Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Шұбар тауық (театрландырылған ойын)

09 қаңтар 2018, Сейсенбі
Категориясы: Бала-бақша
Білім беру саласы: Коммуникация, Əлеумет, Таным
Бөлімі: Драма
Тақырыбы: Шұбар тауық (театрландырылған ойын)
Мақсаты: театрландырылған қойылым арқылы балалар тілін дамыту, сөздік қорын молайту, ауызша сөйлегенде дыбыстарды анық айтуға үйрету, кейіпкерлердің іс - əрекеті мен дауыс ырғақтарын сəйкестендіре дұрыс сөйлеуге баулу, ертегі барысын, мазмұнын ұғынуға, рөлдерді түсініп ойнауға үйрету, адамгершілікке, қайырымды болуға баулу.
Алдын ала жұмыс: «Шұбар тауық» ертегісін оқу, балалардың жас ерекшеліктеріне байланысты материалдарды жинақтау, қойылымдарға керекті көрнекіліктер мен құрал - жабдықтарды дайындау (перде, атрибуттар, костюмдер), театр орнын безендіру.
Қолданылатын көрнекі құралдар: Ерден атай, Айару (ойыншықтар), атрибуттар, костюмдер, суреттер, əліппе - дəптер.
Сөздік жұмыс: шұбар.
Билингвальді компонент: тауық - курица, жұмыртқа - яйцо.

Мотивациялық - қозғаушылық
Шаттық шеңбері. Педагог: Балалар, Айару бізді «Келіңдер, танысайық!» ойынына
шақырады. Бір - біріңе қараңдар. Əдемі күліп, əркім өзінің атын айтып, амандасыңдар. Өзін таныстырған бала ерекше амандасып,
əртістерше басын иеді. Балалар қолшапалақтап қошеметтейді.

Ұйымдастырушылық - ізденістік
Педагог: Балалар, бүгін көңіл күйлерің қандай?
Ойын: «Менің айнам».
Екі - екіден жұптасып тұрады. Біріншісі айна болады. Екінші бала айнаға қарап, мынасөздерді айтады
- Айнам менің, шындықты айтшы, менің көңіл күйім қандай?
Айна көңіл күйді білдіретін
Балалар екі - екіден жұптасып тұрады. Ым - ишара арқылы түрлі бейнелерді
Көрсетеді. Әртүрлі бейне көрсету керек.
Айнаның көрсеткен бейнесін бала қайталайды.
- Балалар, біз бүгін өзімізді басқаша сезінейік. Өзгеше құбылысқа енейік. Мысалы, ертегідегі ханзада мен ханшайымдай, ғажайып əлемдегі
сиқыршыдай, сөйлейтін құстармен аңдар сияқты. Алдымен даусымызды жаттықтырайық.
1 - тапсырма. Дыбыстарды əртүрлі екпінде айт.
Жел тұрды – с - с - с - с - с
Жапырақтар ұшты – ш - ш - ш - ш - ш
Ара ұшты – ж - ж - ж - ж - ж
Маса шықты – з - з - з - з - з
Ойын: «Мен өзгешемін».
- Мен ертегі ханшайымы боламын. Аяқты көтеріп, денені тік ұстап, сымбатты жүру.
- Енді мен ханзада боламын. Аттың үстінде денені тік ұстап отыру.
- Мен саяхатшымын. Алысқа дүрбімен қарау.
Жарайсыңдар, тапсырмаларды дұрыс орындадыңдар. Олардың тілінде сөйлеу үшін даусымыздыжаттықтырайық.
- Балалар, біз шынымен ертегі əлемінде жүргендей болдық.
Ертегі кейіпкерлерінің қимылын, жүрісін көрсете білдік.
Ал бүгін «Шұбар тауық»ертегісін еске алайық.
Сөздік жұмыс: шұбар.
Билингвальді компонент:
Балалар педагог тапсырмаларын қайталап, аяқтың ұшына көтеріліп жүреді.
Ханзада сияқты жүреді. Дүрбі ұстағандай жан - жағына қарайды.
Балалар жаттығуларды қайталайды. Ертегінің мазмұнын еске түсіреді.
тауық – курица жұмыртқа – яйцо
2 - тапсырма. Ым - ишара арқылы көрсет.
- Ата мен əже алтын жұмыртқаны көргенде қалай таңғалды?
- Алтын жұмыртқа жарылып қалғанда қалай ренжіді?
- Кəдімгі жұмыртқаны көргенде не істеді?
3 - тапсырма. Ата - анаңмен бірге тауық бетпердесін жаса.
Педагог «Шұбар тауық» ертегісін сахналайтындарын айтады.
Алдын ала безендірілген сахна алаңына шақырады.
Қоржынынан театр костюмдерін шығарады.
Сөздерді қайталайдыТапсырманы орындайды.
Қандай көңіл күйді бейнелеп тұрғанын айтады. Балалар ертегіні
сахналау үшін сиқырлы қоржыннан текшелер таңдап алады. Текшедегі кейіпкерлердің суретіне қарап рөлдерге бөлінеді.

