Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Бала – адамның бауыр еті (ата – аналармен тренинг)

14 қаңтар 2017, Сенбі
Категориясы: Бала-бақша
Бала – адамның бауыр еті (ата – аналармен тренинг)
Мақсаты: Отбасындағы ата – ана мен бала арасындағы қарым-қатынасты нығайту, ананың мейірімін, махаббатын, жақсылығын түсініп, оған балалық сүйіспеншілікпен жауап бере білуге баулу. Балаларға адамгершілік тәрбиесін бере отырып, оларды өзін - өзі тәрбиелеуге, өз ойын, ішкі сезімін ашық айтуға дағдыландыру.

І. Кіріспе
- Құрметті ата – аналар, бүгін біз сіздерді «Бала – адамның бауыр еті» деген тақырыпта пікірлесіп, ой бөлісейік деп, ата – аналар тренингін өткізіп отырмын. Өздеріңіз білесіздер, бала тәрбиесінде сіздердің алатын орындарыңыз ерекше.
Аналар мен балалар дөңгелене жайғасып отырады.
- Балалар, көңіл күйлеріңіз қандай?
- Тамаша.
- Балалар, біздің аналарымыз бізге шуақ шашып, жылы лебіздерімен, жақсы сезімдерімен қоршап тұр. Аналарымыздың ыстық жүрегінен қуат алып, бір – бірімізге жылы лебіздерімізді алақан жылуы арқылы білдірейік.
- Ашық аспан тілеймін!
- Мен өзіме және өзімнің туыстарыма, анама, әкеме, әжеме, ағама және кішкентай бауырларыма денсаулық тілеймін!
- Менің отбасымда тыныштық және сүйіспеншілік болсын!
- Өзімнің көршілеріме, таныстарыма, достарыма бақыт тілеймін!
- Біздің елімізде, бүкіл жер шарында бейбітшілік болсын!
- Аналарымыз аман болсын!
- Ата – ананың сүйікті баласы бол!
- Айтқан тілектеріңіз қабыл болсын, осындай сөз үйреткен біз тәрбиешілеріміз бен ата – аналарымызға рахмет!

ІІ. Бөлім
Сезім бөлісу сәті
А) Аналар баласына жай уақытта айта алмайтын тәтті сөздерін, ойларын, тілегін айтсын (3 – 4 ана) «Айналайын құлыным......»
Ә) Баласы анасына деген өз жүрегіндегі сезімін білдіреді. «Анашым», «Менің анам қандай сұлу», «Анам менің бақытты».

ІІІ. Бөлім
Ата – аналар үшін жағдаяттық сұрақтар
А) Балаңыз сізге көмектесіп, үй жинастырып жүріп байқаусызда қымбат ыдысты сындырып алды. Сіздің іс - әрекетіңіз? (баланы жұбатып, әдейі істемегенін айтасыз)
Ә) Баланы жазаладыңыз, содан соң ғана өзіңіздің артық кеткеніңізді байқадыңыз. Не істейсіз? (Өз қателігіңізді мойындап, үлкендер де қателік жіберетінін түсіндіресіз)
Б) Балаңыз түрлі сұрақ қойып, жауап беруіңізді өтінеді. Сіз шаршап тұрсыз қалай жауап бересіз? (шаршап тұрғаныңызды түсіндіріп, жауабын белгілі бір уақытта беруді белгілейміз)
В) Балаңыз көшеден киімін ластап келді, сіздің әрекетіңіз. (Сен көшеден лас болып келгенде мен саған ренжимін)
Г) Сіз үйге келгенде балаңыздың ойыншықтарды қоқыс қылып үйінді жасап отырғанын көресіз, ренжисіз. Сіздің көзқарасыңыз? (Маған сенің ойыншықты өз орнына жинамағаның ұнамайды)

Балалар үшін логикалық ойындар
А) Әр түрлі қолғаптардың сыңарын табу. (алдымен түсінік жұмыстары жүргізіледі)
- Мынау не?
- Қолғап.
- Оны қай кезде киеміз?
- Қыста.
- Сенде неше қол бар және саған неше қолғап керек?
- Екеу.
- Олай болса мыналардың ішінен бір пар қолғапты іздеп жауып ала қой.
Ә) Сұрақтарға жауап алу.
1. Күндіз жарық, ал түнде...? (қараңғы)
2. Аспан көк, ал шөп...? (жасыл)
3. Кішкентай сиыр - ол бұзау, кішкентай ит – ол...., кішкентай қой – ол...? (күшік, қозы)
4. Ит тауыққа ұқсай ма, әлде мысыққа ұқсас па? Несімен ұқсас?
5. Қарт адам мен жас адамның айырмасы неде?
ІV. Көрініс
«Шалқан» ертегісін тамашалау
V. Бөлім
Қауышу сәті
Әр ана өз балаларына ризашылығын білдіріп, құшақтап отыруына болады.
VI. Бөлім
Қорытынды бөлім
Ән: «Аналардың тілегі»

Атырау облысы,
Қызылқоға ауданы, Сағыз селосы
«Ақбота» шипажай типті балалар бақшасы
әдіскер, психолог Қалдымұратова Ақмарал
6 549
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Ыбырай Алтынсарин және заманауи білім
Ыбырай Алтынсарин және заманауи білім
Оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамытуда ата - аналармен бірлесе жұмыс істеу, сынып пен мұғалім, мұғалім мен бала, педагог пен ата - ана арасындағы қарым – қатынасты нығайту, жетістікке жету үшін бірлескен әрекеттің ортақ мақсаттарын анықтау.
Бала – адамның бауыр еті
Бала – адамның бауыр еті
Баланың өмірінде ата - ананың алатын орны ерекше екенін ұғындыру, отбасы мүшелерінің сыйластығын үлгі тұтып, ата өсиетін, әке ақылын санаға сіңіріп, өз өміріне тағылым етуге баулу.
Ата көрген оқ жонар
Ата көрген оқ жонар
Бала тәрбиесіндегі ата - ананың алатын орнының ерекше екендігін түсіндіру. Жанұядағы ата - ана және бала арасындағы қарым - қатынасты нығайту. Ата - анаға деген бала махаббатын ояту. Мектеп, ұстаз, ата - ана бірлігін нығайту.
Ата-аналар жиналысы: Баланың балабақшаға бейімделуі.
Ата-аналар жиналысы: Баланың балабақшаға бейімделуі.
Ата - ана, бала, тәрбиеші үштігі арасында өзара сенім мен сыйластық орнауына ықпал ету. Бала тәрбиесіндегі ата - ананың алатын орнының ерекше екендігін түсіндіру; Отбасы мүшелінің арасындағы бауырмалдық, қайырымдылық, достық қарым - қатынасты
Ата - аналармен ұйымдастырылған жиналыс - тренингтің жоспары
Ата - аналармен ұйымдастырылған жиналыс - тренингтің жоспары
Тақырыбы: “Бала бақыт бастауы, отбасы алтын діңгегі” Мақсаты: Студенттердің шығармашылық әлеуетін дамытуда ата - аналармен бірлесе жұмыстар жүргізу.
Әлдилеген әлемді бесігімен...
Әлдилеген әлемді бесігімен...
Ана жайлы жазылған тамаша ғибратты сөздер мен өлеңдер, әндер арқылы аналарды мерекесімен құттықтау. Ананың мейірімін, махаббатын, жақсылығын түсініп, еңбектерін ақтауға, аналарға балалық сүйіспеншілікпен жауап беруге баулу. Ана еңбегін кадірлеуге,
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×