Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Жігіт сұлтаны

02 сәуір 2016, Сенбі
Категориясы: Бала-бақша
Райымбек ауданы, Кеген ауылы.
Салыкбаева Советхан

Жігіт сұлтаны
Зал іші әсем безендірілген, шарлар, плакатқа қанатты сөздер жазылған.
Күйсандықтан С. Тұрысбековтың «Көңіл толқыны» күйі ойнап тұр.

Жүргізуші: Ұлдар ер жетіп, қыздар бой жетіп,
Әлі - ақ уақыт зыр етер.
Өнегелі өссе бұлар,
Елімізді гүлдентер.
«Жігіт сұлтаны» байқауы,
Көпке үлгі болады.
Қазағымның салт - дәстүрі,
Көкірегіне қонады.
Мына өскен бүлдіршіндер,
Ата салтын үйренсін.
Өрге жүзсін өнерлері,
Бұлар елдің болашағы.

Қайырлы күн, құрметті ата - аналар, қонақтар! Сіздердің алдарыңызда кішкентай өнерпаз ұландарымыз «Жігіт сұлтаны»
деп аталатын байқауға қатысып, өз өнерлерін көрсетпек.

Жүргізуші: Жиналған мерекеге бүгін халық,
Қарасын біздің жаққа көзін салып.
Жігіттің сұлтандары келіп қалды,
Өнер мен тапқырлығын қатар алып.
Құрметті қауым, сіздерді «Жігіт сұлтаны» сайысын тамашалауға шақырамыз.
Бүгінгі сайысымызға қатысатын сұлтан жігіттеріміз Жаннұр, Мейіржан, Ілияс, Диас, Аян, Ернарды қол соғып, қошеметпен ортаға шақырайық.

Жүргізуші: Өнерпаздар өнерін салыстырып,
Бәйге үшін терлетер шабыстырып.
Әділдікті қолдайтын баға беріп,
Жіберейік қазыларды таныстырып.

Жүргізуші: Әділқазы алқасымен таныстыру.
Ал енді сіздерді алты кезеңнен тұратын сайыстың жоспарымен таныстырып өтейін.
Жүргізуші: Балалар келіп жетті танысуға,
Сыпырды томағасын осы дуға.
Қызып келген қырандай көтеріледі,
Әдеппен, ізетпенен танысуға.

1. «Тегін білу, тектілік». Сұлтандарымыз өздерін таныстырады.
2. «Өтірік өлең айту» сайысы.
3. «Өнерлінің өрісі кең» (Өз өнерін көрсету)
4. «Білгенге маржан» (Сұрақтарға жауап беру)
5. «Адам көркі - шүберек» (Сән үлгісі)
6. «Шынықсаң шымыр боларсың»

І сайыс. Өзін - өзі таныстыру.
ІІ сайыс. «Өтірік өлең айту».

Жаннұр: Қарашы іске жетігін,
Түзеп істің кетігін.
Қара мысық кешкілік,
Жамап отыр етігін.
Біле алмадық не сырын,
Тигізді ме кесірін.
Қабан келіп кірпіден,
Сұрап отыр кешірім.

Мейіржан: Дүниеде болады екен тышқан мықты,
Жабылып он бес кісі әрең жықты.
Соғым сойып едім, семізін - ай.
Бүйрек майдан басқасы бес қап шықты.

Ілияс: Жұмсап кәрі масаны,
Шіркей сауда жасады.
Қасқыр қойдан ұялып,
Екі бетін басады.

Диас: Қасқыр мініп сиырға,
Жүріп кетті қиырға.
Қора - қора қой айдап,
Келді ауылға биыл да.

Аян: Бірде мініп лаққа,
Жетіп алдым бұлаққа.
Бұлағым тасып кетіпті,
Таудан да асып кетіпті.

Ернар: Шілдеде мұз қатады,
Қоян мылтық атады.
Қаз үстінде көл жүзер,
Аспан да ұшып төл жүзер..

ІІІ сайыс. «Өнерлінің өрісі кең».(Өз өнерін көрсету).

ІV сайыс. «Білгенге маржан» ( Сұрақ - жауап)
Ұяшықтардағы сандардың артындағы сұрақтарға жауап беру.