Рефлексиялық - түзетушілік
Педагог қорытынды жасайды.
- Қойылым барысында қиындықтар туындады ма?
- Саған қай кейіпкерді сомдаған ұнайды?
Ерден атай балаларға өздерінің оқу қызметіндегі жұмысы бағалауын ұсынады.
1. Ұнады - жасыл қоржынды таңдайды.
2. Ұнамады - қызыл қоржынды таңдайды.
Сұрақтарға жауап береді.
Əр бала өзі ойнаған кейіпкерлерінің іс - əрекеті жайлы әңгімелейді. Алған əсерлерін көрсетеді.

Күтілетін нəтиже:
жасайды: ертегідегі кейіпкерлердің сөз мəнерін, қимыл - қозғалысын ойнап келтіреді;
түсінеді: қамқорлық жасау, құрметтеу жəне мейірімді, кішіпейіл болуды;
қолданады: серігімен əңгімелесу кезінде түрлі дауыс күшін қолданады.

ШҚО, Аягөз ауданы,
Ақтоғай кенті №3 Ақтоғай бала бақша - бөбекжайы
Тәрбиеші: Рузьева Гулнур Курманжанкызы
6 116
0
  • 100
1 дауыс


Жаңалықтар
Шұбар тауық
Шұбар тауық
Баяғыда бір әжей мен атай күнін әзер көріпті. Олардың жалғыз шұбар тауығы болыпты. Тауық бір күні алтын жұмыртқа тауыпты. Атай жұмыртқаны жерге ұрыпты, бірақ әлгі жұмыртқаны жара алмапты, әжей де ұрып – ұрып жара алмапты.
Күнді іздеген достар (сахналау)
Күнді іздеген достар (сахналау)
Ертегі туралы түсініктерін бекіте отырып сахналау, кейіпкерлер атрибуттары арқылы іс - əрекеттерін, əсерлі көңіл күйлерін білдіре сезіндіріп көрсету, рөлдерін дұрыс орындауын қадағалау, ертегідегі кейіпкерлердің сөз мəнерін, қимыл - қозғалысын
Түлкі мен тырна
Түлкі мен тырна
Қуыршақ театры жəне оған қолданылатын қажетті құралдарды қалай пайдалануын үйрету, сөздегі дыбыстарды анық, дұрыс айтуға, диалогпен сөйлесе білуге дағдыландыру, адамгершілікке, достық қарым - қатынасты бағалай білуге, шығармашылыққа тəрбиелеу.
Үйшік (театрландырылған ойын)
Үйшік (театрландырылған ойын)
Ертегінің мазмұнын түсіндіру арқылы сөздік қорын, сөйлеу мәдениетін, ойлау қабілетін дамыту, сахналау барысында жағымды - жағымсыз кейіпкерлердің бейнесіне еніп, олардың мінез - құлқын келтіру, түрлі дауыс күшін қолдана білуді жетілдіру, үйлесімді
Театр əлемінде
Театр əлемінде
Балаларға театр туралы түсінік беру, қуыршақ театрының түрлерімен таныстыру; балалардың өз ойын айта білуге үйрету, театрландырылған ойындарға оң көзқарастарын, басқалардың пікірін тыңдай білу дағдыларын қалыптастыру; - театр өнеріне құрметпен
Шұбар тауық
Шұбар тауық
Ақтөбе қаласы, №13 "Бөбек" мектепке дейінгі ұйым тәрбиешісі Мырзабаева Анаргүл Есмаганбетовна
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×