Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Үйшік (театрландырылған ойын)

08 қаңтар 2018, Дүйсенбі
Категориясы: Бала-бақша
Білім беру саласы: Коммуникация, Əлеумет, Шығармашылық
Бөлімі: Драма
Тақырыбы: Үйшік (театрландырылған ойын)
Мақсаты: ертегінің мазмұнын түсіндіру арқылы сөздік қорын, сөйлеу мәдениетін, ойлау қабілетін дамыту, сахналау барысында жағымды - жағымсыз кейіпкерлердің бейнесіне еніп, олардың мінез - құлқын келтіру, түрлі дауыс күшін қолдана білуді жетілдіру, үйлесімді қимылды дамыту, кейіпкердің ерекшеліктерін беру үшін мəнерлілік құралдарын қолдану; балаларды достыққа, татулыққа тәрбиелеу. Алдын ала жұмыс: «Үйшік» ертегісін оқу, кейіпкерлердің атрибуттарын дайындау, тіл ұстарту жаттығуларын қайталау.
Қолданылатын көрнекі құралдар: Ерден атай, Айару (ойыншықтар), атрибуттар, ертегі суреттері, əліппе - дəптер.
Сөздік жұмыс: үйшік, алаңқайда.
Билингвальді компонент: тышқан – мышь, құрбақа – лягушка, қоян – заяц, түлкі – лиса, аю – медведь.

ҰОҚ кезеңдері
Педагогтің басқару іс - əрекеті Балалардың іс - əрекеті
Мотивациялық - қозғаушылық
Педагог балаларды шаттық шеңберіне жинайды. Балалар, бізді Айару шаттық шеңберіне шақырады. Келіңдер, əуелі амандасып үйренейік. Күннің көзі ашылып, Көкке шуақ шашылып. Құтты қонақ келіпті, Төрімізге еніпті. Амандасу үлкенге Тəрбиенің басы ғой. Ал, қанекей, бəріміз, Сəлем дейік үлкенге: Сəлеметсіздер ме?

Ұйымдастырушылық – ізденістік: Балалар, қараңдаршы, Ерден атай мен Балалар Айару бізге сиқырлы қоржын алып келіпті. Ойын: «Сиқырлы қоржын». - Оның ішінде не бар екен? - Бұл қай аң? - Дұрыс айтасыңдар, бұл – түлкі. - Түлкі туралы қандай ертегі білесіңдер? - Түлкінің қимыл - əрекетін кім көрсете алады? Педагог қоржыннан бірнеше ойыншық аңдарды алып көрсетеді, олардың қимылын, жүрісін салуды ұсынады. - Балалар, тыңдаңдаршы, біреу жылап тұрған сияқты. Бұл кім болды екен? Педагог үстелдің астынан ойыншық бақаны алып шығады. - Бақа бізден көмек сұрап келіпті, шашылған суреттерден ертегі құрастырып беруді өтінеді.
Дидактикалық ойын: «Ертегі құрастыр». - Жарайсыңдар, сендер тапсырманы орындап, «Үйшік» ертегісін құрастырдыңдар. - Балалар, ертегі сендерге ұнады ма? - Ертегіде қандай кейіпкерлер кездесті? - Аю қандай себеппен үйшікті бұзды? - Достары оған не деді?

Сөздік жұмыс: үйшік, алаңқайда. Билингвальді компонент: тышқан - мышь, құрбақа - лягушка, қоян - заяц, түлкі - лиса, аю - медведь
Айарудың тапсырмалары. Əліппе - дəптермен жұмыс: 1 - тапсырма. Ертегіге берілген суретті қара. Өзіңе ұнаған кейіпкерді таңдап алып, бейнеле.
«Кім қалай жүреді?» этюдін ұсынады. Педагог балаларға ертегі кейіпкерлеріне айналып, аңдардың қозғалысы мен дауыстарын келтіруді ұсынады.

