Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Үй жануарлары

01 ақпан 2018, Бейсенбі
Категориясы: Бала-бақша
Технологиялық карта
Білім беру саласы: Коммуникация
Ұйымдастырылған оқу қызметі: Сөйлеуді дамыту
Тақырыбы: Үй жануарлары
Мақсаты: Балаларды үй жануарларымен таныстырып, олардың аттарын дұрыс атап, төлдерін ажырата білуге үйрету. Үй жануарларына қамқорлық жасай білуге тәрбиелеу. Үй жануарларының қалай дыбыстайтынын, қай жануардың дыбысы екенін ажырата білуге жаттықтыру. Олардың пайдасы туралы мағлұмат беру. Өз ойларын еркін айтуға дағдыландыру.
Қолданылатын көрнекі құралдар: Слайд, үй жануарларының суреті, сандықша, асықтар.
Әдіс - тәсілдері: Үй жануарлары туралы түсіндіру, жұмбақтар, мақал - мәтелдер айту.

Мотивациялық қозғаушылық
Жылулық шеңбері
Амансың ба, Алтын күн!
Амансың ба, Жер ана!
Амансың ба, достарым,
Сендерді көрсем қуанам!
Сәлеметсіздер ме қонақтар!
- Балалар қазір жылдың қай мезгілі?
- Күзде неше ай бар?
- Қазір қай ай?
- Кім турлы тақпақ айтады?

Ұйымдастырушылық – ізденушілік
Ғажайып сәт: Алтын сандық.
Балалар бізге бір адам сандықша тастап кетіпті, қандай керемет.
- Балалар сандықты ашып көреміз бе?
Балалар сандықта көптеген заттар бар екен, мен бұл сандықты кімнің жібергенін білу үшін мына хатты оқиын.
Хат
Сәлеметсіздер ме, балалар! Мен бағбан атаймын, мен сендерге арнап асықтар беріп жібердім. Әр асықта тапсырма бар, сол тапсырманы орындасаңдар сендер ге арналған сыйлығым бар! Сендерге сәттілік тілеймін.
- Балалар ендеше Бағбан атайдың тапсырмаларын орындаймыз ба?

1 - тапсырма:
Жұмбақтар шешу.
1. Төрт бұлағы сүт, өзі күшті, мүйізі мықты, шайнаңдағаны сағыз.
2. Қамыс құлақ, тостаған тұяқ, мінсең қанат, сүті дәрі, еті тамақ.
3. Кішкентай ғана бойы бар,
Айналдырып киген тоны бар.
4. Жарға шығып ойнайды, ойынға бір тоймайды,
Болса - дағы сақалы, секеңдеуді қоймайды.
5. Кездесті бір жануар, үстінде екі тауы бар.

Атырау облысы, Жылыой ауданы,
Құлсары қаласы, № 19 жалпы орта білім беретін мектептің
шағын орталық тәрбиешісі Уалиева Лаура Мәлікқызы

Үй жануарлары. жүктеу
2 397
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Үй жануарлары және төлдері
Үй жануарлары және төлдері
Үй жануарларымен таныстыру оларды атау және тану. Үй жануарларының төлдерін атау, жануарлардың дауыстары жазылған үнтаспаны тыңдату. Жануарларға қамқорлық жасау керектігін түсіндіру және сұрақ жауап арқылы тіл байлығын дамыту.
Үй жануарлары
Үй жануарлары
Балаларды үй жануарларымен таныстырып, олардың аттарын дұрыс атап, төлдерінің дыбыстарын ажырата білуге үйрету.
Үй жануарларлары және төлдері
Үй жануарларлары және төлдері
Үй жануарлары мен таныстыру. Жануарлардың дауыстары жазылған үнтаспаны тыңдату арқылы үй жануарларының төлдерін ата сұрағына жауап беруге үйрету. Жануарларға қамқорлық жасау керектігін түсіндіру.
Үй жануарлары
Үй жануарлары
Балаларға үй жануарларының неліктен үй жануарлары деп аталуын түсіндіру. Олардың аттарын дұрыс атап, төлдерінің дыбыстарын ажырата білуге үйрету.
Үй жануарлары
Үй жануарлары
Атырау облысы, Жылыой ауданы, Құлсары қаласы, №21 жалпы негізгі білім беретін мектептің мектепалды даярлық сынып тәрбиешісі Иксангалиева Жұмабике Өтегенқызы
Үй жануарлары
Үй жануарлары
Шығыс Қазақстан Облысы, Аягөз қаласы, «№4 ЖОББМ» КММ мектебі/мекемесі «Балақай» тобының тәрбиешісі Жумашова Дариға Аскеновна
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×