Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Тостаған

01 қаңтар 2018, Дүйсенбі
Категориясы: Бала-бақша
Білім беру саласы: «Таным»
Ұйымдастырылған оқу қызметі: Құрастыру
Тақырып: Тостаған (қиылған бөліктерден құрастыру)
Мақсаты: Балаларды қағазбен жұмыс жасауға үйрету, олардың пішінін, көлемін ажырата алуға дағдыландыру.
Сөздік жұмыс: Тостаған.
Әдіс тәсілдер: Түсіндіру, көрсету, әңгімелесу, сұрақ - жауаптар, ғажайып сәт, дидактикалық ойын, слайд.
Көрнекіліктер: Тостаған, тостағанның суреттері, қорапшалар, сынған тостаған
Билингвалды компонент: Тостаған - деревянные чаши

Балаларды ізденушілікке қызықтыру
Шаттық шеңбері
Қайырлы таң - көк аспан,
Қайырлы таң - жер ана
Қайырлы таң - достарым
Жылуыма жылу қос
Міне менің қолым бос.

Әңгімелесу:
Үлкен кіші тостағанның суретін көрсетіп түсін, пішінін, қай тостағанның үлкен, қайсысы кіші екенін сұрау.
- Балалар менің қолымдағы ыдыс қалай аталады?
- Дұрыс айтасыңдар, бұл тостаған екен. Тостағанды ағаштан ойып жасайды. Қараңдаршы, қандай әдемі!
- Тостағанның түсі қандай?
Тостаған сүт, көже құйып ішуге ыңғайлы ыдыс екен.

Венн диаграммасы:
«Тостаған» мен «Кесе» салыстыру.

Ғажайып сәт:
Тәрбиеші: Балалар бізге қонаққа атамыз бен әжеміздің немере қызы қонаққа келіпті.
Балалар немере қызбен амандасайық.
– Сәлеметсің бе немере қыз, қош келдің
Балалар немере қыздың көңіл күйі жоқ екен? Қолындағы не екен?
Немере қыз: - Сәлеметсіңдер ме балалар, менің қолымдағы тостаған, мен оны сендерге алып келе жатып, сындырып алдым. Сол себепті менің көңіл күйім жоқ.
Тәрбиеші: - Балалар біз немере қызға көмектесеміз бе?

Билингвалды компонент: тостаған - деревянные чаши
Сөздік жұмысы: тостаған, қонақ

Құрастыру: Қиылған суреттерді қалай құрастыруға болатынын көрсетеді.
2 бөлікке қиылған суреттер.

Сергіту сәті: Балалар біздер немере қызға сынған тостағанын құрастыруға көмектестік, шаршаған шығарсыңдар, ал енді біздің сүйікті мультфильміміз Айя мен Әлидің қошақаным әніне билеп сергіп алайық.

Дидактикалық ойын: «Үлкен және кіші тостағандар»
Балалардың алдына үлкен және кіші тостағанның суреті беріледі. Балалар үлкен тостаған бейнеленген суретті үлкен қорапқа, кішкентай тостаған бейнеленген суретті кішкентай қорапшаға салуы керек.
- Жарайсыңдар балалар, сендер өте жақсы қатыстыңдар, сендерді жұлдызша арқылы бағалағым келіп тұр.
Немере қыз: - Балалар сендерге көп рахмет. Маған сынып қалған тостағанымды құрастырып бердіңдер, сендер өте ақылды балалар екенсіңдер. Ал енді менің атам мен әжеме кететін уақытым болды, мен сендерге әжемнің беріп жіберген кәмпитін берейін, сау болыңдар.
Тәрбиеші: немере қыз саған көп - көп рахмет. Сау бол.

Тостаған. жүктеу
10 610
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Үй жануарлары
Үй жануарлары
Балаларды үй жануарларымен таныстырып, олардың аттарын дұрыс атап, төлдерін ажырата білуге үйрету. Үй жануарларына қамқорлық жасай білуге тәрбиелеу.
Қуыршақ қонаққа келді, Тостаған
Қуыршақ қонаққа келді, Тостаған
Балаларға тағамдар мен ыдыстардың аттарын үйрету, оларды ажыратуға жаттықтыру. Ыдыстың не үшін керек екенін түсіндіру. Міндеті: Балалардың қазақтың ою - өрнектері туралы түсініктерін қалыптастыру. Шығармашылық қасиеттерін дамыту. Тазалыққа, салт
Қонақтарды күтеміз. Буынға бөлу
Қонақтарды күтеміз. Буынға бөлу
Заттарды топтастыра суреттеуге үйрету (ыдыстар: ас үйлік, асханалық). Сөздік қорды жаңа сөздермен байыту, олардың атқару қызметтік ұғындыру.
Балабақшаға арналған сабақ топтамасы
Балабақшаға арналған сабақ топтамасы
Павлодар қаласы, №126 сәбилер балабақшасының қазақ тілі мұғалімі Айман Айтмухаммедовна Тукенова
Торсық пен табақты бейнелеу
Торсық пен табақты бейнелеу
Оқушыларға торсық пен табақ туралы түсінік беру. Қағаз бетіне дұрыс үйлестіруді үйрету. Бояу арқылы түстік шешімін табуды меңгерту. Әдемі әсем бейнелеуге баулу.
Торсық
Торсық
Қарағанды қаласының № 42 «Тілек» балабақша тәрбиеші –педагогы Сакенова Калкен Сериковна
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×