Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Түлкі мен тырна

08 қаңтар 2018, Дүйсенбі
Категориясы: Бала-бақша
Бөлімі: Драма
Тақырыбы: Түлкі мен тырна
Мақсаты: Қуыршақ театры жəне оған қолданылатын қажетті құралдарды қалай пайдалануын үйрету, сөздегі дыбыстарды анық, дұрыс айтуға, диалогпен сөйлесе білуге дағдыландыру, адамгершілікке, достық қарым - қатынасты бағалай білуге, шығармашылыққа тəрбиелеу.
Алдын ала жұмыс: «Түлкі мен тырна» ертегісін оқу.
Қолданылатын көрнекі құралдар: Ерден атай, Айару (ойыншықтар), қуыршақ театры, слайд.
Сөздік жұмыс: тырна.
Билингвальді компонент: түлкі – лиса, тырна – журавль.

Педагогтің басқару іс - əрекеті Балалардың іс - əрекеті
Мотивациялық - қозғаушылық
Шаттық шеңбері. Шеңбер болып тұрайық жылы жүзбен, Бізге келсін қуаныш нұр іздеген. Шуақ толған жанымыз, жүрегіміз, Үлгі алсын көрген жан мына бізден.
Тәрбиеші суретке түсірілген қуыршақ театры түрлерінен көрме (слайд) ұйымдастырады. Үстел үсті театрының түрлері: - дайын суреттерден қиылған (жұқа тақтай, қатырғықағаз, фланелограф, магнитті, дискідегі т. б.), тұғырға орнатылған қуыршақтар театры; - көлеңке театры; - көлемді ойыншықтар (ағаштан, пластмассадан, стақаннан, оригами т. б.) театры. Педагог əртүрлі театр туралы түсінік береді.
Балалар шеңберге тұрып, жылы жүзбен бір - біріне қарап, өлең жолдарын айтады.
Балалар суретке түсірілген жəне үстел үсті қуыршақ театры түрлерімен танысады.

Ұйымдастырушылық - ізденістік
Айарудың тапсырмалары. Əліппе - дəптермен жұмыс. 1 - тапсырма. Таныс бол. Көлеңке театрына қажетті заттар: перде, жарық түсіретін шам, жазық бейнелі суреттер. Айару: Көлеңке театрын пердедан шамның жарығын түсіре отырып, жазық бетте қиылған қуыршақтардың сұлбасы арқылы көрсетеді.
Тыңдайды.
Қуыршақ театрының бір түрі – саусақтармен бейне жасап, шамның жарығы арқылы пердеден көрсету. Ерден атай: Кел, тыңдайық ертегі, Естіген жанды елітеді. Талай ғажап оқиға Қызық сырын шертеді.
- Балалар, Ерден атайдың алып келген ертегісін тамашалайық. «Түлкі мен тырна» ертегісін естеріне түсіреді. Тірек сұрақтар арқылы ертегінің мазмұнын сұрау. Балаларға ертегіні көлеңке театры арқылы көрсетуді ұсыну. Корапшадан ертегі кейіпкерлері бейнеленген карточкалар жəне бос карточкалар таңдауға беріледі. Бос карточка алған балалар көрермен болады. Айару: Есіңде сақта, театр болған жерде көрермен де болады. Əліппе - дəптермен жұмыс. 2 - тапсырма. Жаңылтпашты жаңылыспай айт. Көп тырна, Көп тырна, Тыраулап тек Көп тұрма. Билингвальді компонент: түлкі – лиса тырна – журавль 3 - тапсырма. Түлкі мен тырнаның қалай тамақ ішкенін қайталап көрсет. - Қалай ойлайсың, түлкі мен
Қызығушылық білдіреді.
Ертегіні естеріне түсіріп айтады.
Балалар көлеңке театры арқылы ертегіні сахналайды.
Жаңылтпашты жылдам, қателеспей, дыбыстарды дұрыс, анық айтуға тырысады.
Қайталайды.
Түлкі мен тырнаның тамақ ішу эпизодын қайталап көрсетеді
тырнаның бір - біріне істегені дұрыс па? - Түлкі қандай аң? - Тырна қандай құс?
Тәрбиеші сұрақтарына жауап береді.

Рефлексиялық - түзетушілік
Тәрбиеші қорытынды жасайды, балаларды марапаттайды. - Балалар, қойылым сендерге ұнады ма? Ерден атай балаларға өздерінің оқу қызметіндегі жұмысын бағалауын ұсынады. 1. Ұнады - жасыл қоржынды таңдайды. 2. Ұнамады - қызыл қоржынды таңдайды.
Қорытынды сұрақтарға жауап береді. Тапсырманы орындайды.
Күтілетін нəтижелер:
Жасайды: ертегі кейіпкерлерінің қимыл - əрекеттерін қайталап көрсетеді; Түсінеді: қуыршақ театрының ерекшелігін.
Қолданады: дыбыстарды дұрыс, анық жеткізеді, кейіпкерлердің əрекеттеріне өздерінің көзқарастарын білдіреді.

ШҚО, Аягөз ауданы,
Ақтоғай кенті №3 Ақтоғай бала бақша - бөбекжайы
Тәрбиеші: Рузьева Гулнур Курманжанкызы
6 958
0
  • 100
1 дауыс


Жаңалықтар
Түлкі мен тырна
Түлкі мен тырна
Ерте, ерте, ертеде түлкі мен тырна дос болыпты. Түлкі бір күні тырнаны қонаққа шақырыпты. - Тырна, маған қонақ болып кет.
Қойшы, түлкі жəне аю (қуыршақ театры)
Қойшы, түлкі жəне аю (қуыршақ театры)
Үйлесімді қимылды дамыту, əртүрлі дауыс күшін қолдана отырып, кейіпкердің эмоциялық бейнесін бере білу, түрлі қуыршақтарды қолданып, олармен ойнау тəсілін игере білуді дамыту, кейіпкердің ерекшеліктерін беру үшін мəнерлілік құралдарын қолдану;
Ақылды лақ (қуыршақ театры)
Ақылды лақ (қуыршақ театры)
Әртүрлі дауыс күшін қолдана отырып, кейіпкердің бейнесін бере білуді, өз əрекетін серіктесінің əрекетімен сəйкестендіре отырып, түрлі ырғақта қозғалуды қалыптастыру, кейіпкердің ерекшеліктерін беру үшін мəнерлілік құралдарын қолдану; тапқырлыққа,
Мақтаншақ қоян ертегісі. Драма
Мақтаншақ қоян ертегісі. Драма
«Мақтаншақ қоян» ертегісі (киілмелі қуыршақ театры) Мақсаты: кейіпкерлердің ерекшеліктерін беру үшін, мəнерлілік құралдарын қолдана білу дағдыларын қалыптастыру, ертегінің мазмұнын түсініп, кейіпкерлерге мінездеме бере білуге үйрету, кейіпкерлердің
Театр əлемінде
Театр əлемінде
Балаларға театр туралы түсінік беру, қуыршақ театрының түрлерімен таныстыру; балалардың өз ойын айта білуге үйрету, театрландырылған ойындарға оң көзқарастарын, басқалардың пікірін тыңдай білу дағдыларын қалыптастыру; - театр өнеріне құрметпен
Түлкі мен тырна
Түлкі мен тырна
Ақтөбе обылысы, Ойыл ауданы, «Асанәлі»балабақшасы мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны тәрбиешісі Бекмұханова Жібек
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×