Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Азық - түліктер

01 сәуір 2015, Сәрсенбі
Категориясы: Бастауыш сынып
Сабақтың тақырыбы: «Азық - түліктер»
Мақсаты: Азық - түліктің қазақша атауларын біліп, сөздік қорлары молаяды.
Күтілетін нәтиже: Азық - түлік түрлерін ажырата алады.
Азық - түлік атауларын қазақша айта алады.
«Дүкенде» ойынын рөлде ойнай алады.
Топпен жұмыс жасай отырып, ынтымақтастық орнайды.
Тіл байлықтары дамиды. Балалар сұрақтарға жауап береді.
Міндеті:
Азық - түлік түрлерін танып білу.
Азық - түлік атауларын екі тілде айта алу.
«Дүкенде» ойынын рөлде ойнай білу.
Топпен жұмыс жасай білу.

Ұйымдастыру кезеңі
Тренинг.
Алма кетті домалап,
Көше бойын жағалап,
Кім алманы табады,
Сол бестік баға алады. 2 мин
Топқа бөлу
I топ. Азық - түліктер.
II топ Жемістер
III топ Көкөністер
Өзін – өзі бағалау парағын түсіндіріп үлестіру

Сабақтың барысы:
Психологиялық дайындық.
Мейірімді жүрекпен,
Ақпейілді тілекпен,
Амандасып алайық,
Бір жадырап қалайық! 1 минут
Үй тапсырмасын бекіту.
Жалғаулықтар
Жалғаулықтар сөздерді байланыстырып тұратын шылау түрі.
Екі сөзді бір - бірімен жалғастырып тұрады. 7мин
Мен, бен, пен жалғаулығын қойып, сөйлемдерді көшіріп жаз.
Мен жаз..... қысты ұнатамын. Дүкенде алма.... алмұрт сатылады. Анам шұжық пен қазы сатып алды. Сәуле.... Айман азық - түлік дүкеніне барды. Олар қаймақ.... сүт сатып алды.
Ой қозғау стратегиясы.
Анаң сенің базардан,
Алма сатып әкелді.
Ең үлкенін, жақсысын
Саған таңдап әперді.
Не деп барып жеу керек?
- Рақмет сізге,- деу керек?

Жаңа тақырып
«Дүкен» ойыны ойналады. 10 минут
- Сәлеметсіз бе?
- Сәлеметсіз бе!
- Не сатып аласыз?
- Мен нан, шай, айран аламын.
- Айран қанша тұрады?
- Бір литр айран 60 теңге тұрады.
- Міне, алыңыз.
- Нан қанша тұрады?
- Нан 30 теңге тұрады.
- Маған екі нан беріңізші?
- Міне, алыңыз.
- Рақмет, сау болыңыз!
- Сау болыңыз.

Сөздікпен жұмыс 5 минут

Мәтінмен жұмыс
Азық - түлік. 3 мин
Адамға азық - түлік өте қажет. Адам күніне үш рет тамақтанады. Азық - түлікте адамға қажетті витаминдер бар. Азық - түлік әр түрлі. Олар - сүт тағамдары, ет тағамдары, жеміс - жидектер, көкөністер.
Сергіту сәті Қане, қанат жазайық,
Қарлығаш боп, ұшайық,
Ұшып, ұшып алайық,
Орнымызға қонайық. 1минут
Топтық жұмыс 5 - тапсырма. Топқа бөліп жазу. 5 минут
Берілген сөздерді жалғаулықтар арқылы жалға.
Iтоп Сүт.... нан, айран... кәмпит, су.... шырын, шұжық..... сәбіз, алма.... жүзім, алмұрт..... шай, жұмыртқа.... ірімшік.
IIтоп 5 - тапсырма.
Маған.... керек. Маған..... нан керек. Маған..... керек. Саған..... керек. Саған..... керек. Саған..... керек.
Үлгі: Маған сүт керек.
III топ Сөйлемдер құрастыру.
Базарда, азық - түлік, дүкенде, сатылады. Тамақтану, күніне, үш рет қажет, адам. Адамға, күш, ас, береді. Азық - түлік, өте, қажет, адамға.

Тест 1. Сәйкестікті тап:
нан ---------- колбаса
май ---------- кефир
айран -------- сыр
шұжық ------ напиток
шай ---------- хлеб
қант -------- сок
ірімшік ----- масло
сусын ------ чай
шырын ----- сахар

2. Адамға........ азық - түлік керек.
А. Жазда В. Күнде
С. кеше Д. ертең
3. Адам күніне........... тамақтанады.
А. Үш рет
В. досымен
С. сыныпта
Д. Асханада
4. Май, айран, ірімшік............
А. Ет тағамдары
В. Сүт тағамдары
С. ұн тағамдары
Д. жемістер
5. Шұжық, қазы, қуырдақ...........
А. Ұн тағамдары
В. жидектер
С. ет тағамдары
Д. Сүт тағамдары
6. «Азық - түлік дүкені» сөзінің аудармасын тап.
А. Обувной
В. Продуктовый
С. мебельный
Д. Овошной
5 минут
Үй тапсырмасын беру 142 бет сөз жаттау, 4 - тапсырма мәтін мазмұндау.
Кері байланыс Сабақтан алған әсерлерін қағазға түсіру.

Бағалау:
Өзін - өзі бағалау
9 760
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Азық – түлік – Продукты
Азық – түлік – Продукты
Жаңа сөздерді білу, ол сөздермен сөз тіркестерін, сөйлемдер құрастыра алу, сурет бойынша әңгіме құрастыра алу, мәтінді түсініп оқи алу, сұрақтарға жауап бере алу
Азық – түліктер. Дәрумендер.
Азық – түліктер. Дәрумендер.
Азық – түлік сапасын иісіне, дәміне, түсіне қарай ажырата білуге үйрету. Дәрумендер – табиғи қорғаушылар екенін ұғындыру, олардың пайдасы жайлы түсіндіру.
Ас - адамның арқауы
Ас - адамның арқауы
Балаларға азық – түлік туралы түсінік беру. Оларды танып білуге, атын атауға, дәмін, пішінін ажырата білуге үйрету
Азық – түліктер. Дәрумендер
Азық – түліктер. Дәрумендер
Азық – түлік сапасын иісіне, дәміне, түсіне қарай ажырата білуге үйрету. Дәрумендер – табиғи қорғаушылар екенін ұғындыру, олардың пайдасы жайлы түсіндіру.
Азық-түлік сатып аламыз
Азық-түлік сатып аламыз
Азық-түлік тағамдарын сатып алуға байланысты сөйлеу үлгілерін меңгерту. Азық - түлік тағамдарын сатып алудағы өздерінің іс - әрекеттерін баяндауға үйрету.
Сүт тағамдары
Сүт тағамдары
«КММ №26 орта мектеп» Тогузова Динара Даулетканкызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×