Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


5 цифры туралы өткенді бекіту, 4 - 5 сандарын салыстыру

29 сәуір 2018, Жексенбі
Категориясы: Бала-бақша
Тақырыбы: 5 цифры туралы өткенді бекіту, 4 - 5 сандарын салыстыру. Кеңістікте бағдарлау: алдында, үстінде, астында, артында.
Мақсаты: 5 көлеміндегі заттарды санау қабілетін нығайту; цифрды заттың санымен сәйкестендіруді үйрету; Айналадағы заттардың сұлбасынан геометриялық фигураларды көре білуге үйрету. Алдында, үстінде, астында, артында түсініктерін бекіту.

Шаттық шеңбері:
Қане, қане тұрайық,
Үлкен шеңбер құрайық.
Құрып болсақ шеңберді,
Алақанды ұрайық.
Біз ақылды баламыз,
Айтқан тілді аламыз.
Достарымды көргенде,
Қуана қарсы аламыз.
Балалар, сендер балапан арнасындағы мультфильмдерді көргенді жақсы көресіңдер ме? Ондағы қандай мультфильмді сүйіп көресіңдер? Олай болса, бүгін мен жұмысқа келе жатқанда, менің алдымнан екі сүйкімді бүлдіршін кездесті, олар кім екенін білгілерің келе ме? Ендеше мен сендерге жұмбақ жасырайын: Атасы мен әжесіне қонаққа барады, олардың сүйікті достары Ақтөс, ботақан ж\е көжек, олар кімдер?(Әли мен Айя)
Жарайсыңдар, балалар! Ендеше екеуін ортаға шақырайық.
- Сәлем балалар, қалайсыңдар? Біз сендерді көргенімізге қуаныштымыз. Балалар, бүгінгі күніміз қызықты өту үшін сендерді табиғат аясына серуенге шақырғымыз келіп тұр, бізбен бірге барасыңдар ма? (Әрине)
- Ендеше бәріміз шеңбермен кеттік.
Балалар келе жатқанда алдынан Әли мен Айяның досы, көжек кездеседі. Балалар, көжек нешінші болып кездесті?(Бірінші)
- Көжекті сипаттайықшы (Ақ, жұмсақ)
- Сәлеметсіңдер ме, балалар, сендерді көргеніме қуаныштымын. Балалар, сендер қайда жол тарттыңдар? Мен сендермен ойын ойнағым келіп тұр, «Сандарға сәйкес көжектердің үйшігін табу» (Музыка тоқтағанда әр бала қолындағы саны мен үйшіктің есігіндегі санға сәйкес өз үйшігін табу. Ойынды бірнеше рет қайталау. )
- Балалар, маған сендермен ойнаған ұнады, ендеше мені де өздеріңмен бірге алып кетіңдерші? (Жарайды)
Балалар көжекті естелікке суретке түсіріп алайықшы, жарайды ма?
- Балалар көжекті ертіп жолға шықты, келе жатса алдынан ботақан кездесті.
- Сәлем, балалар, қайда жол тарттыңдар?(Серуенге)
- Балалар, бізге көжек нешінші болып кездесті, ал ботақан ше?
- Балалар, сендер көңілді екенсіңдер, менің де сендер секілді ойнағанды жақсы көремін, бірақ ойнап болғасын ойыншықтарын жинағым келмейді, сендер маған көмектесесіңдер ме?(Әрине)
Тапсырма: Ойыншықтарды сөрелерге орналастыр -
Алма - жоғары
Ит - төменге
Доп - солға
Қуыршақты - оңға
Сұрақ қою: алма қай жерде тұр...
Рахмет, балалар, маған көмекетестіңдер, енді мен ойнап болғасын міндетті түрде ойыншықтарымды орындарына салып жинайтын боламын, мені де өздеріңмен бірге алып кетіңдерші? (Жарайды)
- Балалар ботақанды алып жолға шықты, келе жатса алдынан Ақтөс кездесті.
- Балалар, кәне есімізге түсірейікші көжек бірінші, ботақан екінші, ал Ақтөс нешінші?
- Сәлеметсіңдер ме балалар, жағдайларың қалай? Сендер ақылды екенсіңдер. Балалар, менің сүйікті асым қандай екенін білесіңдер ме?(сүйек)
- Дұрыс айтасыңдар, балалар. Қараңдаршы, менің сүйектерім шашылып жатыр, олар бір - біріне ұқсайды ма? Несімен ерекшеленеді? (Түсі ж\е пішінімен)
Ендеше маған қыздар бір себетке үшбұрышты геом пішіні бар сүйектерді жинап берсін, ал ұлдар екінші себетке дөңгелек геом пішіндес сүйектерді жинап берсін, ал мен кім шапшаң екенін қарап тұрамын, сосын санаймыз.
- Жарайсыңдар, балалар, сендер жылдам екенсіңдер, рахмет сендерге!
- Балалар, біз серуенде Әли мен Айяның барлық достарын кездестірдік, олармен қызықты ойындар ойнадық, ендеше достарымызға арнап «Санамақ» әнін бірге айтсақ қалай қарайсыңдар? (Жарайды)
- Балалар, біздің балабақшаға қайтатын уақытымыз болған сияқты, достарымызбен қоштасайық, жарайды ма? (Жарайды)
- Балалар қараңдаршы, алдымызда өзен ағып жатыр, одан қалай өтетінімізді ойластырайық, ұзын және қысқа жіптерді пайдалану арқылы.
- Балалар, бізді тобымызда тосын сый күтіп тұр. Бүгінгі керемет күннен естелік ретінде біз Әли мен Аяны суретін осы геометриялық пішіндерді пайдалану арқылы құрастырайық.
- Жарайсыңдар, балалар, сендерге серуендеген ұнады ма? Біз кімдермен бардық?
Бізге осы көңілді серуенде кімдерді кездестірдік?
Олай болса Әли мен Айяны өз еліне қайтарайық. Олардың бізге әкелген сыйлықтары бар екен.

