Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Үлгі бойынша санау

01 мам 2018, Сейсенбі
Категориясы: Бала-бақша
Тақырыбы: Үлгі бойынша санау. 1, 2, 3, 4, 5 цифрлары туралы өткенді пысықтау, цифрды санмен салыстыру. Алдымен, кейін ұғымдары. Шар, текше.
Мақсаты: Үлгі бойынша санауды және сонша зат шығаруды үйрету; екі топтағы заттарды салыстырып үйрену. Цифрды заттың санымен сәйестендіруді үйрету, алдымен, кейін ұғымдарын айыра білуге, оларды дұрыс қолдануға үйрету. Шар, текше геометриялық денелермен таныстыру.
Сәлеметсіздер ме? Балалар
Балалар амандасады
Шаттық шеңбер
1. Ал, балалар тұрайық
Үлкен шеңбер құрайық
Алдыменен бәріміз
Амандасып алайық
Үлкенге де сіз
Кішіге де сіз
Баршаңызға құрметпен
Бас иеміз біз
Балалар «Ертегілер әлеміне» саяхаттауға барғыларың келе ма?
Балалар жауабы: Әрине
Тәрбиеші: Кәне балалар олай болса көзімізді жұмамыз
1, 2, 3 Ертегілер әлеміне ұш
Көзімізді ашамыз
Ой балалар біз қайда келдік?
Балалар жауабы: «ертегілер әлеміне» саяхаттауға келдік
Тәрбиеші: Жарайды балалар бәріміз шеңбермен тұрып ары қарай серуендеп қайтайық
Балалар серуендеп келе жатып алдынан бір сүйкімді қыз кездеседі, қолында себет, үстінде әдемі көйлегі, басында қызыл телпегі бар
Балалар, бұл қай ертегінің кейіпкері?
Балалар жауабы: «Қызыл телпек»
Неге «Қызыл телпек»деп атаймыз
Балалар жауабы: Өйткені.....
Қызыл телпек: Сәлем, балалар мен сендерді көргеніме қуаныштымын!
Тәрбиеші: Сәлеметсіз бе Қызыл телпек бізде сені көргеніме қуаныштымын, қайда жол тарттың.
Қызыл телпек: Мен орманның арғы шетінде тұратын әжеме бара жатырмын, әжеме арнай анамның пісіріп берген тәтті тоқаш бар. Бірақ мен орманнан жалғыз өтуге қорқып тұрмын.
Тәрбиеші: Балалар қалай ойлайсыздар Қызыл телпек орманнан неге жалғыз өте алмай тұр?
Балалар жауабы: Себебі, орманда жабайы жануарлар көп болады Қасқыр жеп қоюы мүмкін
Қызыл телпек: Балалар сендер маған орманнан өтуге көмектесесіңдер ме?
Балалар жауабы: Әрине көмектесеміз
Тәрбиеші: Ендеше біз қызыл телпекпен бірге орманнан өтіп. әжесіне аман есен жетуіне көмектесейік. Кәне жолға шығайық
Алдынан екі жол кездеседі
Тәрбиеші: Ой балалар мында орманнан өтетін екі жол бар екен, қайсысын таңдаймыз?
Қай жолмен барсақ әженің үйрене тез жетеміз?
Балалар жауабы: Қысқа жолмен
1 тапсырма: Қысқа ұзын жол
2 тапсырма: Ой балалар мына алаңқайда әдемі гүлдер өсіп тұр екен, осы гүлдерден әжемізге барғанша теріп барайық. Бұл жай гүлдер емес ерекше екен, Бұл гүлде не берілген
Балалар жауабы;
Тәрбиеші: Сандар берілген санға байланысты көбелекті орнатамыз
Мысалы: 1 саны болса бір көбелекті орналастырамыз
3 тапсырма: Саяхаттап келе жатсақ алдымыздан бір ағашты кездестірдік
Ағашта 5 торғай ұшып барады 1 - 5 санды тура және кері санау
Музыка қосылады: (Қасқыр кездеседі)
; 4 тапсырма
Қасқыр: Ой бұл не деген көп бала, бәріңді жеп қарынымды тойдырып алсам ба екен?
Тәрбиеші: Жо - жоқ, қасқыр сен олай жасама, қайта сен бізбен бірге дос бол
Қасқыр: Менің көңіл күйім болмай тұр, қарным да аш, саңырауқұлақты теріп едім олда шашылып қалды.
Тәрбиеші: Балалар ендеше бәріміз бірге қасқырға көмектесейік, бұлар жай саңырауқұлақтар емес сияқты бұл саңырауқұлақтардың аяғында не берілген қарайықшы сан берілген екен Аяғы мен қалпағы ажырап қалыпты оларды біріктірейік
Мысалы: Саңырауқұлақтың аяғында бір саны тұрса қалпағында бір нүкте тұрса біріктіреміз
Қасқыр: Ой, балалар, сендер қандай ақылдысыңдар, менің көңілімді көтерер едіңдер, ендеше сендерді жолдарынан қалдырмайын, менде саңырауқұлақтарымды алып өз жөніме кетейін.
