Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Тәуелсіздік тірегім

21 қараша 2022, Дүйсенбі
Категориясы: Бала-бақша
Тақырыбы: Тәуелсіздік тірегім
Тәрбие жұмысы
Хор: «Көк тудың желбірегені»
Жүргізуші: Армысыздар, құрметті ұстаздар, балалар және қадірменді қонақтар! Бүгінгі тәуелсіздігіміздің 30 жылдығына арналған «Тәуелсіздік тірегім» атты ертеңгілігімізге қош келдіңіздер.
Тәуелсіздік – ең басты құндылығымыз. Тәуелсіздікке қантөгіссіз, бейбіт түрде қол жеткізгеннен кейін ғана елімізді әлемнің өркениетті мемлекеттерінің қатарына қоса алдық. 31 жыл ішінде тәуелсіз қазақ елін қалыптастырып, нарықтың қиын өткелектерінен аман өткізіп келеміз. Осы кезеңде Қазақстанды дүние дидарындағы ең мықты мемлекеттер танитындай, сыйлайтындай деңгейге жеткізген тұңғыш Н. Назарбаевтай көреген саясаткердің ерен еңбегін дәл бүгін және әрқашанда айтып өтеміз. Тәуелсіздік күні еліміздің барлық азаматтары үшін орны ерекше мереке деп білеміз, себебі осынау жүрек жарды қуанышқа толы күнді ата – бабаларымыз ғасырлар бойы армандап күтумен өтті.
Көрініс: «Немересі мен әжесі»
ҚР әнұраны орындалады.

Нұрали. Армандарды жақындатып тым алыс
Біздің жаққа жеткен екен жыл ағыс
Егемендік – ел бақыты ертеңі
О, халайық! Құтты болсын қуаныш!
Асылжан. Азат елім күндей күлген шығыстан
Асыл елім жан – жүректі ұғысқан
Ата – бабам аңсап өткен бақытым
Айналайын, Қазақстан - Гүлстан!
Бағдаулет. Кең байтақ көз жетпейтін жерім менің
Таулы орман, жасыл жайлау көлім менің
Бүгінде бар әлемге даңқың жетті
Тәуелсіз Қазақстан – елім менің

Қазақ дейтін менің бір елім бар
Жатыр алып жарты дүние есігін
Бұл даланы анам жаспен суарған
Бұл далаға жылап келіп қуанған – деп Қ. Аманжолов ағамыз жырлағандай кең байтақ жерімізде қазақ халқының басынан не өтпеді десеңізші! Азаттық таңы туатынына сеніп, үміттерін үзбеді.
Ерасыл. Сол күндер ғой жүректің аңсағаны
Соған шөлдеп, шөліркеп тамсанады
Өкініш пе, білмеймін қуаныш па
Өз – өзінен жүрегім ән салады
Ән. «Қазақ жігіттері»
Жүргізуші: Орнында бар оңалар демекші ел орнында, жер орнында жерге жетер байлық жоқ. Жер болса ел болады, ел болса ер болады. Ерлеріміздің арқасында «Қазақстан» егеменді ел болып, дүние жүзіне танылды. 120-дан аса ұлт өкілдері тұратын осынау қасиетті мекенде, асқақтаған өлкеде кеңшілігі керемет дархан дастархандай далада, егіні теңіздей толқыған, төрт түлігі өрбіген, өндірісі өркендеген мекенде өмір сүруші әрбір адам өз Отанын жанындай сүйіп, оның көк байрағын көкке көтеруді мақтаныш тұтады.

Нұрислам. Қазақпын, еңселі елмін егеменді
Кеңейттім кең әлемге керегемді
Мұхиттың ар жағында жатқан жұрттар
Таныды тепе тең деп тереземді

Ән: «Атамекен»
Хор: «Желтоқсан желі»

Ш. Нұрсезім. Желтоқсан – заман толғағы байтақ даланың
Шарпыған сәті үміт пен күдік наланың
Желтоқсан – Қайрат, Лаззат, Сәбира
Құрбаны болған жаланың

Б. Нұрсезім. Ал қоғамның адамнан бар ма асылы
Кеткенде жоқ құлақтан зар басылып
Бұғаудағы боздақтары кете барды
Бірі атылып, бірі дарға асылып

Гүлназ. Тас еденде жатты қазақ баласы
Ауырса да қыңқ етпеді жарасы
Жараланған жолбарыстай ышқынып
Айтып жатты соңғы сөзін ол ащы!

