Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Торсық

21 қараша 2012, Сәрсенбі
Категориясы: Бала-бақша
Білімділік мақсаты: Балаларды қазақтың ұлттық бұйымдарымен, оюларымен, олардың жасалу, қолдану жолдарымен таныстыруды жалғастыру, білімділік деңгейлерін көтеру, сабаққа деген қызығушылығын арттыру.
Дамытушылық мақсаты: Оюларды өз беттерімен қолданып сала білуге, әрі қарай дамыту.
Тәрбиелік мақсаты: Өз халқының өнерін сүюге баулу. Ата –бабаларымыздың асыл мұрасын бағалап қастерлеуге, қасиетін түсінуге үйрету.
Керекті –құралдар: Субояқ, қылқалам, қарындаш, тостаған мен торсық суреті, ыдыстар буклеті, сыр сандық тапсырмалары: мақал –мәтелдер, жаңылтпаш, ырымдар мен тыйымдар, сүрткіш шүберек.

Барысы: Балалар, бүгін бізде ерекше сабақ. Бізге қонақтар келіп отыр. Сендердің білімдеріңді, сурет салу өнерлеріңді көруге келді. Ендеше, қонақтармен амандасайық.
Шеңбер болып тұрайық
Алақанды ашайық.
Күннің нұрын алайық
Таза ауаны жұтайық
Жүрекке жылу салайық
Мейірімділік шоғын алайық
Жиналған жылы шуақты
Қонақтарға шашайық

Қане, балалар мына суретке назар аударайық. Мынау нелер?
Ою –өрнектер деп жауап береді. Осы оюлардың аттарын кім атап береді?
(қошқар мүйіз, ботамойын, құс қанаты оюы) Осы оюларды біз қайдан және қай жерден көреміз?
- Ыдыс –аяқтан, ұлттық киімдерден, ойыншықтардан, сырмақ, кілемнен, көрпеден т. б. нәрселерден көреміз.
- Әжелерің осындай оюды көрпеге тігеді ме?
- Қане, кімнің әжесі оюды жақсы тігеді екен? (балалардың жауаптары)
Бұл оюлар заттарды сәндеп, әсемдеу үшін қолданылады. Енді балалар, жаңа біз айтып кеттік, оюлар ыдыстарға салынады деп. Мынау буклетке назар аударайық. Бұл жерде ұлттық ыдыстар бейнелеген. Ертеде, адамдар топырақты, құмды пайдаланып кесе, құмыра жасаған. Содан кейін ағашты өңдеп, өрнектеп тостаған ағаш, қасық, тегене, шөген, аққұман жасаған. Осы ыдыстарды күнделікті тұрмыста қолданған (ыдыстың өзі көрсетіледі)
- Тостағанға қандай сусындар құйылады? Шұбат, қымыз, айран, сүт т. б сұйық заттардың барлығы құйылады.
- Пішіні жағынан неге, яғни қандай фигураға ұқсайды?
Шеңберге, дөңгелекке ұқсайды.
- Қымызды ішіп көргендерің бар ма, дәмі қандай?
- Дәмі қышқыл, ащы болады.
- Қымыздың тағы қандай қасиеті бар? ( Емдік қасиеті бар)
- Ыдыс тек ағаштан жасалып қана қоймай, малдың терісінен де жасалады. Одан мынадай торсық жасалады –деп көрсетіледі, түсіндіріледі. Торсықтың ішіне сұйық заттар құйылады. (айран, сүт, қымыз, шұбат) Алыс жолға шыққанда, күн ыстық кезде, сусын құйып алып, ыңғайлы ыдыс ретінде алып жүрген. Аталарымыз осындай теріден, ағаштан, ыдыс жасаған. Ендеше, сол аталарымыз бізге мынадай «сыр сандық» тапсырмасын беріп жіберіпті. Бұл сандық, жәй сандық емес, ән айтатын сандық. Егер де сендер тапсырманы дұрыс орындасаңдар, онда «ән» ойналады. Ал, егер дұрыс жауап бере алмасақ, онда ойналмайды. (Сандық ішінде нөмірленген асықтар бар, тапсырмасымен)
- Мынау не? (асық)
- Асықта қандай сан тұр? (1 саны)
- Ендеше,1- асықтың тапсырмасын оқимын. (Ыдыс туралы жаңылтпаш айту керек)
- Тас тостаған, тас тостаған
Тостаған ішіне тас тастаған
-2 асықтың тапсырмасы: «Өнер жайында қандай мақал –мәтел білесің»?
«Өнер көзі халықта», Шебердің саусағы алтын», «Ою ойғанның ойы ұшқыр»
-3 асықтың тапсырмасы: Сүт тағамына байланысты ырымдар мен тыйымдар. «Жерге төгілген ақты басуға болмайды, егер төгілсе ол жерге тұз себеді», «Сүтті, қымызды үрлеп ішпейді, майлылығы азаяды»