Ақтөбе қаласы
№51 «Жарқын бала»МДҰ
Тәрбиеші: Сабитова Альмира Сабитовна
5 404
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
5 цифры туралы өткенді бекіту, 4 - 5 сандарын салыстыру. Заттың пішінін геометриялық фигуралармен сәйкестендіру
5 цифры туралы өткенді бекіту, 4 - 5 сандарын салыстыру. Заттың пішінін геометриялық фигуралармен сәйкестендіру
Балаларды заттарды саны бойынша салыстыруға (қанша, сонша, бірдей), санауға жаттықтыру, пішіндерді бір - бірінен ажыратуға үйрету. Заттарды кеңістікте орналасыуына қарай анықтап салыстыруға үйрету.
Кеңістікте бағдарлау
Кеңістікте бағдарлау
Заттардың орналасқан орнын ішінде, үстінде, астында, алдында, артында, жоғарыда, төменде, оң жақта, сол жақта т. б. Ұғымдар арқылы айта білуге үйрету. Танымдық қабілетін жетілдіру.
Таң, күн, кеш, түн (күнделікті жоспарлары топтамасы)
Таң, күн, кеш, түн (күнделікті жоспарлары топтамасы)
Тәулік бөліктеріне түсінік беру. 2 - 3 сандарын салыстыру, теңдік – теңсіздік таныс заттарды пішіні бойынша салыстыруды үйрету. (үлкен, азырақ, аз) Геометриялық пішіндер туралы (текше, шар, үшбұрыш) білімдерін бекіту.
Заттар тобын салыстыру
Заттар тобын салыстыру
балаларды заттарды салыстыруға үйрету. «Қаншалықты артық немесе кем?» деген сұраққа жауап бере алу.
Үлгі бойынша санау
Үлгі бойынша санау
Мақсаты: Үлгі бойынша санауды және сонша зат шығаруды үйрету; екі топтағы заттарды салыстырып үйрену. Цифрды заттың санымен сәйестендіруді үйрету, алдымен, кейін ұғымдарын айыра білуге, оларды дұрыс қолдануға үйрету. Шар, текше геометриялық
Қысқа мерзімді жоспар (Математика 1 - сынып)
Қысқа мерзімді жоспар (Математика 1 - сынып)
Математика оқулығы, А. Б. Акпаева, Л. А. Лебедева, В. В. Буровова.
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×