Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Қуыршақ қонаққа келді, Тостаған

25 қаңтар 2017, Сәрсенбі
Категориясы: Бала-бақша
«Қуыршақ қонаққа келді», «Тостаған».
Кіріктіріліп ұйымдастырылған ашық оқу іс – әрекеті.
Кіріктірілген білім беру саласы: «Қатынас», «Шығармашылық».
Кіріктіріліп ұйымдастырылған оқу іс - әрекеті: Сөйлеуді дамыту, сурет салу.
Мақсаты: Балаларға тағамдар мен ыдыстардың аттарын үйрету, оларды ажыратуға жаттықтыру. Ыдыстың не үшін керек екенін түсіндіру.
Міндеті: Балалардың қазақтың ою - өрнектері туралы түсініктерін қалыптастыру. Шығармашылық қасиеттерін дамыту. Тазалыққа, салт дәстүрді құрметтеуге тәрбиелеу. Қонақ күту ережелерімен таныстыру. Балаларға ойын ойнатып, өлең жаттату арқылы ой - өрісін дамыту. Сөздік қорын молайту. Балалардың бейнелеу өнеріне деген қызығушылығын арттыру, заттардың пішіні, олардың құрылымы, өрнек элементтерінің орналасуына көңіл бөлуді үйрету. Балаларды адамгершілікке, достыққа, қонақжайлылыққа тәрбиелеу.
Әдіс - тәсілдер: Әңгімелеу, көрсету, түсіндіру, ғажайып сәт, дидактикалық ойын, тақпақ, тақтамен жұмыс, слайд, сурет салу, сұрақ – жауап, қорытындылау.
Көрнекіліктер: Слайд, қуыршақ, ыдыстар.
Қажет құралдар: акварель, ақ қағаз, сүлгі,
Сөздік жұмыс: Қонақ, ыдыс, тостаған.

Билингвальды компонент: Қонақ - гость, ыдыс – посуда.
Шаттық шеңбер:
Қуанамын менде,
Қуанасың сенде.
Қуанамыз достарым,
Арайлап атқан күнге!
Балалар тәрбиешімен бірге қимыл жасап шаттық шеңберін орындайды.
- Балалар қазір жылдың қай мезгілі?
- Күн қандай болады?
- Дұрыс айтасыңдар.
- Балалар, біреу есік қағып тұрған сияқты қарайыншы.

Ғажайып сәт:
Тәрбиеші қонаққа қуыршақ Әсем келгенін айтады.
- Балалар, біз – қазақ халқы қонақжай халықпыз. Халқымыз қонақты қарсы алу, шығарып салуға ерекше мән береді. Қонақты үй иесі қарсы алып, есікті өзі ашып, үйге енгізіп, соңынан өзі шығарып салады. Қуыршақ Әселге өзіміздің қонақжайлылығымызды көрсетейік.

Тәрбиеші балалармен әңгіме өткізеді.
Ыдыс – аяқ – күнделікті тамақты дайындап, ішіп жеу барысында пайдаланатын тұрмыстық заттар жиынтығы. Ыдыс – аяқты пайдалану жағдайына байланысты тамақ дайындайтын: кастрөлдер, табалар, қазан, ожау. Тамақ қабылдайтын: тәрелкелер, табақ, қасық, шанышқы, кесе, стақан,
және тамақ сақтауға арналған ыдыстар деп бөлінеді. Біз бүгін қуыршақ Әселге дастархан жаямыз.
Ол үшін алдымен мынадай жаңа сөздермен танысамыз.

Сұрақ – жауап:
- Мынау – шай шығаратын шайнек. Мынау – кішкентай қасық. Ол не үшін керек?
- Мынау - саптыаяқ. Онымен шай ішеміз.
- Дастарқан басында өзіңді қалай ұстауың керек?
- Кастрөл не үшін керек? Ал таба ше?
Тәрбиеші дастарқан жаю ретін көрсетеді, түсіндіреді.
- Дастарқанды жайып, үстіне дәмді әзірлеген тағамдарды қоямыз, содан кейін қасықтар мен шанышқыны қоямыз, шай ішетін ыдыстарды қоямыз.
Дидактикалық ойын: «Қуыршақты тамақтандырамыз»
- Қуыршақ Әсем сендерді «Қонақжай, сыпайы балалар екен», деп жатыр.
Ол сендерге риза болды.
- Қане, кім қуыршақ Әсемге арнап тақпақ айтады.