4 асықтың тапсырмасы: Ыдысқа байланысты ырымдар мен тыйымдар.
«Қонаққа сынық кесемен шай құюға болмайды», «Ас ішкен ыдысты төңкеріп қоюға болмайды», «Тағам салынған ыдыстың бетін ашық қалдыруға болмайды» т. б.
Жұмыс барысы түсіндіріледі: Ендеше қазір біздің бейнелейтін суретіміз торсық. Суретін көрсету. Торсық суретінің салу жолы түсіндіріледі.
- Трафареттің көмегімен бастырамыз. Ақ парақты тігінен қойып, сол қолымызбен трафаретті басып отырып, қарындашпен жиектеп жүргіземіз.
Торсықтың ішіне ботакөз оюын саламыз. (ою суреті көрсетіледі)
«Ботакөз» оюы ботаның көзіндей мөлдіреген, геометриялық пішінде ромбқа ұқсас пішін. Жеңіл жағыс түрін пайдалану. Салған суретіміз әдемі, таза болу керек. Енді, балалар шаршаған боларсыңдар, бой сергітіп алайық.
Орнымыздан тұрайық
Қолымызды созайық
Оңға қарай иіліп
Солға қарай иіліп
Белімізді жазайық
Айналаға қарайық
Біз тынығып алайық
Әсем сурет салайық

- Балалар саппен жүріп сурет сабағына отырады. Осы кезде «Ата толғауы» күйі орындалып тұрады. Балалар жұмысқа кіріседі. Сурет салып болған соң балалар, әр бала өз суреті жайлы сөйлейді. Мысалы: Ұшақ суретін салып, аспанға ұшар едім. Аттың суретін салып, алысқа атпен шабар едім деген сияқты. т. б.
- Суретке қандай түс пайдаландың?
- Сурет саған несімен ұнайды?
- Бұдан басқа қандай сурет салар едің?
- Сендерге сурет салған ұнай ма? т. б

Қорытындылау: Балалар тостаған, торсық деген сөзде бірінші қандай дыбыс естіліп тұр? (Т –дыбысы) Дауысты ма, дауыссыз ба екенін ажыратады, Т –дыбысына байланысты сөздер келтіреді.
Дидактикалық ойын: «Өрнектерді кім тез тауып айтады»?
21 599
0
  • 100
2 дауыс


Жаңалықтар
Сиқырлы сандық
Сиқырлы сандық
Геометриялық пішіндер, көлемдер туралы білімдерін тереңдету, аттарын айтып, түстерін ажырата білуін жаттықтыру.
Жемістер
Жемістер
Жемістер суретін сала отырып, түстерді дұрыс таңдай білуге қалыптастыру. Ойлауға, елестетуге, қиялдауға дағдыландыру. Әдемілікке, әсемдікке, әдептілікке тәрбиелеу.
Қонақтарды күтеміз. Буынға бөлу
Қонақтарды күтеміз. Буынға бөлу
Заттарды топтастыра суреттеуге үйрету (ыдыстар: ас үйлік, асханалық). Сөздік қорды жаңа сөздермен байыту, олардың атқару қызметтік ұғындыру.
Балабақшаға арналған сабақ топтамасы
Балабақшаға арналған сабақ топтамасы
Павлодар қаласы, №126 сәбилер балабақшасының қазақ тілі мұғалімі Айман Айтмухаммедовна Тукенова
Торсық пен табақты бейнелеу
Торсық пен табақты бейнелеу
Оқушыларға торсық пен табақ туралы түсінік беру. Қағаз бетіне дұрыс үйлестіруді үйрету. Бояу арқылы түстік шешімін табуды меңгерту. Әдемі әсем бейнелеуге баулу.
Үйрек балапанының мүсіні
Үйрек балапанының мүсіні
Қарағанды қаласының № 42 «Тілек» балабақша тәрбиеші –педагогы Сакенова Калкен Сериковна
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×