің Қазақстаным сурет жинағы, слайд, ҚР рәміздері, отбасы суреті.
Барысы:
Ұйымдастыру кезеңі:
Армысыздар, құрметті ұстаздар! 1сынып оқушыларының «Отан неден басталады?» атты сынып сағатына қош келдіңіздер!:
Біздер жақсы баламыз,
Өсті ақыл санамыз
Қонақтармен ең алғаш
Амандасып аламыз.
Мұғалім тәрбие сағат мақсатымен таныстыру.
«Отан»деген сөзді сендер қалай түсінесіңдер? Ой - пікірлерін тыңдау.
- Балалар «Отан»- деген сөздің мағынасы «Қазақ тілі сөздігінде» былай анықталған: Туған ел, өскен жер, үй - іші, отбасы.
- Осы айтылған ойларымыздың дұрыстығына көз жеткізу үшін қазір мынадай өлең шумақтарын тыңдап көрсек.
Бек:
Көп аузынан түспейтін,
Отан деген немене?
Оның тұлға түс кейпін,
Достым білгің келе ме?
Көрініс: Ағасы ойланып отырады. Қасына кішкентай қарындасы келіп,
- аға сен не ойлап отырсың?
- бүгін мұғалім бізге мынадай сұрақ қойды, «Отаным десем ойыма...» дегенде ойларыңа не келеді?
Сол кезде қоңыраудың соғылмасы бар ма? Мен енді сол жайлы ойлап отырмын.
- аға Отан деген не?
- Жамбыл атамыздың мына бір өлең жолдары есіме түсіп отыр.
Отаным десем ойыма... Қайсар
Шалқыған байтақ жер келер,
Отаным десем ойыма...
Көгілдір тартқан көл келер.
Баурайы байлық, қойны құт
Отаныма еш қашан мекен де болмас тең келер.
- Ал, сен Отан жайлы не айтасың?
Ұлпан
Отан – елдің анасы
Отан – жердің анасы
Бақытты ғой, дәл біздей
Тәуелсіз ел баласы!

Бек
Отан дегеніміз - адамның туып өскен жері,, туған - туысқандарымен, жақындарымен бірге тұратын атамекені. Қазақ елінде тұратын адамдардың Отаны - Қазақстан Республикасы.
Медина
Отан - тарих, Отан - тіл,
Жасаған елің, ер халқың.
Отан - өлең, Отан - жыр,
Көтерген көкке ел даңқын...
Ерназар:
Отан - сенің ата - анаң,
Отан - досың, бауырың.
Отан - өлең, астанан,
Отан - аудан, ауылың.
Дарын:
Бақытты боп жүргенім
Сенің арқаң, Ұлы Отан.
Елім менің – тірегім,
Құшағында гүл атам.
Шығысыңнан арайлы,
Күліп атқан құба таң.
Сенен бақыт тарайды
Баршамызға Ұлы Отан.
Сарқылмайтын қуатым,
Тірегімсің сен, Отан.
Мәңгі соғып тұратын
Жүрегімсің сен, Отан!
Қазақстан Республикасының Әнұран орындалады.
Дана:
Отан деген – атамекен,
Отан деген – туған жер.
Отан – ана, Отан – пана,
Қазақстан – туған ел.
Отанды біз атамекен,
Деп аялап айтамыз!
Өйткені оны мекен еткен
Бабамыз бен атамыз.
Қарақат:
Отан - жерім, Отан - суым,
Отан - қуат, нәр береді.
Отан - ұран, Отан - туым,
Отан мәңгі гүлденеді.
Сүйемін мен Отанымды,
Гүл жайнаған жерімді.
Сүйемін мен ата - анамды,
Мені өсірген елімді.
Әмина:
Біз жас ұлан - Отан ана өркені
Үміт артқан болашағы, ертеңі.
Туған елдің даңқын көкке өрлетіп,
Гүлге бөлеп жасартамыз өлкені.
Қадыржан:
Мен оның түнін сүйем, күнін сүйем,
Ағынды өзен, асқар тау, гүлін сүйем.
Мен оның қасиетті тілін сүйем,
Мен оның құдіретті үнін сүйем.
Бар жәндігін сүйемін қыбырлаған,
Бәрі маған: «Отан» деп сыбырлаған.
Жаным менің, Кеудемді жарып шық та,
Бозторғайы бол оның шырылдаған!
Отан!
Отан!
Бәрінен биік екен.
Мен оны мәңгілікке сүйіп өтем.
Отанды сүймеуің де күйік екен,
Отанды сүйгенің де күйік екен...
Мұғалім
Аспанымдай мөлдірмін,
Жайлауымдай жазықпын.
Өзенімдей өршілмін,
Гүлдерімдей нәзікпін.
Қуат алған өзіңнен,
Туған елдің ұлымын.
Бақытты етіп өсірген
Отанымның ұлымын!
- деп кезекті ер балалардың орындауында: «Ел қорғауға әзірміз» әнінне береміз.
Өз Отанымыз, туған жеріміз туралы не біледі екенбіз сұрақ - жауап.
Балалар сендер қай елде тұрасыңдар? /Қазақстанда/
Туған жеріміз, кіндік қанымыз тамған жер қалай аталады? Маңғыстау, Бейнеу, Ақжігіт ауылы.
Қазақстан жері қандай? Жері үлкен, әдемі, әрі бай.
Биыл тәуелсіздікке неше жыл болады? /26жыл/
Біздің бас қаламыз? /Астана/
Астанада сендер нені білесіңдер? /Бәйтерек/
Онда кім тұрады? /Біздің Елбасымыз Н. Ә. Назарбаев/
Мынау біздің рәміздер.
Мынау ненің суреті? /тудың/ түсі қандай? /көгілдір/
Елтаңба, Әнұран
Қайсар: Қазақстан байрағы
Зеңгір аспан көгілдір,
Алтын күні төрінде.
Тамылжытып төгіп тұр,
Шаттық сыйлар көңілге.
Көк аспандай көгілдір,
Қазақстан байрағы.
Тұрса күндей төгіп нұр,
Жылдарымыз жайдарлы.
Көк байрақтың бетінде,
Қыран бүркіт қанатты.
Сол қырандай еркіндеп,
Қазақстан - менің Отаным.
Асыл өлкем ерекше,
Қазақстан – мекенім!
Беп - белгілі емес пе,
Сенің ғажап екенің!
Биік болсын шоқтығың,
Атыңды айтам ән қылып.
Желбірейді көк туың,-
Төбемізде мәңгілік!
Ақниет:
Қазақстан - көк байрақты ел едің,
Сен дегенде лүпілдейді жүрегім.
Өзің менің мақтанышым, тірегім,
Өзің менің қуанышым, бақытым.
Нұрғиса:
Отан дейміз от жаққан жерімізді,
Отан дейміз өсірген елімізді
Отан дейміз туған жер, атамекен
Биік тау, орман, тоғай көлімізді
Али:
Қойнауы мол кенге тұнған
Кең жайлауы малға толған,
Жерұйықтай жері дархан
Жаны жомарт елі дархан
Бәрі: Ол біздің - Қазақстан!.
Нұрбек: «Туған елім»
Туған жерім! Туғае елім - бұл менің!
Өз елімде өз тынысым кең менің
Туған жерді көркейтем деп арманым
Қандай әсем, қандай көркем жерлерің
Өз елімнің патриоты мен болам
Қасиетті туған жерім кең далам
Өзгелерден қымбатсың ғой сен маған
Тату - тәтті бейбіт ғана ел болған
Отанымды туған жерді сүйемін
Сен дегенде лүпілдейді жүрегім
Туған жерге сүйсінумен әрдайым
Отаныма бар жақсыны тіледім.
Хор: Отан
Отан, туған жер туралы мақал - мәтел сұрау.
Еркеназ:
Отан дейміз кең - байтақ астананы,
Жасыл жайлау, жаңа жол, жас қаланы.
Отанның шеті де жоқ, шегі де жоқ
Ол бірақ өз үйіңнен басталады.