Жүргізуші: Мықты болсаң сұрақтарға жауап бер,
Келді кезек оқу менен білімге.
Бұл сыннан да өтсең егер сүрінбей,
Жүлде саған қуана бер, күлімде,- демекші сұрақтарға
жауап беру сайысы.

Сұрақтар:
1. Қазақстан Республикасының рәміздерін атап бер.(Ту, Елтаңба, Гимн)
2. Жеті санына байланысты ұғымдарды ата?( Жеті қазына, жеті ата, жеті шелпек, кемпірқосақтың жеті түсі, жеті күн)
3. Төрт түлік малды атап бер?( Түйе, жылқы, сиыр, қой, ешкі)
4. Апта күндерін ата?( Дүйсенбі, сейсенбі, сәрсенбі, бейсенбі, жұма, сенбі, жексенбі)
5. Қазақ батырларын білесің бе?(Наурызбай, Бөгенбай, Қабанбай, Қарасай)
6. Ұлттық ойындарды атап бер? («Көкпар», «Бәйге», «Қыз қуу», «Тақия тастамақ», «Арқан тарту», «Ақ серек, көк серек», «Теңге алу).

V сайыс. «Адам көркі - шүберек» (Сән үлгісін көрсету)

VІ сайыс. «Шынықсаң шымыр боларсың».

Жүргізуші: «Жігітке жеті өнер де аз, жетпіс өнер көп емес».
Расында да өнер адамды асқақ сезімге бөлеп, адамның жан дүниесін
нұрландырып, байыта түседі.
Бұл бәйге дәлдеп, көздеп атып, мергендігін көрсету.
1. «Дәл тигіз».
2. «Қазақша күрес».
3. «Отжимание».

Жүргізуші: Ал, балалар, тұрайық,
Көңілге кірбің салмайық.
Беріп әділ бағасын,
Балалардың біреуін таңдайық.

Жүргізуші: Әділқазылар алқасын қол соғып қарсы алайық.
«Тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйіні бар», «Жүйріктен жүйрік озар жарысқанда»,- демекші бүгінгі сайысымыздың жеңімпаздарын анықтау үшін сөз кезегі әділқазылар алқасына беріледі.
Қазылар алқасы жеңімпаздарды мына номинациялар бойынша бағалады.
1. «Жігіт сұлтаны».
2. «Өнерлі».
3. «Ақылды».
4. «Биші».
5. «Білімді».
6. «Епті».
35 553
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Жігіт сұлтаны
Жігіт сұлтаны
Жігіт сұлтаны тәрбиелік шара Мақсаты: Балалардың тапқырлық, өнерпаздық, ойшылдық қабілеттерін ашу, эстетикалық талғамын дамыту, шығармашылық деңгейін, өз еліне, туған жеріне деген сүйіспеншілік сезімдерін арттыру, Отанын сүйетін нағыз қазақ
Жігіт сұлтаны 2014
Жігіт сұлтаны 2014
«Жігіт сұлтаны – 2014» сайысы
Жігіт сұлтаны - 2013
Жігіт сұлтаны - 2013
Жезқазған қаласы Дарынды балаларға арналған облыстық қазақ-түрік ерлер лицей-интернатында қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Бакирова Сандуғаш Шарафиденқызы
Жігіт сұлтаны
Жігіт сұлтаны
Шығыс Қазақстан облысы, Зайсан қаласы, Х. Мұстафина атындағы орта мектептің математика, информатика пәндері мұғалімі Хасенова Ләзат Каукенқызы
Тәрбие сағаты "Жігіт сұлтаны" (2-сынып)
Тәрбие сағаты "Жігіт сұлтаны" (2-сынып)
Қарағанды қаласы, Абай ауданы, Южный кенті, №9 балабақша – мектеп кешені бастауыш сынып мұғалімі Халым Айгул
Жігіт сұлтаны
Жігіт сұлтаны
Асқақтаған ән дайын Күмбірлеген күй дайын Ал, қанекей қырандар Босқа қарап тұрмаңдар Бастап жігіт өнерін Алыстарға самғаңдар
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×