Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Атамекен

12 маусым 2013, Сәрсенбі
Категориясы: Бала-бақша
Тақырыбы: Атамекен
«Қазақстан картасы»
Мақсаты: Қазақстан картасы «Атамекен» деген танымдық орталығы туралы түсінік беру. Онда ортақ аспанның астында біздің еліміз Қазақстанның бүкіл табиғат байлықтары жиналғаны жайында әңгімелесу арқылы тіл байлығын дамыту, сауаттарын ашу арқылы оқу әдістемелік - кешенімен жұмыс. Өз туған жеріне деген сүйіспеншілігін арттыру және табиғатқа қамқорлық жасауға тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: Аралас сабақ.
«тіл дамыту, айналамен танысу, сауат ашу»
Әдіс - тәсілдері: Әңгімелесу, сұрақ – жауап, көрсету, түсіндіру, тақпақ айту, сауат ашу.
Көрнекіліктер: Қазақстан Республикасының картасы, суреттер, қиылған суреттер, сауат ашу, алфавит, текшелер, сөздер, интерактивті тақта, «слайд» көрсету.

Ұйымдастыру кезеңі:
Сабақ Қазақстан Республикасының әнұранын айтудан басталады.
Психологиялық сәт:
Армысың асыл күн,
Армысыңа сыл жер,
Армысың жан досым,
Армысың көк аспан!
Жылуына жылу қос,
Міне менің қолым!

Ал балалар біз бір - бірімізге жылы жүзбен қарап, бойымыздағы жүрек жылуын сыйлайық, осы алған күш – қуатымызбен сабағымызды бастайық.
Кіріспе әңгіме!
Тәрбиеші: Балалар жыл мезгілі қандай?
Балалар: Көктем.
Тәрбиеші: Көктем мезгілінде неше ай бар?
Балалар: Көктем мезгілінде үш ай бар.
Тәрбиеші: Қазір көктемнің қай айы?
Балалар: Қазір көктемнің бірінші айы - Наурыз.
Тәрбиеші: Аптада неше күн бар?
Балалар: Аптада жеті күн бар.
Тәрбиеші: Бүгін қай күн?
Балалар: Бүгін аптаның жұма күні.
Тәрбиеші: Балалар бүгінгі сабағымыздың тақырыбы «Атамекен» - Қазақстан картасы.
Атамекен деген біздің Отан.
Тәрбиеші: Балалар біз қандай Республикада тұрамыз?
Балалар: Біз Қазақстан Республикасында тұрамыз.
Тәрбиеші: Біздің Қазақстан Республикасының елордасы қай қала?
Балалар: Біздің елорда – Астана қаласы деп аталады.
Тәрбиеші: Қазақстан Республикасының Елбасы кім?
Балалар: Біздің Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев.
Тәрбиеші: Балалар біздің Отанымыз қалай аталады?
Біздің Отанымыз - Қазақстан.
Тәрбиеші: Отан дегенді қалай түсінесіңдер?
Балалар: Отан дегеніміз - біздің жеріміз, біздің еліміз, біздің отбасымыз, гүліміз, ағашымыз, тауымыз, ауыл - қаламыз, мектебіміз т. б.
Тәрбиеші: Дұрыс балалар, осының бәрі біздің Отанымыз.
Ал, енді балалар Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздерін атап беріңдерші.
Балалар: Рәмізіміз үшеу. Ту, Елтаңба, Әнұран.
Тәрбиеші: Осы рәміздер туралы кім тақпақ біледі?

Балалар тақпақтарын айтады.
Ту
Айнымайды аспаннан,
Біздің тудың бояуы.
Оны халық қашанда,
Биікке іліп қояды.
Көк аспанда арайлы күн,
Көк аспанда жас қыран.
Естілгендей біздің үн,
Сол ғарыштың астынан.

Елтаңба
Қатар шапқан қос тұлпар,
Ай астында қазақ үй.
Қалықтаған жас сұңқар,
Шарықтаған таза күй.
Бұл таңбасы елімнің,
Елдігімнің белгісі.

Әнұран
Әнұраным - жан ұраным,
Айтар әнім, сөйлер сөзім.
Туған жерім сағынарым,
Жүрсем егер дүние кезіп.