Маңғыстау облысы, Бейнеу ауданы, Ақжігіт ауылы
«М. Бегенов атындағы орта мектебі» КММ - сі
Бастауыш сынып мұғалімі: Алпанова Аккумис Мендикуловна

Отан неден басталады? жүктеу
Отан неден басталады? слайдты жүктеу
42 414
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Мәңгілік ел Мен өз Отанымның патриотымын тәрбие сағаты
Мәңгілік ел Мен өз Отанымның патриотымын тәрбие сағаты
Отан – әр адамның жүрегіне жылы тиер қасиетті сөз. Отан – сенің туған елің, туған жерің, дос – жарандарың, туған туысқаның. Отан - бұл өзіңнің тұратын, өмір сүретін, қызмет ететін жерің. Отан адам үшін біреу ғана.
Мен өз Отанымның патриотымын!
Мен өз Отанымның патриотымын!
Оқушыларға патриоттық, эстетикалық, адамгершілік тәрбие беру, өз ой - пікірін білдіре алатын оқушыларды тәрбиелеу.
Елімнің бақытын тербеткен – Тәуелсіздік
Елімнің бақытын тербеткен – Тәуелсіздік
Тәуелсіздігіміз туралы әңгімелеп, жалпы түсінік беру. Отан, туған жер, Ата-мекенімізді құрметтеп, сүюге, патриоттық тәрбие беру. Туған елінің болашағына үлес қосып, елі, жері үшін қызмет етуге тәрбиелеу.
Менің Отаным - Қазақстан
Менің Отаным - Қазақстан
Туған жердің тарихына үңіле білуге, болашақта елдің тұтқасы өзіміз боламыз деген түсінік қалыптастыру. Сөздік қорларын, ой - өрісін дамытып, дұрыс сөйлеуге жаттықтыру.
Отаным десем ойыма...
Отаным десем ойыма...
Отанды сүюге, Қазақстан Республикасының рәміздерінің қастерлеуге, туған жерге деген сүйіспеншіліктерін арттыруға тәрбиелеу мақсатында олардың сөздік қорларын көбейтіп, еңбекке, адамгершілікке, парасаттылыққа тәрбиелеу
Қазақстан - достық мекені
Қазақстан - достық мекені
СҚО, Петропавл қаласының №17 Ұлттық өркендеу орта мектеп – кешенінің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Ескендірова Қымбат Неғметжанқызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×