Ерасыл. Қайрат деген атым бар, 18 де жасым бар
Еркек тоқты құрбандық, атам десең атыңдар!

Аруна. Сұранбады, жалынбады тік тұрды
Барлық жендет қорықты одан тіксінді
Тас қорғанда жалғыз өзі жатса да
Қанішерлер айналада көптінді
Таң қалады тергеуші де бел кетіп
Неткен қайтпас, біз мұндайды көрмедік!!!
Барлық қазақ осындай ма? Білмедім
Жоқ әлде сен оқшау ма едің, не ерлік!

Ерасыл. Барлық қазақ осындай бар қанында
Сол ерлікпен ұстаған сар даламды
Кіргізбеген жауларын бір сүйемде
Ұрпағы үшін жан берген, әр бабамда!!!

Қызылорда облысы,
Қармақшы ауданы, Тұрмағамбет ауылы
№8 «Қызғалдақ» балабақшасының тәрбиешісі
Елеусінова Света Қалиқызы

Толық нұсқасын жүктеу
5 562
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Тәуелсіздік - тұғырым
Тәуелсіздік - тұғырым
Тәуелсіздік күні еліміздің барлық азаматтары үшін орны ерекше мереке деп білеміз, себебі, осынау жүрекжарды қуанышқа толы күнді ата - бабаларымыз ғасырлар бойы армандап, күтумен өтті.
Тәуелсіз елім - Қазақстан!
Тәуелсіз елім - Қазақстан!
Тәуелсіздік ұғымын түсіндіру. Тәуелсіздік жолында құрбан болған қазақ халқының ерлігімен таныстыру. Еліміздің тәуелсіздік алған жылдар ішіндегі жеткен жетістіктерімен таныстыру. Балаларға туған жерін, елін сүйетін, ұлтжанды, намысшыл, адамгершілігі
Тәуелсіздік деп соғады жүрегіміз
Тәуелсіздік деп соғады жүрегіміз
Тәуелсіздік - ең басты құндылығымыз. Тәуелсіздікке қантөгіссіз, бейбіт түрде қол жеткізгеннен кейін ғана елімізді әлемнің өркениетті мемлекеттерінің қатарына қоса алдық. 33 жыл ішінде тәуелсіз Қазақ елін қалыптастырып, нарықтың қиын өткелектерінен
Тәуелсіздік тұғырым
Тәуелсіздік тұғырым
Тәуелсіздік - ең басты құндылығымыз. Тәуелсіздікке қан төгіссіз, бейбіт түрде қол жеткізгеннен кейін ғана елімізді әлемнің өркениетті мемлекеттерінің қатарына қоса алдық. 30 жыл ішінде тәуелсіз Қазақ елін қалыптастырып, нарықтың қиын өткелектерінен
Тәуелсіздік – адамзаттың бақыты!
Тәуелсіздік – адамзаттың бақыты!
Балаларға тәуелсіздік туралы түсіндіру. Қазақстан Республикасының басты жетістіктерімен таныстыру, патриоттық, отаншылдық сезімін ояту, елін, жерін, құрметтеуге тәрбиелеу.
"Елімнің бақытын тербеткен Тәуелсіздік!" (сценарий)
"Елімнің бақытын тербеткен Тәуелсіздік!" (сценарий)
Армысыздар, құрметті ұстаздар, оқушылар және қадірменді қонақтар! Бүгінгі Тәуелсіздігіміздің 29 жылдығына арналған «Елімнің бақытын тербеткен Тәуелсіздік» атты мерекелік кешімізге қош келдіңіздер!
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×