Аяулым:
Апам маған дүкеннен,
Бір қуыршақ әкелді.
Ерегіспес үлкенмен,
Мазақтамас бөпемді.
Ойнатамын оны мен,
Жылатпаймын түртіп те.
Ең жақсысы менімен
Таласпайды кәмпитке.

Нұрсұлтан:
Біздерде бар қуыршақ,
Бұзау, қозы, құлыншақ
Ойыншықтар тыңдайды,
Әмір беріп бұйырсақ.

Билингвальды компонент: Қонақ - гость, ыдыс – посуда.
Сөздік жұмыс: Қонақ, ыдыс, тағам.
Балалар тәрбиешімен бірге қайталап, сөздік жұмысты жаттап алады.
Сергіту сәті:
Аяқпенен топ – топ,
Ал қолменен хлоп – хлоп.
Бір оңға, бір солға,
Айналамыз кел мында.
Қолымызды сермейміз,
Басымызды шайқаймыз.
Бір оңға, бір солға,
Айналамыз кел мында.
- Ал, балалар, үйге келген қонаққа сыйлық беру керек. Біз қуыршаққа үйге барғанда сендерді есіне алып, сүт құйып ішетін ыдыс сыйлаймыз.
Слайд: ыдыстардың түрлері, олардың неден жасалғандығы туралы түсінік беру.
Сурет салу:
- Балалар, сүт, көже құйып ішуге тостаған ыдыс ыңғайлы. Сондықтан біз тостағанның суретін саламыз.
Балалар партаға жақындайды.
Тәрбиеші балаларға триз әдісі бойынша суретті әшекейлеуді көрсетеді.
Саусақты бояуға батырып, тостаған суретінің үстінен із қалдырып әшекейлейді.

Ойын: «Көлеңкесін тап»
Шарты: Балалар ыдыстардың көлеңкесін тауып орналастырады.
- Балалар біз қуыршақ Әсемге тостағанымызды сыйлаймыз. Қуыршақпен қоштасу.

Қортындылау: Балалардан жауап алу.
- Балалар бізге бүгін кім келді?
- Әсемге не бердік?
- Дастарханға не қойдық?
- Қандай ыдыстар?
- Әсемге не сыйладық?
- Тостаған ыдысы неден жасалады?
- Жарайсыңдар балалар!
Тәрбиеші жақсы қатысқан балаларды мадақтайды.

Атырау қаласы,
№25 «Еркемай» балабақшасы
Мажиева Динара Бауыржанқызы
12 136
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Ғажайып қалта (дидактикалық ойын) Тілдің дыбыстық мәдениеті.
Ғажайып қалта (дидактикалық ойын) Тілдің дыбыстық мәдениеті.
Диалогтік сөйлеуде сөздерді дұрыс, анық айтуға, сұраулы сөйлемдерді дауыс интонациясын сақтап, дұрыс айтуға жаттықтыру.
Қызанақ
Қызанақ
Үлгіге сүйене отырып, дайын пішіндерден бейнелерді сала білуге үйрету. Сурет салу арқылы саусақ моторикаларын дамыту: Бейнелеу техникасы дағдылары мен біліктерін дамыту.
Қуыршақ, бізге қонаққа келді
Қуыршақ, бізге қонаққа келді
Үлгі бойынша балалардың ойыншықтарды сипаттай білуі білігін жетілдіру, өз ойын еркін жеткізуге, жаңа сөздерді меңгертуге баулу. Эстетикалық талғамын арттыру. Балаларды ойыншықтарды ұқыпты, таза ұстауға баулу. Бірін - бірі сыйлауға, кішіпейілділікке
Тостаған
Тостаған
Балаларды қағазбен жұмыс жасауға үйрету, олардың пішінін, көлемін ажырата алуға дағдыландыру. Сөздік жұмыс: Тостаған. Әдіс тәсілдер: Түсіндіру, көрсету, әңгімелесу, сұрақ - жауаптар, ғажайып сәт, дидактикалық ойын, слайд.
Сүйікті ойыншықтар
Сүйікті ойыншықтар
Сүйікті ойыншықтары туралы әңгіме құрауға үйрету. Ойыншықтардың атын, түсін және қандай заттан жасалғанын, жекеше, көпше атауларын білуге үйрету.
Тазалық достары. Әдемі сүлгі (қарындашпен өрнек салу)
Тазалық достары. Әдемі сүлгі (қарындашпен өрнек салу)
Сөйлеудің дыбыстық мәдениетін қалыптастыру және дыбыс аппаратын дамыту, суретке деген қызығушылығын ояту
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×