Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Ас - адамның арқауы

07 қыркүйек 2018, Жұма
Категориясы: Бала-бақша
Білім беру саласы: Қатынас
Ұйымдастырылған іс - әрекет: Тіл дамыту
Лексикалық тақырып: «Ас – адамның арқауы»
Оқу іс - әрекетінің тақырыбы: Азық - түліктер
Мақсаты: Балаларға азық – түлік туралы түсінік беру. Оларды танып білуге, атын атауға, дәмін, пішінін ажырата білуге үйрету. Азық – түлікті бүлдірмеуге, сүтті төкпеуге, нанды баспауға тәрбиелеу. Әрекеттерді орындап және орындалған әрекеттерді айтып нұсқауларды түсіну. Жағдайы бойынша жақын әрекеттерді ажырату (пісіру, қуыру)
Өткен шақтағы жекеше түрдегі етістіктерді ажырату. 2 сөзден тұратын фраза: зат есім+келісілген етістік:
Түзетушілік мақсаты: Баланың ойлау қабілетін дамыту, сөздік қорын молайту, ұсақ қол моторикасын жетілдіру. Бір - екі сөздермен сөйлем құрап, ауызекі сөйлеу тілін дамыту.
Көрнекілігі: азық - түлік бейнеленген суреттер, шынайы тағамдар
Әдіс – тәсілдері: түсіндіру, сұрақ - жауап, әңгімелеу
Сөздік жұмыс: пісіру, қуыру

Мотивациялық ынталандыруылық
Амандасу тренингі
Қайырлы таң көк аспан!
Қайырлы таң жер ана!
Қайырлы таң достарым!
Сендерді көрсем қуанамын!
Дөңгелене тұрып барлығы бірігіп қайталайды.
Шеңбер бойымен жүріп, тыныс жолдарына жаттығулар жасайды.
«Шар үру»
«Мақтаны ұшыру»

Ұйымдастырушылық ізденушілік
- Қазір жылдың қай мезгілі?
- Қыс айларын атаңдаршы?
- Қыс мезгілінің ерекшеліктері қандай?
Фонематикалық есту қабілетіне жұмыс
Аяздың, қар бетінде сықырлап жүрген адам жүрісінің дыбысын ажырату
Тіл жаттығуы
"Сағат", "Түтікше", "Тәтті тосап", "Ат шауып келеді", "Саңырауқұлақ", "Жылан"
Балалар, оқу іс – әрекетімізде «Ас – адамның арқауы» деген бұл тамақтану деген ұғымды білдіреді. Біз күнделікті тамақтанамыз.
Тамақтану – асқазанымызды, ағзамызды азық – түлікпен қамтамасыз ету. Азық – түліктерге нан, шұжық, секер, сүт, май, печенье, май, тұз, су, айран т. б жатады. Әрбір азық – түліктің бойында адам ағзасына қажетті дәрумендер болады. Азық – түліктер еттен, сүттен және ұннан жасалатын тағамдар болып бөлінеді. Адамның дені сау болу үшін дұрыс тамақтануы қажет.

Суретпен жұмыс.
Азық – түліктердің атауын атай отырып, олардың неден жасалғанын айтып түсіндіру.

Сергіту сәті.
Нан қиқымын шашпаңдар
Жерде жатса, баспаңдар
Теріп алып қастерлеп,
Торғайларға тастаңдар.
Ұсақ моторикасына жаттығу.
Ермексаздан нан бейнесін жасау.
Жұмбақ шешу
Өзі аппақ қардай
Шайға салсаң балдай
Аспан түстес сұйық
Әркім ішер құйып
Д/ о: "Бұл не?".
Суреттер көрсетіледі. Балалар суреттегі тағамдардың атауларын тауып, атап айтады.
Д/о: "Дәмінен тап!"
Балалардың көздерін жұмып, шынайы тағамдардың кішкене бөлігін бере отырып, бала аузына қандай тағам түскенін тауып айтады.
Ұсақ қол моторикасына жұмыс
Нан суретін салу

Рефлексифті түзетушілік
- Қазір жылдың қай мезгілі?
- Қыс айларын ата?
- Тағамдарға нелер жатады?
- Қандай тағамды ұнатасыңдар?
- Еттен қандай тағамдар дайындаймыз?
Бүгінгі оқу іс – әрекетіне жақсы қатыстыңыздар.
Жарайсыңдар! Рахмет!

Күтілетін нәтиже:
Білуі керек: Азық – түліктердің атауын білу
Түсінігі: тағамдарды бүлдірмеуге
Дағдысы: тамақты ұқыпты ішуге
7 959
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Азық – түлік – Продукты
Азық – түлік – Продукты
Жаңа сөздерді білу, ол сөздермен сөз тіркестерін, сөйлемдер құрастыра алу, сурет бойынша әңгіме құрастыра алу, мәтінді түсініп оқи алу, сұрақтарға жауап бере алу
Азық - түлік
Азық - түлік
Азық – түлік аттарын қазақша атай алуға, естеріне сақтауға жаттықтыру; қандай?. Сұрағына жауап беру дағдысын жетілдіру. Тағамды қадірлеуге тәрбиелеу.
Азық – түліктер. Дәрумендер.
Азық – түліктер. Дәрумендер.
Азық – түлік сапасын иісіне, дәміне, түсіне қарай ажырата білуге үйрету. Дәрумендер – табиғи қорғаушылар екенін ұғындыру, олардың пайдасы жайлы түсіндіру.
Азық – түліктер. Дәрумендер
Азық – түліктер. Дәрумендер
Азық – түлік сапасын иісіне, дәміне, түсіне қарай ажырата білуге үйрету. Дәрумендер – табиғи қорғаушылар екенін ұғындыру, олардың пайдасы жайлы түсіндіру.
Азық-түлік сатып аламыз
Азық-түлік сатып аламыз
Азық-түлік тағамдарын сатып алуға байланысты сөйлеу үлгілерін меңгерту. Азық - түлік тағамдарын сатып алудағы өздерінің іс - әрекеттерін баяндауға үйрету.
Азық - түліктер
Азық - түліктер
Астана қаласы №3 мектеп-гимназиясы Қазақ тілі мұғалімі Асанова Назира Куанышовна
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×