Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Ұстаз-ұлағатты тұлға

23 қараша 2012, Жұма
Категориясы: Бала-бақша
Қызылорда облысы,
Қазалы ауданы, Қазалы ауылы,
№9 Балауса балабақшасының тәрбиешісі
Алпысбаева Күміскүл Әбдіғаниқызы
Мектепалды даярлық тобы

Тақырыбы: Ұстаз - ұлағатты тұлға!
Мақсаты: Ұстаз деген ұғымның биік мәртебесін түсіндіру. Балаларды үлкенді құрметтеуге, адамгершілікке тәрбиелеу.
Көрнекілігі:Суреттер, буклеттер.
Әдіс-тәсілдері:Әңгімелесу, сұрақтар, мақал-мәтелдер, тақпақ, өлеңдер.
Әрекет кезеңдері: Тәрбиешінің іс-әрекеті
Балалардың іс-әрекеті
Ұйымдастырушы - қозғаушы қызмет «Ұстазым»әні орындалады
Армысың, алтын күн!
Армысың, асыл жер!
Армысың, жан досым!
Жылуыма жылу қос,
Міне, менің қолым!
- Балалар, бір-бірімізге жылы жүзбен қарап, қуаныш сыйлайық. Осы алған күш-қуатымызбен сабағымызды бастайық. Балалар бір-біріне жылы лебіздерін білдірді.
Ұйымдастырушылық - ізденушілік

Рефлекциялық Әңгіме тыңдау«Ұстазбен амандасу»
Сергіту сәті:
Алма баққа барайық
Алма теріп алайық
Ең үлкенін, жақсысын Ұстаздарға сыйлайық!
Дымбілмес кіреді(Ол тақтадағы парақтарды шимайлай бастайды)
Балалар мынау кім өзі, не істеп жатыр?
Дымбілмес:Мені танымадыңдар ма? Мен Дымбілмеспін ғой
Тәрбиеші:Балалар, Дымбілместің жасап тұрған қылығы әдептілікке жата ма? Қане Дымбілмеспен амандасайықшы. (Дымбілмес амандаспайды)
- Дымбілмес, қонаққа келгенде балалармен сәлемдесу керек.
- Мен сәлемдесу керектігін білмеппін. Сәлеметсіңдер ме, балалар?
- Енді дұрыс болды. Әдептіліктің басы амандасудан басталады. Дымбілмес, сен өзің ештеңе білмейді екенсің. Қазір балалармен бірге отырып, бәрін үйренесің. Балалар, күнделікті балабақшаға келгенде апайлармен амандасамыз ба? Олай болса, апайларға байланысты кім бізге тақпақ айтып береді екен?

Оқу іс-әрекетімізді мақал-мәтелмен қорытындыласақ.
Кім ұстаз жайлы мақал-мәтел біледі?
Балалар амандасады
Сәлеметсіз бе Дымбілмес.
Ақнұр:
Алғыстарым көп менің,
Балабақшам, апайым!
Үйреткені адалдық,
Ұсынғаны адамдық.
Дильназ:
Апайларға мың алғыс
Текті мінез, даналық
Бар апайға тілейміз,
Бақыт, табыс, амандық.
Нұрдәулет:
Тәрбиеші, ғазиз мұғалім -
Төгілген арай, шуағым
Арманым қонса, қолыма,
Арқаң деп сенің ұғамын.
Ернұр:
Тәрбиеші, ғазиз мұғалім -
Сарқылса мәңгі бұлағым
Ұланың бүгін тойыңда
Арнайды саған бұл әнін.
Әли:
Атағым Алатаудай биік болып,
Тұрса да төбем өсіп көкке тиіп
Алдыңда әрқашанда тағзым етіп
Тұрармын«Ұстазым»деп басымды иіп!
Ұстаздық еткен жалықпас,
Үйретуден балаға!

Білуі керек: Әдептіліктің басы амандасудан басталатынын білуі керек
Болуы керек: Бала бойында жақсы қасиеті болуы керек.
Үйрену керек: Балалар адамгершілік, әдептілік, еңбексүйгіштікті үйрену керек
11 011
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Көліктер
Көліктер
Балаларды көліктің түрлерімен таныстыру. Жүк көлігі жіне оның маңызы туралы ұғым қалыптастыру.
Жабайы аңдар
Жабайы аңдар
Балалардың жабайы аңдар туралы түсініктерін тереңдету. Олардың түрлерін бір-бірінен ажыратуға, дене мүшелерін дұрыс атай білуге үйрету.
Ұстазым, ұлағатым, үлгі – өнегем!
Ұстазым, ұлағатым, үлгі – өнегем!
Қызылорда облысы, Қазалы ауданы, Сарыбұлақ ауылы №78 мектеп ағылшын тілі пәнінің мұғалімі Жакеева Галия Талгатовна
Менің сүйікті мысығым
Менің сүйікті мысығым
Атырау обылысы, Қызылқоға ауданы, Миялы селосы, «Жасұлан» балалар бақшасы тәрбиеші Телманова Әсия
Атамекен
Атамекен
Шығыс Қазақстан облысы, Көкпекті ауданы Көкжыра ауылы, «Амангелді орта мектебі»КММ тәрбиеші Бейсетаева Ардақ Сейтказиновна
Үй жануарлары
Үй жануарлары
Шалқар қаласы, № 6 орта мектебі № 6 орта мектебі Өткізген: Ешнияз Д. А
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×