Сергіту сəті: «Бақалар» биі.
қоржынның ішіндегі аңдарды атайды. Түлкі Түлкі туралы білетін ертегілерді естеріне түсіреді. Түлкінің жүрісін көрсетеді. Қоян сияқты секіреді, аю, қасқырдың жүрісін салып көрсетеді. Балалар қол соғып қонақты қарсы алады. Қиылған суреттерден «Үйшік» ертегісін құрастырады. Педагогтің көмегімен сурет қиындыларын сəйкестендіреді. - Тышқан, қоян, аю, бақа. - Аю үлкен, қорбаңдап есіктен сыймай қалды. - Жаңадан үй тұрғызамыз деп келісті. Сөздерді қайталайды.
- Балалар, бақамен бірге би қимылдарын жасайық. Бақа, бақа, балпақ, (Бастарын ұстап, тізелерін бүгіп, алдыға қарай жүреді) Басың неге жалпақ? (Орындарында басын ұстап айналады) Темір - терсек көп киіп, (Бірінші қимылды қайталайды) Басым содан жалпақ. (Екінші қимылды қайталайды)
- Балалар!
Қойылымда ойнау үшін алдымен мəнерлі сөйлеуге жаттығайық.
Əліппе - дəптермен жұмыс: 2 - тапсырма. Тіл ұстарту жаттығуы: Ян - ян - ян, Ұзын құлақ қоян. Кі - кі - кі, Жылмыңдайды қу түлкі. Ыр - ыр - ыр, Көкжал қасқыр. Ю - ю - ю, Қорбаңдаған аю. Ін - ін - ін, Ағашта жүр тиін.
3 - тапсырма. «Ау - у, үйшікте кім бар?» деген сөзді ертегідегі кейіпкерлердің дауысына салып айт. Қай кейіпкер бірінші келді? Соңғы келген кім?
4 - тапсырма. Саған қандай үй ұнайды? Қиялыңдағы үйді сал.
Педагог бүгін «Үйшік» ертегісін сахналайтындарын хабарлайды. Қоржынынан театр баскиімдерін алады.
келтіреді: аю теңселіп жүреді, ырылдайды, түлкі құйрығын бұлғаңдатады, сөзді жіңішке дауыспен созып айтады, қоян секіреді, жылдам сөйлейді т. б. Қимылдарды орындайды. Балалар берілген сөзді түрлі дауыс күшімен, аюдың, қоянның, тышқанның дауысын келтіріп айтады (жуан дауыспен, жіңішке дауыспен). Балалар қызығушылық танытып, ойынға атсалысады. Үйдің суретін салып, оны бояйды. Текшедегі кейіпкерлердің суреттеріне қарап рөлдерге бөлінеді.

Рефлексиялық - түзетушілік
Педагог қорытынды жасайды. Балаларды марапаттайды. - Балалар, ертегіні сахналау барысында қиындықтар кездесті ме? Ерден атай балаларға өздерінің оқу қызметіндегі жұмысын бағалауды ұсынады. 1. Ұнады - жасыл қоржынды таңдайды. 2. Ұнамады - қызыл қоржынды таңдайды.
Сұрақтарға жауап береді. Өздерінің алған əсерлерін əңгімелейді. Алған əсерлерін қоржындарды таңдап білдіреді.

Күтілетін нәтижелер:
Жасайды: жан - жануарлардың дыбысын салып, қимыл - əрекеттерін қайталайды; Түсінеді: əр жануардың өзіне тəн ерекшеліктерін;
Қолданады: өз ойын айта алады, өзгелердің пікірін тыңдай біледі.

ШҚО, Аягөз ауданы,
Ақтоғай кенті №3 Ақтоғай бала бақша - бөбекжайы
Тәрбиеші: Рузьева Гулнур Курманжанкызы
9 259
0
  • 60
3 дауыс


Жаңалықтар
Үйшік
Үйшік
Алаңда бір үйшік тұр еді. Жертесер тышқан оны көріп қалды. - Неткен үйшік! Кімдікі бұл үйшік?
Ертегілер еліне саяхат
Ертегілер еліне саяхат
Ертегіні сахналау барысында кейіпкерлердің мінез - құлқын жеткізе білуге үйрету. Ертегідегі кейіпкерлердің сөз мәнерін, қимыл қозғалысын келтіріп ойнауға үйрету.
Шұбар тауық (театрландырылған ойын)
Шұбар тауық (театрландырылған ойын)
Театрландырылған қойылым арқылы балалар тілін дамыту, сөздік қорын молайту, ауызша сөйлегенде дыбыстарды анық айтуға үйрету, кейіпкерлердің іс - əрекеті мен дауыс ырғақтарын сəйкестендіре дұрыс сөйлеуге баулу, ертегі барысын, мазмұнын ұғынуға,
Қойшы, түлкі жəне аю (қуыршақ театры)
Қойшы, түлкі жəне аю (қуыршақ театры)
Үйлесімді қимылды дамыту, əртүрлі дауыс күшін қолдана отырып, кейіпкердің эмоциялық бейнесін бере білу, түрлі қуыршақтарды қолданып, олармен ойнау тəсілін игере білуді дамыту, кейіпкердің ерекшеліктерін беру үшін мəнерлілік құралдарын қолдану;
Мақтаншақ қоян ертегісі. Драма
Мақтаншақ қоян ертегісі. Драма
«Мақтаншақ қоян» ертегісі (киілмелі қуыршақ театры) Мақсаты: кейіпкерлердің ерекшеліктерін беру үшін, мəнерлілік құралдарын қолдана білу дағдыларын қалыптастыру, ертегінің мазмұнын түсініп, кейіпкерлерге мінездеме бере білуге үйрету, кейіпкерлердің
Үйшік – теремок – little house ертегі
Үйшік – теремок – little house ертегі
Балалардың ертегілер еліне деген қызығушылықтарын ояту, жан - жақты дамуына ықпал етіп, шығармашылық белсенділіктерін арттыру, үш тілде сөйлеуге үйрету. Ертегінің мазмұнын түсіндіру арқылы, сөздік қорын, сөйлеу мәдениетін, ойлау қабілетін дамыту.
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×