Тәрбиеші: Балалар біз қасқырдан құтылдық, ендеше бойымызды сергітіп алайық
Сергіту сәті:
1 дегенде тұрайық
2, 3, 4 алақанды ұрайық
Оң жаққа бұрылып,
Сол жаққа бұрылып
Бір отырып
Бір тұрып
Жүгіріп, жүгіріп алайық
5 дегенде асықпай
Орнымызды табайық
Балалар біздер Қызыл телпекті орманнан өткіздік, қасқырдан құтқардық, қызыл телпекті құр қол жібермейік әжесіне арнап тосын сый дайындаймыз.
Қызыл телпек сен бізбен бірге балабақшамызға жүр.
Кәне көзімізді жұмамыз
1, 2, 3 балабақшамызға ұшш
Тәрбиеші: Балалар алдымызда қандай мейрам келе жатыр?
Балалар жауабы: Аналар Әжелер мерекесі
Тәрбиеші: Ендеше бәріміз қызыл телпектің әжесіне арнап әдемі әшекей жасап берейік.
5 тапсырма: Шар, текшеден моншақ жасау

Қызыл телпек мына әшекей сенің әжеңе біздің балалардың жасаған сыйлығы. Әжеңе біздің балардан сәлем айта бар.
Қызыл телпек: Рахмет балалар сендерге сау болыңдар
Пысықтау:
1. Балалар сендер қайда бардыңдар?
Ертегілер еліне
2. Орманда кімді кездестірдіңдер?
Қызыл телпекті Қасқырды
3. Қызыл телпекке сендер көмек бердіңдер ме?
Әрние орманнан өтуге көмектестік
Тапсырмаларды орындадық
Қасқырға да көмектестік саңырауқұлақ жинап бердік
Жарайсыңдар балалар.
Ұ. ашық оқу қызметіне барлықтарымыз өте жақсы қатыстыңыздар. Барлықтарыңды мадақтаймын. Рахмет сіздерге
Ү. о. ашық оқу қызметі аяқталды
2 200
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Үлгі бойынша санау
Үлгі бойынша санау
Мақсаты: Үлгі бойынша санауға және дәл сондай заттар санын айтып білуге үйрету. Екі топтағы заттарды салыстыру. Кеше, бүгін, ертең түсініктерін айыра білу және осы сөздерді дұрыс қолдануға үйрету. Шар, текше сияқты геометриялық фигуралармен
Үлгі бойынша санау, сандарды салыстыру, 4 - 5; тәулік бөліктері, Сол жақта, ортасында, оң жақта
Үлгі бойынша санау, сандарды салыстыру, 4 - 5; тәулік бөліктері, Сол жақта, ортасында, оң жақта
Цифрды заттың санымен сәйкестендіруге үйрету; кеңістіктегі қарым қатынастар, заттың орналасқан орнын анықтау, және сөзбен атап көрсету (сол жақта, оң жақта жоғарыда, төменде, арасында).
Бауырсақ ертегісі
Бауырсақ ертегісі
Ертегі сахналау барысында кейіпкерлердің мінез - құлқын жеткізе білуге үйрету. Ертегідегі кейіпкерлердің сөз мәнерін, қимыл қозғалысын келтіріп ойнауға үйрету. Сөздерді анық айтуға, есте сақтау қабілетін дамыту.
5 цифры туралы өткенді бекіту, 4 - 5 сандарын салыстыру
5 цифры туралы өткенді бекіту, 4 - 5 сандарын салыстыру
Мақсаты: 5 көлеміндегі заттарды санау қабілетін нығайту; цифрды заттың санымен сәйкестендіруді үйрету; Айналадағы заттардың сұлбасынан геометриялық фигураларды көре білуге үйрету. Алдында, үстінде, астында, артында түсініктерін бекіту.
Цифр мен заттың сан арасындағы сәйкестікті табу. Сол жақта, оң жақта айыра білуге үйрету.
Цифр мен заттың сан арасындағы сәйкестікті табу. Сол жақта, оң жақта айыра білуге үйрету.
Цифрды заттың санымен сәйкестендіруді үйрету. Заттың орналасу ретіне қарай сөзбен баяндау қабілетін арттыру, оң мен солды айыра білуге қабілетін нығайту.
Cаны 3 - ке, 4 - ке тең заттарды салыстыру
Cаны 3 - ке, 4 - ке тең заттарды салыстыру
Cаны 3 - ке, 4 - ке тең заттарды салыстыру, заттарды санау, жыл мезгілдері (күз) оң жақта, сол жақта Мақсаты: 4 көлеміндегі заттарды санауға үйрету, үлгі бойынша санау, екі топтағы заттарды теңестіру, жыл мезгілдері (күз) туралы түсінігін нығайту,
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×