Сергіту сәті
Кел балалар тұрайық,
Үлкен шеңбер құрайық.
Шаңырақты көтеріп,
Керегені құрайық.
Уықтарша иіліп,
Шаңыраққа қосылып
Қазақ үйді құрайық.
Балалар кім Отан туралы тақпақ біледі?

Отан
Отан деген – атамекен,
Отан деген - туған жер.
Отан - ана,
Отан – үлкен.
Қазақстан туған жер!

Тәрбиеші: Отан деген ол біздің «Атамекен». Сабақ басында «Атамекен»- Қазақстан картасы туралы айттық. Ал енді, Қазақстан картасымен жұмыс істеу арқылы өздерің білетін қалаларды айту және оның байлықтарын атап беру қажет.
Балалар: Алматы қаласы апорт алмасымен бай, үлкен мұз айдыны Медеу бар.
Табиғаты өте әсем, таулары өте биік.
- Астана, Қостанай, Көкшетау қалалары астыққа бай.
- Қызылорда қаласында ақ маржан күріш өсіріледі. Күрішті тамаққа пайдаланамыз.
- Атырау, Ақтау қалаларында мұнай, газ өндіріледі.
- Шымкент қаласында ақ мата өсіріледі. Ақ мақтадан киім жасаймыз.
- Қарағанды, Екібастұз тас - көмірге бай. Көмір бізге жылу береді.
- Семей қаласы табиғаты тамаша, бұл Абай атамыздың туған жері.
- Өзіміздің Өскемен түрлі - түсті металға бай.
Балалар біз Қазақстан картасы бойынша еліміздің байлығын, сұлулығын аралап көрдік. Енді біз өз мектебімізге келіп, өз бөлмемізде аналарымызға сауат ашудан өнер көрсетіп көрейік.

- Мынау не?
- Алфавит.
- Алфавитте нелер орналасқан?
- Әріптер
- Дыбыс нешеге бөлінеді?
- Екіге «дауысты, дауыссыз»
- Дауысты дыбыстар қандай?
Әндетілді, созып, ешқандай кедергісіз айтылады. Қызыл текшемен белгіленеді
- Дауыссыздар «кедергімен айтылатын дыбыстар. Көк текшемен белгіленеді»
Дауысты дыбыстар жуан және жіңішке болады.
Дыбыстарды естиміз, айтамыз.
Әріптерді көреміз, жазамыз.
К, еспе әріппен Отан, Ана, Бала, Мектеп, Күн, Жер сөздерді жазу.
Буынға бөлу. Сөйлем құрау.
Балалар бүгін сабақта не өттік?
Қазақстан картасы бойынша саяхат жасадық. Сауат ашуды қайталадық.

Балаларды мақтау, мадақтау.
Қорытынды.
8 744
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Зообаққа саяхат
Зообаққа саяхат
Балаларға зообақ жайлы түсінік беру, жабайы аңдар туралы білімдерін тиянақтау
Көліктер
Көліктер
Балаларды көліктің түрлерімен таныстыру. Жүк көлігі жіне оның маңызы туралы ұғым қалыптастыру.
Жабайы аңдар
Жабайы аңдар
Балалардың жабайы аңдар туралы түсініктерін тереңдету. Олардың түрлерін бір-бірінен ажыратуға, дене мүшелерін дұрыс атай білуге үйрету.
Қазақстанның жеті кереметі!
Қазақстанның жеті кереметі!
Математикалық ұғымдар туралы түсініктерін дамыту, балалардың табиғат жайлы білімдерін арттыру, Қазақстан Республикасының қалалары туралы мәлімет беру. Туған жеріне еліне, деген сүйіспеншілігін арттыру.
Менің сүйікті мысығым
Менің сүйікті мысығым
Атырау обылысы, Қызылқоға ауданы, Миялы селосы, «Жасұлан» балалар бақшасы тәрбиеші Телманова Әсия
Үй жануарлары
Үй жануарлары
Шалқар қаласы, № 6 орта мектебі № 6 орта мектебі Өткізген: Ешнияз Д. А
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×